Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің №23 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық негізінде шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Аты –жөні, тегі. Раушангуль Советовна Искакова
Материалды таныстырушының лауазым Бастауыш сынып мұғалімі
2016 -2017 оқу жылынан
Ақпараттық бет
Аты –жөні, тегі Искакова Раушангуль Советовна
Туған жылы, күні, айы 1968 ж. 03.11
Білімі Жоғары
Квалификациалық категория бірінші санат (жоғары деңгей)2013 ж. мамыр
Мекен жайы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кенті І квартал 7 үй 3- пәтер Тел: 8 705 334 23 61
Тәжірибе қандай материал түрінде жарияланды және оның нақты тұрған жері ФЕЙСБУК сайтында. Мектептің «ІЗДЕНІС»желілік қоғамдастығында Презентация және баяндама
Тәжірибенің жалғасуы туралы ақпарат,олар жайлы пікір және оның таратылуы.
Аты –жөні Солтаншарав Динаш
Лауазымы Бастауыш сынып мұғалімі
Білім мекемесінің атауы Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің №23 ОМ базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
Солатаншарав Динаш бастауыш сынып мұғалімі лауазымы бойынша 12 жыл қызмет атқарады. Білімі арнаулы орта. Екінші санатты. Жоғарыда аталған тақырып бойынша екеуіміз бірігіп жұмыс істеп отырғанымызға биыл үш жыл болып отыр. Үшінші жыл дегенде екеуіміз де нәтижесін көре бастадық.
Рецензия:
Аты –жөні Бекова Дальмира Маратовна
Лауазымы Ағылшын пәні мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Білім мекемесінің атауы Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің №23 ОМ базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ
Тема передового педагогического опыта является актуальной на данном этапе обновления содержания образования, Развитие функциональной граммотности в начльных классах состоит в способности личности самостоятельно осуществлять деятельность учения, а так же применять все постоянно приобретаемые зняния для решения широкого диапазона жизненых задач, использование творческого потенциала учащихся ставит перед ними определенные учебные ситуации, решение которых провоцирует их к действию.
Аннотация: Искакова Раушангуль Советовна бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 27 жыл . 1988 жылдан бүгінгі күнге дейін бір мамандық бойынша жұмыс істеп келеді. 2010 жылдың қыркүйек айынан Молодежный кентінің №23 орта мектебінде қызмет етеді. 2014 жылы Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлі мектептің бірлесіп дайындаған бағдарламасы бойынша деңгейлік курстың І бірінші ( ілгерінді) деңгей курсын аяқтады. Осы курстақ бағдарлама жұмысы бойынша жетекші мектеп қызметкері ретінде 2 аймақтық семинарлар, 2 магниттік мектепте коучингтер және бастауыш сыныптармен іс-әрекетті зертеу мен жоғарғы сыныптармен LESSON STUDY зерттеу тобымен жұмыс істеуде. Облыстық екінші деңгей мұғалімдерінің «Педагог-практиктің іс-әрекетті зерттеуі» тақырыбындағы семинарында секция жұмысын жүргізуде модератор болды. Бұл күнде осы жұмыстарын жалғастыруда.
Алынып отырға тақырып бойынша жұмыс қазіргі күннің ең өзекті тақырыбы. Функционалдық сауаттылық бойынша бастауыш сатыдан қолға алынса, алдағы уақытта оқушылар өз жолын қиналмай табары сөзсіз. Автордың жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болса, қазіргі таңда педагогтің шәкірттерінің бастауыш сыныптан бастап жеткен жетістіктері мен нәтижелерін көре аламыз.
Оқырман материалды оқи отырып өзінің тәжірибесін кеңейтеді.
Мазмұны:
І. Кіріспе
ҚР БжҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясы дайындаған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру (бастауыш сыныптар) » Әдістемелік құралынан үзінді.
ІІ Негізгі бөлім
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
Шығармашылық қабылетті дамыту жолында жеткен жетістіктері.
ІІІ Қорытынды бөлім
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарында кездескен кедергілер және оны жеңу жолдары.
Ұсыныстар.
Пайдаланлған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
(бастауыш сыныптар)
Әдістемелік құрал
Астана
2013
Кіріспе
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру үшін оның теориялық-әдіснамалық негіздері анықталуы
керектігі белгілі. Ол теориялық-әдіснамалық негіздер алға қойылып отырған
келелі мәселенің бастау көздерін танытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруда мынадай мәселелердің басы ашық болуы тиіс:
- бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын жүйе
ретінде танысақ, онда ол жүйенің құраушы бөлшектерін анықтау керек;
- бастауыш мектепте оқылатын әрбір жеке пән бойынша еліміздегі және
осы бағытта қарастырылған шетелдік тәжірибені талдап-тану керек;
- бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы
қалыптасуының межелерін, белгілері мен шарттарын айқын анықтап алу керек.
Негізінде, берілген мәселе бойынша осы кезге дейін жарық көрген
әдебиеттерді талдау барысында, көп ретте, «функционалдық сауаттылық»,
«функционалдық сауатты тұлға», «негізгі құзыреттер», «жалпыбілімдік
біліктер» сияқты ұғымдардың көбірек талдауға түсірілетіні байқалады.
Негізінде, «функционалдық сауаттылық» термині өзінің 1957 жылы
ЮНЕСКО енізген уақытынан бастап «сауаттылық» және «минималды
сауаттылық» ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келеді.
Осылардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріп тоқталып кету жөн
болмақ.
1) Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс
жасай алу дағдылары.
2) Минималды сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды
оқу және жазу дағдылары.
3) Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу
дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті,
яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге
мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай
оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа
түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-
қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп
саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы), Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын, пәндік сауаттылық, функционалды сауаттылық, оқытудың
түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзіреттіліктеріне байланысты
ғалымдар, В.В. Давыдов, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.А. Болотов,
О.Е.Лебедев, И.А. Зимняя, А.К. Маркова, С.Г. Молчанов, Г.К. Селевко,
В.В. Сериков, В.А. Сластенин, А.В. Хуторской, М.Ж.Жадрина,С.Д.Мұқанова,
И.И.Бим, Ф.Ш.Оразбаева, Е.И.Пассов, В.Л.Ляховицкий, Н.Сауранбаев,
С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев, Т.Ахметов, Ғ.Бегалиев, А.Айдаров, Ж.Д.Адамбаева, Б.Б.Құлмағамбетова, К.Ы.Сариева, М.М.Артықова, жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде «функционалдық сауаттылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екені байқалды.
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі
халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық
дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын.
Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының
мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр.
Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің
грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі
тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес
келе бермейді.
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан,
функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден
көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу
кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір
сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің
нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу
тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-
қатынасжасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты,
оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың
әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының
өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол
оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу
құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктер-ден көрінеді:
‒ оқу, жазу сауаттылығынан;
‒ жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
‒ математикалық сауаттылығынан;
‒ компьютерлік сауаттылықтан;
‒ денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
‒ құқықтық сауаттылығынан деп алынса мен өз тарапымнан
оқушылардың шығармашылықпен айналысу сауаттылығы деген бір құзіреттілік қоссам артық болмас еді дер едім.
Сонымен, осы соңғы құзіреттілікті енгізуімнің бір себебі педагог-практик негізінде күнделікті іс-әрекетті жүргізу барысында кездесіп отырған түйткілдер негізінде негізінде бұл жұмысымның
тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық негізінде шығармашылық қабілеттерін дамыту» деп атауыма тура келді.
Мақсаты : бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық негізінде шығармашылық қабілеттерін дамытудағы өз тәжірибеммен бөлісу.
Міндеттерім :
бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық негізінде шығармашылық қабілеттерін дамытуды зерделеу және талдау;
осы жолда кездескен кедергілер және оларды жою жолдарын қарастыру
Кіріспе баяндауға алынған мәселенің көкейтестілігінен, қарама-
қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, міндеттері және
теориялық негіздерінен тұрады.
Бірінші тарау: «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары деп аталса, екінші тарау «Шығармашылық қабылетті дамыту жолында жеткен жетістіктері деп аталады.
Қорытынды: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарында кездескен кедергілер және оны жеңу жолдары десем және соңында осындай жұмыстармен айналысамын деген әріптестеріме тәжірибелік ұсыныстарымда айтқым келеді.
1. «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары»
Сауаттылық ұғымы – дәстүрлі түрде жеке тұлғаның грамматикалық
нормаларға сай оқу, мен жазу дағдыларын игеру дәрежесі. Ұлттың мінез -
құлқына сай – бірден - бір базалық көрсеткіштер мен әлеуметтік - мәдени
дамуының бет - бейнесі болып табылады.
Функционалдық сауаттылық ұғымы ғылыми - техникалық талаптар мен
әлеуметтік прогресс нәтижесінде пайда болып, мағыналық тұрғыда әмбебап
сипатта ғана емес, мәдени – тарихи сипатта да қолданылады. Себебі Кеңестік
кезеңнің алғашқы 10 жылдығында азататтың оқи білуі, жаза білуі,
арифметикалық төрт амалды білуі қызметтік әрекетті игеріп кетудің негізгі
көрсеткіші болды. Қазіргі кезеңде сауаттылық ұғымының ауқымы кеңейіп,
оның көрсеткіштері түрліше сипатталады.
И.А.Мещеряков функционалдық сауаттылық - (ағылшын тілінде functional
literacy) - дағды мен білімді қамтамасыз ететін жеке тұлғаны дамытуға, жаңа
білім алу мен мәдениет жетістіктерін игеруге бағытталған білім нәтижесі, жаңа
техниканы қолдануды игеру, кәсіби міндеттерді жетік меңгеру, жанұялық
өмірдегі сәтті үйлесімділік құра білу, өмірлік түрлі жағдаяттарды шеше алу деп
анықтама берді.
Бастауыш білім беру деңгейінде өздік ерекшелігіне сай біртұтас орта білім
беру жүйесінде оқу әрекетінің негізгі білігін игертуді қамтамасыз ету маңызды
шарты болып табылады. Бастауыш сынып оқушысы орындайтын оқу әрекеті
мен басқа (ойын, спорттық, бейнелеу, еңбек, би, көркем сөз оқу ) әрекеттер кешені тұлғлық дамуында басты роль атқарады. Мектеп оқушысында пайда болған
субъектівтілік қасиеттерінің көрсеткіштері оның функционалдық сауаттылығын
қалыптасуының көрсеткіші болып табылады. Бастауыш мектеп оқушысында
оқу - әрекеті арқылы қалыптасатын сауаттылық оқу әрекетінен тыс жағдайда
қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан бастауыш мектепте кез - келген пәнге
оқытудың мақсатты функциясы оқушыда өздігінен әрекет ету білігін
қалыптастыру болып табылады. Бастауыш сынып оқушысы мектепке келгенде
оқуға, мұғалімменен ынтымақтасуға талпынысы мол болады. Ал келесі
деңгейде мұғалімнің басшылығымен шағын топтарда оқу ынтымақтастығын
ұйымдастыруымен өздігінен әрекет етуі күшейеді. Ал келесі деңгейде ең
жоғарғы шектік мөлшерде өздігінен оқу әрекетін орындауға, құрдастарымен
және білімін толықтыру бағытында мұғалімдермен әрекет құруға, жеке оқу
белсенділігінің арту қабілеті байқалады. Соңғы деңгейде оқушы мұғалім
позициясын игереді.
Н.Г.Калашникова «Идеал мектеп оқушысының портретін» қалыптастыру
үшін оқушыда келесі қарым - қатынас сферасы қалыптасуы керек деп атап өтті:
‒ оқушысы тұлғасының мотивациялық - бағалау сферасы;
‒ рухани - көркем- бейнелік сферасы;
‒ қарым - қатынас сферасы арқылы;
‒ білімді игеру әрекеті сферасы.
Кіші мектеп оқушысы тұлғасының мотивациялық - бағалау сферасын
қалыптастыруда бастауыш мектеп оқушысында білім алумен қатар білім
мазмұнын игеру, оқыту процесіне, білімін жетілдіруге, оқыту барысында
ынтымақтасуға мотивтер пайда болады.
Қоршаған дүние құбылыстары мен тіршілік ортасы туралы түсініктер
пайда болып, көркем бейнелеу арқылы арқылы өз қарым- қатынасын білдіру
(қуану, көмек көрсету, әрекеттену, құрметтеу, өзін - өзі бағалау) тәжірибесі
пайда болады.
Оқушы өз - өзіне, Отанына, басқа адамдарға, қоршаған әлемге, еңбекке,
оның ішінде оқу - еңбегіне жағымды қарым - қатынас орната алады. Сонымен
қоса денсаулықтың құнын түсінеді, салауатты өмір сүру салтын мен өмір
қауіпсіздігін сақтау керектігін түсінеді. Өз әректін сынау, пікірі мен әрекетін
өмір жағдайларға байланысты өзгерту, сараптауға рефлексиялық қабілеттерін
игереді. Өзін - өзі тануға, өзі туралы жеткілікті дәрежеде мағұлматар бере
алады. Сонымен қоса өзін-өзі бағалауы дифференциациялық және рефлексивті
сипатта болады.
Рухани - көркем бейнелік сферасы қалыптасқанда оқушы өзге адамдар
мен өз табиғаты мен ішкі әлемі, көркем шығарма туралы пайымдай алады.
Шығарма мазмұнының өрбіуін, кейіпкерлердің жан дүниесін, мінез -
құлқындағы өзгерісті, табиғат құбылыстарын түсініп қабылдайды.
Адам сөзінің әсерін, әдеби шығарманың тілін ұғына отырып, сипаттай
алады. Мұғаліммен басшылығымен әдеби шығармалардағы адам қарым-
қатынасының эмоционалды - эстетикалық мәнін түсіне отырып, шығарманың
рухани мәнін қабылдайды.
Көркем шығарма кейіпкерлерін өз қиялындағы идеал бейнеге қосып алады.
Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдайды. Көркем шығарма
мазмұны талдай отырып, шығарма мазмұны бойынша өмірлік жағдаяттардың
шешу жолдарын біледі. Шығармадағы оқиғаға байланысты өз көзқарасын
білдіре алады. Мәтінді талдау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алады.
Кейіпкердің шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере
алады.
Ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті
мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) Сай өңдеп,
жүйелеуді.
Көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым
қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді.
Мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді.
Әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды.
Көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды.
Ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды.
Сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды.
Тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын
салыстыруды.
Көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-
қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді.
Қарым - қатынас сферасы
Бастауыш сынып оқушысының мұғаліммен, сыныптастарымен, басқа
балалармен ынтымақтасуға жеке белсендік танытуы. Адамдармен диолог
құруды әңгімелесудің ерекше формасы ретінде қалыпты мінез - құлық
танытуды қажет етіп, диалог мақсатын ұғынуы.
Мектепте оқу еңбегін, қоғамдық тәртіпті сақтау, табиғатқа қатынасты,
даулы жағдайды мәдениетті шеше білу қарым- қатынас нормаларын игеруі.
Әңгімелеу жағдайына бағдары бар: әңгімелесуші сөзін тыңдай алады,
әңгімелесушінің коммуникативті еміренуін түсіне алады, әңгімелесуде өзгенің
реакциясын бағалай алады, сөзін дұрыс құра біледі, қажетінше өзгертіп, түзете
алады.
Әртүрлі топтардың әрекетіне (ұйымдастырады, орындайды, сынайды,
топтың позициясы жақтап сөйлейді, бақылай) кірісе алады, ым- ишыра, белгіні
диалогке түскенде, сабақ барысындағы пікірталаста көрсете біледі.
Кейбір жағдайларды анықтау үшін сұрақ қоя алады, тыңдай, түсіне, өз
түсінгенін тексере алады.
Автор шығармасын сынай алады, автордың негізгі ойын, идеясын түсініп,
өзге шығармалармен ұқсастығын анықтайды, ойды өрбітеді, қарама-
қайшылықты анықтайды, кемшіліктерді көреді.
Сыныптастарымен шағын топтардың жұмыстарын сараптай алады.
Хат, құттықтау, хабарландыру жаза алады. Біріккен іс- әрекетте өзі үшін,
өзге үшін жауапкершілік алады.
Білімді игеру әрекеті сферасы арқылы
Оқушы өзін - өзі реттеу мен өз іс – әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін
меңгерген, оқу әрекеті тек өзіне қатысты екенін түсінеді, өзін- өзі
ұйымдастыру қабілеті келесі функционалдық әрекетінде байқалады:
1. Дене жаттығуларын жұмыс қабілетін жақсарту, зейінін шоғырландыру,
ой – еңбегі арқылы, сөз, дене шаршауын басуда қолдану.
2. Әңгімеге тарта алады, әңгімені көзқарасымен, ым - ишрасымен,
сұрақтарымен қолдай алады.
3. Өз жұмыс орнын, уақытын ұйымдастыра алады.
4. Оқу- әрекетінде белсенділік танытады, өздігінен пікір, байлам жасайды,
түсінбеген тақырыптарды анықтауға талпынады, оқу әрекетінің құралдары мен
тәсілдерін біледі, қажет болған жағдайда көмек сұрай алады.
5. Есте сақтаудың рационалды тәсілдерін біледі.
Оқудың мұғалім анықтаған мақсаттарын түсінеді, өз бетімен мақсат
келесі жұмыстарда анықталады:
1. Мұғалімнің басшылығы, сыныптастарымен бірге оқу жағдаятын талдай
алады, өз мүмкіндіктерін бағалау мен ондағы мәселелерді көре алады.
2. Біліміндегі кемшіліктерді өздігінен түсінеді, жаңа міндеттерді шеше
алады.
3. Сыныптастарымен бірге сызбаға қажетті сұрақты, жетімсіз немесе қажет
амалдың мақсат міндетін түсінеді, өздігінен оқу тапсырмасы мақсатын
анықтай алады.
4. Мұғалім басшылығымен әртүрлі оқу мақсаттарының ара- қатынасын
топтық жұмыста анықтайды, талдайды.
Оқу мақсатына жету үшін, оқу міндетін шешу үшін іс - әрекет
ұйымдастыра алады:
1. Ойластыра отырып, міндеттерді шешу үшін өздігінен бірнеше әрекет
түрін жоспарлайды.
2. Бір мақсатты шешуде әртүрлі жоспарды салыстырады, таңдау жасай
алады.
3. Оқу міндетін шешу үшін ең тиімді құралды таңдай алады.
4. Үлкендердің көмегімен уақытқа тапсырманы бағдарлай алды.
Міне осы орайда кіші жаста баланың мүмкіндіктерін ашу да, жабу да ол мына отырған сіздер мен біздердің қолымызда. Қазақ халқы бекер айтпаған болар «Бұлақ көрсең көзін аш» дегенді. Мен өз еңбек жолымда алдыма келген баланың оң мен солын танытуда қабылеті мен мүмкіндігін де бақылаймын. Неліктен бақылаймын? Өйткені, психологтардың зерттеуі бойынша адам зат психологиясының даму психологиясы алты кезеңнен тұрса , оның біріншісі мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы болса, екіншісі бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы болып табылады. Олай болса біз баланың қалыптасу деңгейін құрушылары болып табылады екенбіз , құрметті бастауыш сып мұғалімдері. Бастауыш сыныпта біз қалай қалыптастырсақ, баланың болашағы да солай болмақ. Өз басым шығармашылықпен айналысуды жақсы көремін. Былайша айтқанда бастауыш сыныпта мұғалім қандай болса , оқушылары да сондай болып шығады деген сөз бар. Оны күнделікті өмірде өздеріңіз де байқап жүрген боларсыздар. Болмысым әдебиетке жақын . Содан болар еңбек жолымда алдымнан шыққан оқушыларымның көбісі әдебиет саласында қызмет атқарады. Бірі қазақ тілі мен әдебиеттен мұғалім болса, енді бірі журналист, тіпті болмаса сол әдебиет саласының бір пұшпағында жүр.
Байқап отырғанымыздай функционалдық сауаттылық туралы сонау ХХ ғасырдың басынан басталса (ол жерде сауатты оқу,жазу, төрт амалды сауатты пайдаланудан басталса) , қазіргі таңда сол функционалдық сауаттылықтың өзінің функциалары да көбейіп отыр. Тек сол функциалардың ішінде шығармашылықпен айналысу функциасы деген бөлік бар ма? Әрине жоқ. Бұл бөлімді мен қосқанды жөн көріп отырмын. Ол туралы неге қостың деп жоғарыдағы көкелеріміз ренжи қоймас деген үміттемін. Неге шығармашылық сауаттылық? Себебі, жаңа қалыптасып келе жатқан баланың қыры мен сырын байқап, шамамыздың келгенінше икеміне қарай қалыптастырсақ жөн болар еді. Міне сол кезде ғана қалыптасу үдерісі дұрыс жүрер еді. Шығармашылық сауаттылыққа нені енгізе алар едім? Жоғарыда айтылып кеткендей оқу, жазу, санау сауаттылықтарымен қоса шығармашылық сауаттылықты да (бейнелеу, қол еңбегі, спорт және көркем сөз шеберлігі) енгізер едім. Сонда бағанағы Н.Г.Калашникованың ерекшелеп тоқтап кеткен сфераларына «Шығармашылықты дамыту сферасы»- деген жаңа термин қосылар еді.
Біз , бастауыш сынып мұғалімдері әр сабақта шығармашылықпен айналысып жатқанымызды біріміз байқасақ, енді біріміз байқамауымыз да мүмкін. Осы сөзімнің тұздығы ретінде сіздермен бірлесіп, тренинг өткізіп жіберуді жөн көріп отырмын. ( тренинг 2 сынып Әдебиеттік оқу оқулығынан 99-бет «Түйе мен тышқан» монғол ертегісі бойынша ) Қатысушыларды екі топқа бөлемін. Бір қатысушы ертегіні дауыстап, мәнерлеп оқиды. Өзге тыңдаушылар мұқият тыңдайды. Әр топқа топта талдауға тапсырма беремін. 2 минут. Енді топтарға өз беттерімен көрініс қойғысы келетіндер бір топқа, аңдарды мүсіндегісі келетіндер екінші топқа, ертегі бойынша сурет салғысы келетіндерді үшінші топқа бөліп жұмыс істеуге тапсырамын. Кері байланыс алып ,жұмыстың соңында бармақпен бағалау әдісін қолданып, сергіту сәтімен аяқтаймын.
Бұл біздің бір сабақ үстінде жүргізетін шығармашылық жұмыстың бір ғана сәті.
«Шығармашылық қабылетті дамыту жолында жеткен жетістіктері»
Осы шығармашыдық жұмыс бойынша тәлім алушым Динаш Солтаншарав екеуіміз бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Динашты шығармашылық жолымның тәлім алушысы етіп алудағы себебім екеуіміздің сыныптарымыз параллель. Жас ерекшеліктері екеуімізге де мәлім. Бір –бірімізді жақсы түсіне аламыз және жоғарыда айтылған әдістемелік нұсқаулық мазмұнымен таныса отырып білгенім:
Үшінші сынып оқушысының ерекшелігі.Кіші жастағы мектеп оқушысының
өмірінде 3-сынып өзгеріс әкелетін кезең болып табылады. Көптеген мұғалімдер
«Үшінші сыныптан бастап оқушылар оқуға саналы түрде қарай бастайды,
сонымен қатар білімге деген қызығушылығы жоғары болады» деген пікірде
болады. Мұның барлығы осы кезеңде баланың жалпы және интеллектуалдық__ дамуында орын алатын жаңа түзілімдермен байланысты. Педагогикалық-
психологиялық зерттеулер екінші және үшінші сынып оқушыларының
интеллектуалдық дамуында осындай күрт өзгерістер болатынын көрсетіп отыр.
Оқытудың осы кезеңінде ойлау қабілетінің қалыптасуы және оқу материалын
белсенді меңгеруі, вербалды ақыл-ойдың дамуы, яғни түсініктерге сүйене
отырып ойлау мүмкіндігі жүзеге асырылады делінген . Мүмкін сол теорияның шындығы ма ,әлде біздің жұмысымыздың көрінісі ма ,бірлескен жұмысымыздың нәтижесі қараша айында ауқымды көлемде алғашқы жемісін берді десек болады. Алматы қаласында өткен «Бейбітшілік әлемі» (Планета мира- World of Peacе) Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастырған фестивальге 6 оқушымен барып бір бірінші орын, төрт екінші орын және бір үшінші орынмен келдік. Астана қаласының «ZIAT» шығармашылық бірлестігінің қашықтықтан ұйымдастырған байқауына сыныптан 4 оқушы көркем сөз оқуңа, 3 оқушы сурет салуға, 2 оқушы қол еңбегінен және 2 оқушы эссе жазуға қатысып әр қайсысы өз деңгейінде орындар алып, мақтау қағазымен марапатталды. Мектептегі әр мереке, әр іс шара бойынша жүргізіп жатқан байқауларда есеп жоқ. Еш қайсысынан да қалыс қалмаймыз. Сонымен қатар «Зиаткер» облыстық интелектуалдық марафонына 8 оқушы қатысып алтауы жүлделі 1,2,3-орындар алды. Оқушы шығармашылығын дамытуда кентімізде мүмкіндіктер жасалған. Атап айтсам Балалар өнер мектебі, жасөспірімдердің спорт кешені, мәдениет үйі жанынан би кружоктары бар. Бұл мекемелермен үнемі тығыз байланыстамыз. Алдағы уақытта әлі талай шығармашылық асуларды бағындырамыз деген ойдамыз.
Қорытынды: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарында кездескен кедергілер және оны жеңу жолдары десем және соңында осындай жұмыстармен айналысамын деген әріптестеріме тәжірибелік ұсыныстарымда айтқым келеді.
Бүгінгі жұмысымды қорытындылай келе «Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын арттыра келе шығармашылық қабылеттерін дамыту жолында кездескен кедергілер аз болған жоқ. Соның бірі және бірегейі ол балабақшадан келген оқушылардың өз ана тілдерін білмей , дүбәрә тілде болуы. Осы жерде енді қалыптасу жолына түскен баланы қалыптастыруды бірінші орынға қоясың ба , әлде ана тілін үйретеуді бірінші жолға қоясың ба? Осы жердегі қиындықты шешуде ҰСТАЗ-ОҚУШЫ – АТА-АНА үштігінің жұмысы нақты жолға қойылу керек. Бұл үштіктің жұмысы тиянақты болған жағдайда жұмыс нәтижелі болары сөзсіз. Бірінші сыныпқа қабылданған 20 оқушының бесеуі ғана таза қазақша сөйлей алады, бесеуі қазақшасы шала, қалған 10 оқушы мүлдем түсінбейді. Қазір сол оқушылардан 18 оқушы қиындықты жеңіп, ерік-жігерін игеріп әкетті. Ал екі оқушы орыс мектебіне ауысып кетті.
Ұсыныс Міне осындай шешімі қиын кедергілердің алдын алу жұмыстарын бірінші сыныпқа келетін баламен және оның ата-анасымен бала бақша мен даярлық сыныбынан бастап қарым –қатынаста болған тиімді болады деген ойдамын. Сондықтан әріптестеріме үштік жұмысын ерте бастан қолға алуды ұсынамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
(бастауыш сыныптар)
Әдістемелік құрал
Астана 2013ж
Достарыңызбен бөлісу: |