6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша


Ақпалы ағындар. Тура таралатын ақпалар және оларды жіктеу



бет15/47
Дата19.10.2023
өлшемі6,17 Mb.
#186656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
6B08674- су ресурстары ж не суды пайдалану білім беру ба дарлама

Ақпалы ағындар. Тура таралатын ақпалар және оларды жіктеу
Ақпалы ағындар негізінен екіге бөлінеді, тура және бұралған болып. Тура ақпалар жылдамдықтың екі құрамымен сипатталады, өстік және радиалдық . Өстік жылдамдық радиалдық жылдамдықтан анағұрлым артық болады. Ал қысым ақпаның барлық жерінде, өзек сыртында да, бірдей болады. Бұралған ақпалар тура ақпалардан күрделірек, сондықтан жылдамдықтың үш құрамымен сипатталады. Олар: жанама (тангенциалды - ), радиалдық және өстік жылдамдықтар. Қысым ақпа көлемінің барлық нүктесінде, шамасы жағынан, айналасындағы орта қысымынан кем болады. Бұралған ақпаның көлденең қималарында және бойлық қималарда қысым градиенттері пайда болады. Енді ақпалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Тура таралатын ақпалардың ең қарапайымы - еркін ақпалар. Еркін ақпа деп қатты бетпен шектелмеген сұйықтың таралуын айтады. Еркін ақпалар әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі:
а) тарайтын ортасына байланысты: көмілген және көмілмеген еркін ақпалар.
Көмілген еркін ақпа деп ақпа да және оның таралатын ортасы да біртекті (тығыздығы бірдей) сұйықтар болғандағы құбылысты айтады. Мысалы, шелектегі суға ағып түсіп, тарап жатқан ақпа.
Көмілмеген еркін ақпа деп ауалы (газды) ортаға (тығыздығы кем) шапшып тұрған сұйықтың тарауын айтады. Мысалы, егін суғаратын жаңбырлатқыш құрылымдардан ағып шығып жатқан ақпа, өрт сөндіретін ақпа, фонтандардан, гидромониторлардан шығатын арынды ақпалар;
б) қатты беттермен шектелуіне қарай: шектелмеген, шектелген, жартылай шектелген ақпалар деп бөлінеді.
Қатты бетпен басқарылмайтын ақпаны шектелмеген еркін ақпа дейді. Еріксіз ақпалар қатты беттермен шектеліп, басқарылып тұрады. Мысалы, құбыр ішіндегі ақпа шектелген. Кейде ақпа бір жағынан шекетеледі. Оны жартылай шектелген ақпа дейді. Мысалы, жазық беттің (өзеннің, каналдың табандары) үстіндегі ақпалар;
в) көлденең қимасының формасына қарай: өске симметриялы (дөңгелек қималы) және жазық ақпалар болып бөлінеді.


Өздік бақылау сұрақтары
1.Саңлаулар мен саптамалар жайлы түсүнік.
2. Саңлаулар мен саптамлар арқылы аққан сұйықтың жіктелуі
Қолданылған оқулықтар

1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б


2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет