Біріншіден, бұрынғы оқулықтарда әдебиет жанрларын оқыту жалпылама қарастырылса, ұстаз Қ.Бітібаева лириканы оқыту, эпикалық шығармаларды оқыту, драмалық шығармаларды оқыту деп жеке-дара бөле отырып, оқытудың инновациялық технологиясын ұсынады.
Лириканың түр-түрін оқытуда теориямен қоса, практикалық, танымдық мәселелерге ерекше назар аударылып, оқушы, студент ой-өрісін кеңейтетін тәжірибелік жұмыстар қатар беріліп отырады. Оны оқулықтың 5-ші тарауынан көруге болады. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары, тақырыпқа қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, конструкторлық жобалау технологиясы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстардың жүйесі, т.б. амал-тәсілдер — осы айтқанымыздың дәлелі. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрлерінің берілуі оқулық сапасын арттырумен қатар, оқушының шығармашылық ізденісіне жол ашады. Бұл еңбектің ұстаздар, студенттер қауымына тигізер айырықша көмегін байқатып, сабақ түрлері мен типтерінің молдығын дәйектей түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |