Гидростатика Орындаған: Дарханов Д. С. Энгма-20 тобы Гидростатикалық қысым



Дата17.05.2024
өлшемі0,69 Mb.
#202426
Байланысты:
Дарханов Д Гидростатика

Гидростатика

Орындаған: Дарханов Д.С. ЭНГМа-20 тобы

Гидростатикалық қысым


Гидростатика - гидравликаның негізгі бір бөлімі, ол сұйықтың тене-теңдігі мен қатты дененің түгелімен немесе жартылай батқан кездегі сипатын зерттейді. Тыныштықта түрған сұйықтың жанама күш - кернеуі нөлге тең болады да, оған нормалы күш - кернеуі әсерін тигізеді (оның салмақ күші)
Гидростиканың негізі болып, сол нүктедегі сұйықтың тыныштық күйіндегі гидростатикалық қысымы есептелінеді, ол Р таңбасымен белгіленеді. Тыныштықтағы сүйықтың гидростатикалық қысымын Р скалярлық шама деп атайды, ол сол нүктедегі кернеу модуліне тең болады.
Мысалы, 2.1, 2.2-суреттердегі қарапайым тамшыны алайың, оны ортасынан кесіп оған элементарлы нүктедегі ауданша өте кішкене күш әсерін тигізеді. , онда гидротатикалық қысым сұйықтың сол нүктесінде:
онда гидростатикалық қысым ішкі күшке айналады. Егер, р = const болғанда, тепе-теңдік күйіндегі сұйықтың қай нүктесі болса да сыртқы күшті былай табады:
мүндағы, х, у, z - сыртқы күштің тигізетін әсерінен белгілі координатадағы үдеу күшінің кескіні.

Гидростатикалық қысымның қасиеттері

  • Гидростатикалық қысым негізгі үш қасиетімен сипатталады.

Бірінші қасиеті
Сұйық бетіне түсетін гидростатикалық қысым әр уақытта ішкі нормамен А - В бетіне бағытталған (2.3-сурет).
Тыныштықта тұрған сұйық гидростатикалық қысым Н нүктесіне көлбеу бұрышпен түседі, ол кезде түсетін күш екі құраушыға ажыратылады: нормалы Р п жөне жанама Р^А - В бетіне. Жанама құраушы күш, бүл тең әсерлі үйкеліс күші берілген С нүктесі айналасында болады, бірақ сұйық тыныштықта тұрғандықтан үйкеліс күші болмайды, яғни Рт = 0. Демек, гидростатикалық қысым күші Р, С нүктесіне түсетін тек қана Рп бағытында болады, яғни А – В бетіне нормалы түседі. Сонымен гидростатикалық қысым күші әр уақытта сығушы, яғни сүйықтың ішіне қарай бағытталған.

Екінші қасиет

  • Сұйықтың гидростатикалық қысымы қай нүктесіне болсын барлық бағытта бірдей таралады. Гидростатикалық қысымның бұл қасиетін дәлелдеу үшін, тыныштықта тұрған сұйықтың тік бұрышты үшбұрышты призмалы түрін бөліп алып А - В - С. Призма қабырғасына (1.3-сурет) сұйықтың сырттан тигізетін әсерін мына гидростатикалық қысыммен алмастырамыз:

Тік қабырғаға А - В; Р х горизанталды қабырғаға В - С. Р және көлбеу қабырғаға А - С; Ре. Призмаға бұлардан басқа да салмақ күш әсері түседі, dG призманың салмағына тең: ydzdx/2. Сұйықтың тыныштық күйінде тепе-теңдік болуынан барлық күштердің проекциядағы суммасы барлық бағыттағы түсуі нөлге тең, яғни

Үшінші қасиет

  • Нүктедегі гидростатикалың қысым оның кеңістіктегі координатасына байланысты болады, яғни:
  • Нүктенің сұйың бетінен тереңдеген сайын гидростатикалық қысымы артады немесе керісінше тереңдігі кеміген сайын сұйықтың гидростатикалық қысымы кемиді. Сұйықтың бүл қасиеті арнайы дәлелдеуді қажет етпейді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет