Лабораториялық жұмыс 9 Тақырыбы: Форма шеберімен жұмыс. Форма түрлері.
Көп кестелі формалар . Көп кестелі форма бірнеше кестелердің деректерімен жұмыс жасау үшін құрылады. Форма кесте, сонымен қатар сұраныс негізінде де құрыла алады. Көп кестелі форма негізгі форма мен бірнеше бағынышты формалардан тұруы мүмкін.
Форма шебері арқылы ПЛАН ПОСТАВОК бағынышты формасы бар ДОГОВОРЫ С ПОКУПАТЕЛЯМИ формасын құру керек.
Деректер қоры терезесінде Форма объектісін таңдап, Создать кнопкасын басыңыз. Новая форма терезесінде Мастер формтаңдаңыз және ДОГОВОР кестесін таңдаңыз.
Келесі ашылған Создание форм терезесінің Таблицы и запросы тізімінде таңдалған ДОГОВОР кестесі мен оның өрістері сипатталады. ДОГОВОР кестесінен барлық өрістерді алыңыз.
Осылайша Таблицы и запросытізімінен ПОКУПАТЕЛЬ, ПОСТАВКА_ПЛАН, ТОВАР кестелерін таңдап, керекті өрістерді таңдаңыз (37-сурет).
37-сурет. Форманың ішкі сызбасын құрайтын кестелерден өрістерді таңдаудағы форма шеберінің терезесі
Шебердің келесі сұхбатты терезесінде деректерді көрсету түрі таңдалады: ДОГОВОР кестесі негізгі кесте, ал қалғандары бағынышты кестелер болып табылады (38-сурет).
38-сурет. Деректерді көрсету түрін таңдау кезіндегі форма шеберінің терезесі
Келесі терезеде Ленточный форма түрін және Стандартный безендіру стилін таңдаңыз. Шебердің соңғы ашылған терезесінде құрама формаға ДОГОВОРЫ С ПОКУПАТЕЛЯМИ, ал бағынышты кестеге ПЛАН ПОСТАВОК атауын жазыңыз. Открыть форму для просмотра и ввода данных таңдаңыз. Форма шеберімен жұмысты аяқтау үшін Готово кнопкасын басыңыз.