бет 3/58 Дата 17.12.2021 өлшемі 260,08 Kb. #102137
Байланысты:
fc2cb3f1-8dcb-11e3-8e6b-f6d299da70eeметод3 Кейіптеу (олицетворение ) - әр түрлі табиғат құбылыстарына , жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл.
Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының , жанрының бірі , басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
Меңзеу (синекдоха) – аз бен көпті , үлкен мен кішіні ауыстырып , немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту , жекеше ұғымның орнына көпше ұғымды алу , алмастыру.
Монография – белгілі бір тақырыпта жазылған , мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбегі.
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін , көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.
Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма , кейде өлеңмен жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: