Дәріс №23 Тақырыбы: Соғыс алдындағы және соғыс жылдарындағы миграциялық үдерістер мен халықтарды депортациялаудың жалғасуы



Дата07.02.2022
өлшемі17,14 Kb.
#87100
Байланысты:
23-лекция


ДӘРІС № 23
Тақырыбы: Соғыс алдындағы және соғыс жылдарындағы миграциялық үдерістер мен халықтарды депортациялаудың жалғасуы
Дәрістің мазмұны:
1.Ұлтаралық қатынастардағы келеңсіздіктер.
2.Корейлерді,Қырым, Кавказ халықтарын күштеп көшіру.
3.Қазақстандағы демографиялық өзгерістер.
1938 жылғы қарашада Қиыр Шығыстағы корей ұлт (Посьет) ауданынан Қазақстанға 100 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінді.Қызылорда және Алматы обылыстарында қоныс аударушы корейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды.Қоныс аударушыларды жайғастыру және олардың жаңа табиғи-климаттық жағыдайға,этностықортаға үйренісу үдерісі қиын болды. Корей отбасыларының бір бөлігі Өзібек КСР-нің суармалы егіншілік аудандарына көшіп кетті.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтар өмірінің интернационалдану барысы мейлінше күшті жүргізілді.Тұрғындарды жаппайкөшірудің салдарынан шығыста тұтас өнекәсіп державасы пайда болды.
Жауынгерлер арасында тәрбие жұмысын жүргізу,ұлт тілдерінде майдандық газеттер мен журналдар шығу,ұлттық әскери бөлімдер құру ұлтаралық қатынастарды нығайтуға көмектесті.Сонымен бір мезгілде ұлтаралық қатынастарға өз ықпалы мен зор әсерін тигізе білген режімінің тұтас халықтарды күштеп көшіру,зорлық-зомбылықтың барлық элементтерін қамтыған еңбек колонияларын құру сияқты қылмысты әрекеттері белең алып отырды.Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк күштеп әкелінген болатын.Еділ бойындағы Неміс автонмиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мыңнан астам неміс Қазақстанға әкімшілік жолымен көшірілді.Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді.Соғыс жылдарында қалмақтар,қарашайлар,ингуштар, шешендер, балқарлар,қырым татарлары,месхет түріктері де нақ осындай жағыдайға ұшырады.
Жекелеген адамдарға немесе адамдар тобына ғана емес, бүкіл халыққа күдіктене қараған большевиктік билік иелері оларды соғыс кезінде жау жағына шығып кетеді деп ойлады.КСРО Мемлекттік Қауіпсіздік Комитеті Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2 млн 464 мыңға жуық адам болғанын айғақтайды.
Аталған режімнің қаталдығы және этноаралық қақтығыстарға итермелеген саясаты қарапайым адамдардың адамгершілік қасиеттерін жойып жібере алмады.
Соғыс Қазақстан халқына үлкен сын болды: онда социалистік құрылыстың бұрмалануы да,соғыстың сұрапыл сындарыда да,жанға батар шығындар мен жеңіс қуанышы да,кескілескен шайқастардағы ерлік те, еңбекпен өткен күнделікті өмірдің қарапайым ұлылығы да өз көрінісін тапты.
Қазақстанға көшіріліп әкелінген халықтар. Ұлы Отан соғысы кезінде жүздеген мың адамның еріксіз көшіріліп әкелуі ахауылды қиындатып жіберді.1941 жылдың соңына қараған шақта көшіріліп әкелінгендердің жалпы саны 386492 адамға жетті. Олардың 136,5 мыңы балалар болд. 1942 жылы Ресейдің түрлі обылыстарынан республикаға 109807 адам әкелінді. 1942 жылдың соңында Қазқстанға еріксіз көшіріп әкелінгендердің саны 532,5 мың адамды құрды. Қазақстандағы неміс және поляк диаспорларының сандық өсуі. 1941 жылдың тамызынан бастап немістерлді еріксіз көшіру басталды. Ол үдеріс 1948 жылға дейін жалғасты.1941 жылы күзінде әуімшілік пәрменмен Поволжьеден Қазақстанға 360 мың неміс көшіріліп әкелінді. Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатты. 1941-1942 жылдары Қазақстандағы неміс диаспорасы 444005 адамды құрады.1942 жылдың қарашасында Саратов обылысынан Қазақстанға 2014 поляк еріксіз көшіріліп әкелінді.
Қырым,Кавказ халықтарын еріксіз көшіру. 1944 жылы мамырда Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қырым түбегінен барлық қырымдық татарларды басқа жаққа көшіру туралы қауыл шығарды. Бұл шешімге қырымдықтардың кейбіреулерінің фашист оккупанттарымен ынтымақтастықа болғаны желеу болды. Қырым татарларының көпшілігі Өзбекстанға, бір бөлігі Қазақстанға қоныстанды. 1943 жылдың желтоқсанында Қалмақ АКСР-і жойылды. 2268 қалмақ Қазақстанға келді. Осындай жағдайға балқаралар, қарашайлықтар да ұшырады. Кавказдың оңтүстігі мен солтүстігін жайлаған аз санды ұлттардың бәрі қуғын-сүргінге ұшырады.1944 жылы Шешен-Ингуш АКСР-і таратылды. 1943-1944 жылдары Қазақстанға қалмақтар,шешендер, ингуштар, қарашайлықтар, балқарлар, қырым татарлары,болгарлар, гректер, армяндар, месхеттік түріктер, күрдтер, хемшидтер, әзірбайжандар келіп қоныстанды. 1943-1944 жылдары күштеп көшірумен Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының 507 мың өкілі әкелінді. 1944 жылдың қарашасында Орта Азия республикалары мен Қазақстанға Грузиядан 110 мың месхеттік түрік көшірілді. Тұтастай,соғыс жылдарында Қазақстан 1,5 млн адамды қабылдады. Еріксіз көшіріліп әкелінген халықтар Қазақстанның түрлі кәсіпорындарында жұмыс істеді. Ембі, Таулы Алтай,Қоңырат ,Текелі кеніштері мен кәсіпшіліктерінде жүздеген депортацияланғандар еңбек етті. Олардың көпшілігі аулды елді мекендерге орналастырылды. Жергілікті тұрғындар жер аударылғандарға сыйластықпен,терең түсіністікпен қарады. Өздері ғаламат аштық пен қуғындауға ұшырағандарына қарамастан, сырттан келгендерге қолдан келген көмектерін көрсетті, соңғы таба нанымен бөлісті.
Соғыс аяқталған соң өмір біртіндеп қалпына келе басады . Көшіп келгендер шаруаларын түзей бастады. Үй салды, балаларын мектепте оқытты. Көпшілігі Қазақстанда тұрақты тұруға қалып қойды.
Бақылау сұрақтары:
1.Халықтардың өмірін интернационалдандыру дегенді қалай түсінесіңдер? Мұндай үдерісті жүргізудің себебі не?
2.Жойылған автономиялық республикаларға назар аударыңдар. Олардың қайсысы кейін қалпына келтірілді?
3.Қазақстан көпұлтты мемлекетке айналды. Мұндай күйдің артықшылығы неде немесе ондайдан келеңсіз мәселелер туын- дауы мүмкін бе?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет