Күн/уақытты енгізу үшін күнтізбені қолдану
Күн/уақытты енгізуді автоматтандыру үшін формаға Календарь басқару элементін орналастыруға болады. Күнтізбеден таңдалған күн/уақыт форманың ДАТА_ДОГ өрісіне Дата/Время типті деректер ретінде беріле алады.
формаға күнтізбені қосу үшін Другие элементы элементтер панелі кнопкасы арқылы тізімді ашыңыз.
Тізім соңынан Элемент управления календарь 11.0 таңдаңыз және формада құрылатын элементтің рамкасын сызыңыз. Құрылған элемент рамкасында күнтізбе орналасады (48-сурет). Бұл элементті Вставка/Элемент ActiveX командасы арқылы да орындауға болады.
48-сурет. Формаға күнтізбенің орналасуы
Құрылған элементтің қасиетін ашыңыз және Данные қасиеті қатарына ДАТА_ДОГ өріс атын енгізіңіз (49-сурет).
49-сурет. Календарь элементінің қасиеті
Формамен жұмыс кезінде күн/уақытты енгізу немесе түзету енгізу үшін күнтізбеден керекті күнді белгілеп, ДАТА_ДОГ өрісін шерту керек.
Күнтізбе формада үнемі орналаспас үшін, ол үшін жеке бөлек, мысалы Календарь2 атауымен форма құрып, оны VBA-де оқиғаны өңдеу процедурасы арқылы ашыңыз.
ДОГОВОРЫ С ПОКУПАТЕЛЯМИ формасын ашу оқиғасына орай процедурамен байланыс үшін форманың қасиетін ашып, События бетінің Открытие қатарында Процедура обработки события мәнін таңдаңыз. Белгішені шерту арқылы VBA редакторын ашыңыз.
Форма модуліне Календарь2 формасын ашу процедурасын жазыңыз:
Private Sub Form_Open(Cancel As Integer)
‘ Открыть форму Календарь2
DoCmd.OpenForm "Календарь2"
‘ Метод Today делает текущей датой календаря сегодняшнюю дату
‘ Элемент управления календарь в форме имеет имя
‘ ЭлементActiveX2
Достарыңызбен бөлісу: |