Сабақтың тақырыбы: Кестелер арасында байланыстар құру. Көп кестелі мәліметтер қорын құру Теориялық материал (дәріс)



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі112,64 Kb.
#131098
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5f7de4b1-ecf0-4d9f-8e17-59693c6fc713 (1)


Пәні: Компьютерлік техниканың бағдарламалық қамсыздандыруы мен операциялық жүйесі
Күні: 07.02.2022 жыл
Тобы: 275
Мамандығы: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Оқытушының ТАӘ: Сатканбаева Ж.Я.
Сабақтың тақырыбы: Кестелер арасында байланыстар құру. Көп кестелі мәліметтер қорын құру

Теориялық материал (дәріс)
Мәліметтер қоры көп кестелерден тұруы мүмкін; олардағы барлық мәліметтер толық пайдалана алатындай болуы үшін, кестелер арасында байланыс орнатылуы керек. Байланыс орнатылғаннан кейін қордағы кестелер бір кестедей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Байланыс сәйкес өрістер арқылы орнатылады. Көбінесе бір кестенің алғашқы кілтімен басқа кестенің оған сәйкес өрісі арасында орнатылады. Сәйкес өрістерде бірдей информация болады, бірақ олардың аттары бірдей болмауы мүмкін.
Қордың кестелері бір сызба бойынша байланысады (cурет 16). Егер ол сызбаны өзгерту керек болса, оны жойып, жаңа сызба құрастыру керек.

Кестелер арасындағы байланыстар
Кілттік өрістегі жазулар қайталанбайтын болуы тиіс; ондағы жазу тек бір жатық жолды ғана анықтайды. MS Access өзі кілттік өрісті құрастыра алады, мысалы Санауыш.
Кестелер арасындағы байланыстар мынадай типтерге жатуы мүмкін:
Бірде-бір”(1-1) қатысы. Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
Бірдің-көпке” (1-¥) қатысы.Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі көп жазбаға сәйкес екенін білдіреді. Мәліметтерді иерархиялық ұйымдастыру кезінде “Бірдің-көпке” қатысы ең ортағы болып табылады.
Көптің-бірге” (¥-1) қатысы. Бұл қатыс “бірдің-көпке” қатысына ұқсас. Мұнда бір кестедегі көп жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
Көптің-көпке” (¥-¥) қатысы. Аталмыш қатыс екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:
Өріс өлшемі - өрістердің максимальді өлшемін береді. Сондықтан деректерге өріс өлшемі төмендегідей болады:

  • байт – 0-ден 255-ке дейін бүтін сандар, сақтау кезінде 1 байт орын алады.

  • бүтін (целое) – -32768-ден 32767-ге дейінгі бүтін сандар, 2 байт орын алады.

  • Ұзын бүтін (длинное целое)- -2147483648-ден 2147483647-ге дейінгі бүтін сандар, 4 байт орын лады.

  • Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой) (4 байта) – «-3,4*1038-ден 3,4*1038-ге» дейінгі 6 таңбалы дәлдікке дейінгі сандар

  • Жылжымалы нүктелі (с плавающей точкой)(8 байта) – «-1,797*10308-ден 1,797*10308-ге» дейінгі 10 таңбалы дәлдікпен берілетін сандар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет