40-сурет. Тізімді қалыптастыру тәсілін таңдау терезесі
Келесі терезеде өріс тізіміне мәндерін қоятын ПОКУПАТЕЛЬ кестесін таңдаңыз (41-сурет).
41-сурет. Тізімді қалыптастыру үшін деректер көздерін таңдау терезесі
Одан кейін тізім жазбаларында код пен атауын бейнелеу үшін КОД_ПОК кілттік өрісі мен НАИМ_ПОК өрісін таңдаңыз (42-сурет).
42-сурет. Тізім жазбаларын қалыптастыру үшін өрістерді таңдау
Шебердің келесі ашылған терезесінде тізім бағаналары енін таңдаңыз (43-сурет).
43-сурет. Тізім бағандарын безендіруге арналған терезе
Одан кейін ПОКУПАТЕЛЬ байланысқан кестесінің кілті болып табылатын КОД_ПОК тізім өрісін таңдаңыз. Форма өрісіне енгізілетін мәндер осы өрістен алынады және ДОГОВОР кестесі жазбаларында сақталады (44-сурет).
44-сурет. Форма өрістері үшін мәндер көздері өрістерін таңдау терезесі
Келесі терезеде Сохранить в поле ауыстырып-қосқышын белгілеңіз және КОД_ПОК өрісін таңдаңыз (45-сурет).
45-сурет. Тізімнен мәндер енгізілетін форма өрістерін таңдау
Одан соң поле со списком элементіне Код покупателя атын жазыңыз (46-сурет).
46-сурет. Тізімі бар өрістің жазуларын анықтау
Готово кнопкасын басыңыз. Нәтижесінде КОД_ПОК тізімі бар өріс құрылады. Форма режимінде тізімі бар өріс төмендегідей қолданылады (47-сурет).
47-сурет. Тізімі бар өрісі бар форма
Тапсырма.
Бағынышты формада тауар коды үшін тізімі бар өріс құрыңыз.
Формадағы есептеулер
Формадағы есептеулер форманың әрбір жазбасында тәрізді, сонымен қатар қорытынды шамаларды қалыптастыру кезінде жазбалар топтары үшін де жүзеге аса алады. Есептеу шамалары форманың есептейтін өрістерінде ғана бейнеленеді. Деректер қоры кестесінде нәтижені сақтау үшін VBA-дегі процедура қолданыла алады.
ДОГОВОРЫ С ПОКУПАТЕЛЯМИ формасында бағынышты форманың әр қатары бойынша тапсырыс берілген тауар құны мәнін, сонымен қатар келісім-шартта тапсырыс берілген тауардың жалпы құнын есептеңіз.
бір жазбаның деректері бойынша есептеу жүргізу үшін бағынышты формада есептейтін өріс құрып, =КОЛ_ПОСТ*ЦЕНА өрнегін жазыңыз. Есептейтін өріс құру үшін форманы конструктор режимінде ашып, Поле кнопкасын бағынышты форма деректері қатарының соңына апарып орналастырыңыз.
Бағынышты форманың жазбалар топтары үшін қорытынды мәндерді есептеу үшін Поле кнопкасын қолдану арқылы =Sum(КОЛ_ПОСТ*ЦЕНА) өрнегін жазыңыз.
Форманың негізі бөлігінде есептеу нәтижесін сипаттау үшін есептейтін өріс құрып, келесі өрнекті жазыңыз: =[ПЛАН ПОСТАВОК].[Form]![Поле8]. Бұл өрнек бағынышты формадағы тауардың жалпы құнын сипаттайтын Поле8 басқару элементіне сілтеме болып табылады. Мұндай сілтеменің жалпы форматы мына түрде болады: =[Имя подчиненной формы].[Form]![Имя поля в подчиненной форме].
Бағынышты форманың ескерту облысындағы басқару элементтері форманы көру кезінде көрінбес үшін Вывод на экран қасиетінің мәнін Нет деп өзгертіңіз.
Форманы қарап шығу режиміне өтіп, есептеу нәтижелері дұрыс сипатталғанына көз жеткізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |