6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»



бет44/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022
Протозология
Лабораториялық жұмыс 5
Тақырыбы: Кестелермен жұмыс. Кестелер арасында байланыс орнату


Деректер сызбасы деректер базасының логикалық құрылымын графикалық сипаттау құралы болып табылады, сондай-ақ деректерді өңдеу процесінде белсенді түрде қолданылады. Жүйе екі өзара байланысты кестелердің деректерін өңдеу қажеттілігінде деректер сызбасында анықталған байланыстарды автоматты түрде қолданады. Осылайша, қолданушыға жүйеге байланыстың бар екендігін арнайы хабарлап отырудың қажеттігі жоқ. Деректер сызбасында көрсетілген байланыстар жүйеде автоматты түрде қолданылады.
Деректер сызбасын құру көп кестелі формаларды, сұраныстарды, есептерді құруды жеңілдетеді, сонымен қатар, кестелерге түзету жасаған кезде өзара байланысты деректердің тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді.
Үнсіз келісім бойынша байланысты кестелердің байланыстың өріс мәндерімен сәйкес келетін жазбаларын біріктіру жүргізіледі. Екі кесте арасындағы байланысты орнату тек келесі жағдайларда мүмкін болады:

  • Байланысатын кестелерде бірдей типті деректері бар өрістер болады, өрістер аттары әр түрлі болуы мүмкін;

  • Екі кесте де Access-де бір деректер базасында сақталады.

Егер басты кесте бағынышты кестемен алғашқы қарапайым немесе құрама кілт бойынша (немесе уникальды индекс) байланысса, Access кестелер 1:М немесе 1:1 қатынасы бойынша тұрғандығын анықтайды. Мұндай қатынаста тұрған кестелер үшін деректер сызбасында деректердің байланыстылық тұтастығын қолдау параметрін орнатуға болады. Деректердің байланыстылық тұтастығын қамтамасыз ету - Access байланысқан кестелерде деректерді түзетуде келесі шарттардың сақталуына бақылау жүргізілетіндігін білдіреді:

  • Бағынышты кестеге басты кестеде жоқ жазбалардың қосылуы мүмкін емес;

  • Басты кестеден онымен байланысты бағынышты кестедегі жазбаны өшірмей, жазбаны өшіруге болмайды;

  • Басты кестенің жазбасында, егер бағынышты кестеде онымен байланысқан жазбалар болатын болса, байланыс кілті мәнін өзгерту мүмкін емес.

Егер байланыс үшін тұтастылықты қолдау қамтамасыз етілсе, келесі режимдерді беруге болады:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет