11 дәріс - Гидравликалық шапшымалар
Шапшымалардың түрлері
Гидравликалық шапшыманың пайда болуының себебі мынада.
Еңістігі үлкен арнадан ағып келе жатқан судың жылдамдығы төменгі арнадағы ағынның жылдамдығынан анағұрлым артық, сондықтан жоғарғы ағын төменгі ағынға енгенде, ол өзінің көлденең қимасын ұлғайтып, орташа жылдамдығын азайтады. Бұл процесс жоғарыдан келген ағынның беттік сызығы төмендегі ағынсу бетіне көтеріліп жеткенше жалғасады. Ал одан әрі, ағынның көлденең қимасы өзгермегенмен тереңдік бойынша жылдамдық профилі қалыпты пішінге түскенше өзгереді. Төменгі бьефтегі судың гидростатикалық қысымы тік бұрышты үшбұрыш (түп жағында қысым көп, бет жағында қысым аз) болғандықтан, дербес ақпалар, өздерінің кинетикалық энергияларының бір бөлігі (төменгі бьефте), потенциалдық энергияға айналғанша жоғары көтеріледі. Ағынның орташа жылдамдығының азаюына көлденең қиманың ұлғаюынан басқа, жоғарғы ағынды эжекциялау қабілетінің қарқындылығы да себеп болады.
Гидравликалық шапшыманың жоғарғы бетінің кері ағуының себебі, гидростатикалық қысым эпюрасының өзгеруімен қатар, судың аққыштық қасиетінен екені көрініп тұр.
Гидравликалық шапшымалардың өз ерекшеліктері болады, олар арнаның призмалық (цилиндрлік) немесе бейпризмалық екендігіне, көлденең, қималарының пішіндеріне, арна түптерінің еңістігіне, шапшымалардың биіктігіне байланысты.
Гидравликалық шапшымалардың мынандай түрлері бар: жетілген, жетілмеген (толқынды), беттік, кеңістіктік, шектелген, ығысқан, тақалған (тірелген) және көмілген шапшымалар.
Жетілген гидравликалық шапшыма ерекшеліктері, жан-жағынан сығылмаған, ағын бойымен жүргізілген тік қима арқылы жақсы аңғарылады. Ағын шапшыма бойы екі бөліктен: түптік транзит ағыннан және беттік айналмадан тұрады. Айналма беті, кері қарап ағып жатады, ал қосақы тереңдіктердің қатынасы , ал айналма биіктігі болады.
23-сурет 24-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |