13.2. Субөгейтін құрылымдардағы бьефтердің жалғасуы
Суағар бөгеттердегі бьефтердің жалғасуын қарастырайық. Жалғасудың үш түрлі болуы мүмкін, (32-сурет): I - төмен ығысқан шапшыма; II - алмағайып күйдегі шапшыма; III - жоғары жылжыған (тірелген) шапшыма.
32-сурет
Осы үш түрлі шапшыманың қайсысы орын алатындығын мына шарт,
(12.3)
арқылы анықтайды.
Егер болса, онда шапшыма төмен ығысады, егер болса, онда шапшыма алмағайып күйін сақтайды, яғни шапшыма көлденең бөгеттің төменгі түбіндегі сығылған қимадан басталады, ал егер болса – шапшыма суға көміліп, жоғары жылжиды.
Су сұқпа астынан шыққанда да (12.3) шарт сақталады (34-сурет).
Барлық гидравликалық есептеулер сығылған қимадағы тереңдік пен жорамал тереңдікті табуға кеп тіреледі. Бірінші, су бөгеттен асып аққан кездегі сығылған қимадағы су тереңдігін анықтаймыз. Ол үшін мына мәліметтер берілген болсын: үлесті өтім (q) мен толық арын
Сығылған қима үшін (12.6-сурет) үлесті өтім
12.4)
34-сурет
Бұл бір белгісізі бар үшінші дәрежелі теңдеу. әдетте оны не іріктеу тәсілімен, не сызып талдау тәсілімен шешеді. Итерация тәсілін де қолдануға болады.
(12.4)-теңдеуден
12.5)
Сығылған тереңдік толық арынмен салыстырғанда аз шама болғандықтан, осы теңдеудің бірінші жуық мәнін былай табады
. 12.6)
Сығылған қимадағы су тереңдігін екінші рет дәлірек есептейді
. 12.7)
Үшінші рет дәлдікті асырудың көбінесе қажеті болмайды.
Сығылған қиманың тереңдігі белгілі болған соң оны бірінші қосақы тереңдік деп, екінші қосақы тереңдік ретінде жорамал тереңдікті мына формуламен анықтайды
(12.8)
Егер болса, онда шапшыма төмен ығысады. Шапшыманың ығысу қашықтығы Бахметев формуласымен табылады
Бұл формуланы пайдаланғанда мынаны ескеру керек: ; , мұндағы - дағдылы тереңдік, - бірінші қосақы тереңдік (12.6-сурет). Гидравликалық шапшыманың екінші қосақы тереңдігі төменгі бьефтегі дағдылы тереңдікпен тең ( = ).
Өздік бақылау сұрақтары
Бьефтердің жалғасуы деген ұғымды қалай түсінуге болады?
Еңістік өзгергенде бьефтер қалай жалғасады?
Су бөгейтін құрылымдарда бьефтер қалай жалғасады?
Қолданылған оқулықтар
1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б
2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.
Достарыңызбен бөлісу: |