6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша


Сұйық - дегеніміз ағатын қасиеті бар материал (орта). Ағын



бет2/47
Дата15.03.2023
өлшемі6,17 Mb.
#172494
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
gidrodinamika umk vrv 21-1

Сұйық - дегеніміз ағатын қасиеті бар материал (орта). Ағын – үзіліссіз деформацияланатын қозғалыстың түрі. Қозғалыс әрине күш әрекетімен болады. Сұйық ағыны, өте аз күштің әсерімен, шексіз деформацияланатын тұтас ортаның көрінісі.
Табиғаттағы заттың бәрі қатты, сұйық және газ күйінде кездеседі. Олардың молекулаларының қозғалу ерекшеліктері және молекулааралық күштері әртүрлі болады. Қатты заттардың молекулалары тұрақты орталықтарда тербеліс жасап тұрады. Ал газ молекулалары бір-бірімен соқтығысып, үздіксіз орын ауыстырып отырады. Сұйықтар белгілі жағдайда қатты зат күйіне де өте алады. Сондықтан оның молекулалары лездік орталықта тербеліс жасап тұрып, секіріп басқа орталыққа ауыса алады. Сұйық молекулаларының осы қозғалу ерекшелігі сұйыққа аққыштық қасиет дарытады және кез-келген ыдыс формасын қабылдай алуын қамтамасыз етеді.
Газ молекулаларының ара қашықтығы, сұйық немесе қатты дене молекулаларының ара қашықтығынан әлдеқайда көп, ал оның есесіне молекулааралық күштері өте аз. Сондықтан газдарды сығу оңай, сұйық пен қатты денелерді сығу қиын. Осы тұрғыдан қарағанда, газдарды сығылатын сұйық, ал шынайы сұйықтарды сығылмайтын немесе өте аз сығылатын, тамшы құрайтын сұйық деп бөлуге болады. Гидравликада тек тамшы құрайтын сұйықтардың тепе-теңдік күйі мен қозғалыс сырларын қарастырады. Мұның ең төте жолы – сұйық табиғатын танытатын оның моделін анықтау болып табылады. Ол сұйықтың тұтастығы. Бұл модель бойынша, сұйық өзі алып тұрған кеңістікте немесе қозғалып бара жатқан арнада біртұтас, арасында қуыс немесе бос орын жоқ деп есептелінеді (молекулалар арасы, сұйық толтырып тұрған немесе қозғалып бара жатқан кеңістікпен салыстырғанда өте аз, оны ескермесе де болады). Сондықтан сұйықты сипаттайтын физикалық ұғымдарды үздіксіз функциялар және олардың дербес туындыларын да (барлық аргументтері бойынша) үздіксіз деп қарастыруға болады. Басқа сөзбен айтқанда (сұйықты зерттегенде), дифференциалдық және интегралдық есептеу тәсілдерін кеңінен пайдалануға жол ашылады. Сұйық механикасының даму тарихы тұтастық жорамалының дұрыстығына көз жеткізуде. Бұл жорамалды бірінші болып Б.Кастелли ұсынған.
Табиғатта кездесетін сұйықтардың барлығы оларды созуға, немесе сығуға қарсылық көрсетеді, сондықтан оларды шынайы(тұтқырлы), немесе ньютондық сұйықтар деп атайды.
Керісінше, сұйық қабаттарын өзара салыстырмалы қозғалысқа түсіретін күштерге ешқандай қарсылық көрсетпейтін сұйықты идеал (тұтқырлықсыз) сұйық деп атайды.
Идеал сұйықтың тығыздығы тұрақты, оған тек сыққыш күштеулер ғана әсер етеді. Табиғатта идеал сұйық жоқ, ол тек сұйық қозғалысының ерекшеліктерін зерттеуді оңайлататын модель ретінде пайдаланылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет