6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша



бет4/47
Дата15.03.2023
өлшемі6,17 Mb.
#172494
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
gidrodinamika umk vrv 21-1
Қазақ тілі 4-сынып 1-бөлім Менің Отаным – Қазақстан Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту ДИДАКТИКА, 13praktika, Пратикаға күнделік құқықтану22
2-дәріс.ГИДРОСТАТИКА

    1. Гидростатикалық қысым және оның қасиеттері

Сұйықтың және сұйыққа толық немесе жартылай батқан қатты денелердің, тепе-теңдігі кезінде, орын алатын құбылыстар мен заңдарды қарастыратын гидравликаның бөлімін гидростатика деп атайды.
Сұйық тыныштық күйде болғанда оған жанама күш түспейді, яғни тепе-теңдік күйдегі барлық сұйықтардың қасиеттері бірдей болады: абсолют сығылмайды, көлемі ұлғаймайды және жанама үйкеліс болмайды.



    1. Гидростатикалық қысым және оның қасиеттері

Сұйыққа сыртқы күш әсер еткенде, ол ширайды, әрекеттілікке түседі. Тыныштық күйдегі сұйықта пайда болатын, сығатын әрекетті, гидростатикалық қысым деп атайды.



3-сурет
Гидростатикалық қысымды математикалық өрнекпен жазайық. Ол үшін тепе-теңдік күйдегі сұйықтың кез-келген бір көлемін қарастырайық (3- сурет). Оны АВ жазықтығы арқылы I және II бөліктерге бөлейік. Бірінші бөліктегі сұйық екінші бөліктегі сұйыққа АВ жазықтығы бойынша әсер етеді делік. Жазықтықтың ауданын ω деп белгілеп, бірінші бөлікті ойша алып тастайық. Олай болса, қалған екінші бөліктің тепе-теңдік күйін сақтау үшін, ойша алып тасталған бірінші бөліктің, екінші бөлікке әсерін Р күшімен алмастыру керек болар еді. Бұл күш ω ауданына түсіп тұр. Сондықтан Р күшін ауданның шамасына бөліп орташа гидростатикалық қысымды табуға болады
(2.1)
Егер аудан шексіз аз шама болса (Δω), онда оған әсер етуші күш те ΔР аз болады. Осыған байланысты нүктедегі гидростатикалық қысым былай жазылады:
. (2.2)
Гидростатикалық қысымның өлшем бірлігі ретінде Паскаль , килопаскаль , мегапаскаль қолданылады.
Гидростатикалық қысымның мынандай үш қасиеті бар.
Бірінші қасиеті: гидростатикалық қысым әрқашан өзі әсер ететін ауданға ішкі тіктеме бойымен бағытталады (4-сурет).

4-сурет



Екінші қасиеті: сұйықтың кез-келген нүктесіне түсірілген гидростатикалық қысымның шамасы, сол нүктеден өтетін барлық бағыт бойынша өзгермейді, бірдей болады (5-сурет).



5-сурет


Үшінші қасиеті: берілген нүктедегі сұйық қысымы сол нүктенің координаттарына және сұйық тығыздығына тәуелді
. (2.3)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет