6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша


Саптамаларлар Тұрақты тегеурінді сұйықтың саптамалар арқылы ағып шығуы



бет14/47
Дата15.03.2023
өлшемі6,17 Mb.
#172494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
gidrodinamika umk vrv 21-1
Қазақ тілі 4-сынып 1-бөлім Менің Отаным – Қазақстан Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту ДИДАКТИКА, 13praktika, Пратикаға күнделік құқықтану22
Саптамаларлар Тұрақты тегеурінді сұйықтың саптамалар арқылы ағып шығуы.
Саптамалар деп жұқа қабырғадағы тесікке кигізілген қысқа құбырды айтады. Саптамалар негізінен үш түрге бөлінеді: цилиндрлік, конустық және коноидалы.
Цилиндрлік саптамалар дегеніміз – ұзындығы диаметрінен үш-төрт есе көп қысқа құбыр. Олар сыртқы (18,а-сурет) және ішкі (18,б-сурет) болып екіге бөлінеді. Гидравликалық тұрғыдан алғанда цилиндрлік Саптамалар қалың қабырғадағы тесік сияқты. Сұйық қозғалысы кезінде саптамалар ішінде сығылған қима пайда болады, сол маңайда вакуум байқалады. Вакуумның пайда болуын түсіндіруге болады: сығылған С-С-қимасындағы жылдамдық ақпаның саптамалардан шыққан жеріндегі (в-в қимасы) жылдамдықтан артық (Vс>Vв), сондықтан сығылған қимадағы қысым атмосфералық қысымнан кем (рса). Бұл тікелей Бернулли теңдеуінен шығып тұр.
Вакуум пайда болғанына байланысты саптамаларның сұйық өткізу қабілеті артады. Конустық саптамаларлар екі текті болады: конусша жуандайтын (18,в-сурет) және конусша жіңішкеретін (18,г-сурет). Конусша жуандайтын саптамаларның сығылған қима маңайында вакуум пайда болады, оның шамасы конустық бұрыш үлкен болған сайын арта түседі. Конустық бұрыш шамадан тыс үлкен боп кеткен жағдайда шеткі ақпа саптамалар қабырғасынан ажырап кетуі мүмкін, демек вакуум болмайды деген сөз. Практикада мұндай қондырғының конустық бұрышы 5º-7º болғаны мақұл.
Конусша жуандайтын саптамалар ішіндегі ағынның кеңеюі себепті басқа қондырғыларға қарағанда, арын шығындарының едәуір өсуімен ерекшеленедю.
Сондықтан конусша жіңішкеретін Саптамаларлар гидромониторлар мен активті гидравликалық турбиналардың соплолары, өрт сөндіру брандспойтының ұштары ретінде және т.с.с. жерлерде ретінде қолданылады.
Саптамаларның өтім коэффициенті конустық бұрышқа тәуелді және 13º24´ -та ол өзінің ең үлкен мәніне ие болады, өйткені осы бұрышта сығылған қиманың ауданы Саптамаларның шығу қимасының ауданына тең болады. Конустық бұрышты одан әрі үлкейткен кезде ақпаның саптамалардан шығардағы сығылуына энергия шығындалады, осыған байланысты өтім коэффициенті де кемиді. Егер сығылған қимадағы жылдамдық шығу жылдамдығына тең болса, онда тарылатын саптамаларларда вакуум пайда болмайды. Мұндай саптамаларларда кедергі коэффициентінің өте аздығына қарамастан тесіктің өткізгіштік мүмкіндігі артпайды (18,г-сурет)
Коноидалы саптамалар конусша тарылатын саптамаларның жетілдірілген түрі боп табылады. Ол саңлаудан ағып шығатын ақпаның пішіні бойынша жасалынады (18,д-сурет



18-сурет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет