6М020500«Филология» мамандығына арналған «Қазіргі айтыс»


-Дәріс. Көкбай Жанатайұлы



бет2/3
Дата31.12.2019
өлшемі85,79 Kb.
#54523
түріПоэма
1   2   3

7-Дәріс. Көкбай Жанатайұлы.

1. Көкбай Жанатайұлының өмірі мен шығармашылығы.

2. Көкбай Жанатайұлының мұрасы.
Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы, қазіргі Семей облысы, Абай ауданында туған. Тобықты ішінде Көкше руынан. Көкбайдың үшінші атасы — Есбай, Көкше ішіндегі жуан ата саналады. Есбайдың бес баласы: Сарымсақ, Сапақ, Жамантай, Көбентай, Бәйтен. Бүлардың бесеуі де, шетінен ділмар, шешен әрі пысық болып, «Есбайдың бес жүйрігі» атанған. Сапақтың баласы — Қаратай щешен, Құнанбаймен тізелес, Көкшенің ру басы адамы. Жамантайдың баласы — Жанатай. Жанатайдан — Көкбай. Жанатай да сөзге шешен, орта дәулетті, пысық адам болады. Ел басқару ісіне араласпайды. Қаратай сияқты Көкшенің ру басылары Құнанбаймен бірде дос, бірде жау болып жүрсе де, Жанатай Құнанбаймен тату болып, оған арқа сүйеп, өмір бойы одан қол үзбеген.

Көкбай он жасынан бастап, он бес жасына шейін, Төлетай деген молладан оқиды. Он бес жасында оқуды тастап, бозбалалық құрып, ойын-сауық, той-думан қуып кетеді. Ән-күйге, өлең-жырға құштар, талапты жас Көкбай, домбыра тартып, ән салып, өлең айтып, ауыл арасының ойын-сауығынан қалмайтын болады. Жас кезінен ширақ, пысық, өткір тілді, өжет әрі тентектеу де болыпты.

Кісінің мінез-қүлқын, жағымсыз қылығын, ұнамсыз жүріс-тұрысын әзіл-қалжың етіп, қолма-қол суырып салып өлең шығаруға жас күнінен бейім болады.

Көкше ішінде Балтай, Қаракүшік дейтін руының биі, атқамінер ақсақалы — Төребай деген адамды әжуа етіп шығарған Көкбайдың бір ауыз өлеңі елге тарап кетеді:

Көкекте күн ұзайды жазға бастап,

Болады сонда Төкең үйден қашқақ.

Үйінде жалғыз турам дәм болмайды,

Барғанда кісі үйіне сондай асқақ.

Осы өлеңді естіп қойған Төребай қолына түскен жерде, Көкбайды сабамақ болып, тісін қайрап жүреді екен. Бір күні аңдаусызда Көкбай Төребайға кездесіп қалады. Төребай оны ұстап алып:

— Қане, маған шығарған өлеңіңді айтшы десе, Көкбай:

— Төке, мен сіз туралы ешбір жаман сөз айтқаным жоқ, біреу-міреу шағыстырған шығар, — деп жалтарады. «Не деп айтсаң да, айт», — деп қысқан соң, Төребайдан құтылу үшін, сол арада суырыпсалып айтқан өлеңі:

Төрекем Қаракүшік, Балтайдағы,

Адамның туған соң бар қартаймағы.

Қырағы қылт еткенді құтқармайтын,

Ақиық алғыр қыран Алтайдағы, — депті.

Сөйтіп, Көкбай ауылда ән салып, өлең айтып жүреді де, он жеті жасында Семей қаласына оқуға кетеді. Оның орысша оқуға Семейге келуіне үлкен себеп болған Әріп еді.

Көкбай Әріппен бала күнінен жақын таныс болатын. Әріптің руы — Сыбан. Сыбанмен Көкше көршілес ел болады. Әріптің шешесі Жаңғақ — Көкше Қаратайдың туған қызы. Сондықтан Әріп Көкбайға жиен есепті болады. Әріп бала күнінен бастап, нағашы атасы Қаратай ауылына үнемі келіп-кетіп жүрген. Сөйтіп, Көкбай Әріппен жас кезінен таныс. Әріп Көкбайдан 3—4-ақ жас үлкен. Көкбайдың суырып салып айтқан өлеңдері көп болған. Ондай өлеңдерін қағаз бетіне түсірмеген. Тек шәкірттерінің жазып алғандары, ел аузында үмытылмай сақталғандары ғана бізге жеткен.

Көкбай, суырып салма-импровизатор ақындық өнерімен қатар әрі қалам қайраткері. Ол ұзақ өлеңдерін жазып шығаратын болған. Көкбай уақиғалы үлкен шығармалар жазған, кең құлашты — эпик ақын. Оның тарихи тақырыпқа арнап жазған үлкен дастаны — «Сабалақ». «Сабалақ» дастанының жазылу тарихын, Абай туралы естелігінде Көкбай былай баяндайды: «Бір жылы менің өзіме: Абылай хан мен Кенесарының қазаққа істеген еңбектерін ұзақ әңгіме қылып айтып беріп, осыны өлең қыл деді. «Абылай да, Кенесары да қазақтын, мақтан қылатын ерлері. Бұлардың еңбегі де айта қалғандай ұмытпастық еңбек. Сондықтан бастарынан кешкен дәуренді жақсы сезбен жыр қылып ел арасына жаю, жақсы өлеңшінің міндеті. Сен үйіңе барып, орнығып отырып, осыны өлең қылып кел», — деді. Содан кейін үйге келіп отырысымен өлең қылуға кірісіп, күндіз-түні тыным алмай жаздым да, 5—6 күнде бітіріп, Абайға қарай қайта жүрдім. Абай бұл уақытта үлкен ауылынан бауырдағы ауылына тоқалынікіне барып, сонда жатыр екен. Кіші ауыл «Аралтөбе» деген жерде. Үлкен ауылы, Ділдә қыстауы, Ақшоқыда. Біздің ауылдан 70 шақырымдай жерде еді.



Бақылау сұрақтары:

1. Көкбай Жанатайұлының шығармалары.

2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз.

3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.


8-Дәріс. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы

  1. Тайыр Жомартбайұлы өмірі мен шығармашылығы

  2. Тайыр Жомартбаев және ағартушылық ағым

Ол оқытушылық қызметімен ғана шұғылданып қалған жоқ. Семей қаласында мәдени-ағарту жұмысына белсене қатысқан, ойын-сауық, әдебиет кештерін ұйымдастырып халыққа көркемөнер үлгі-өнегесін көрсету ісіне ат салысады. Мысалы, 1915 жылы 13 ақпанда Семей театрының сахнасында қойылған «Қазақша ойын, ән-күй, өлең-жыр» деп аталатын 4 бөлімді үлкен концертті Нәзипа Құлжановамен бірге ұйымдастырушылардың бірі және Абай өлеңдерін орындаушы Тайыр болды.


Тайырдың халықты өнер-білімге, адал еңбекке, еркіндікке шақырып, жар салған шығармалары, мәдени ағарту қызметі дін басыларға, надан байларға ұнамады. Тайыр Жомартбаев 1916 жылы Семейден кетуге мәжбүр болып, 1915-27 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болсында мұғалім болып қызмет істейді.
Ақынның табиғатты суреттейтін өлеңдері осы Зайсан өңірінде өмірге келеді. Мысалы, «Зайсан», «Шыңғыстау» атты өлеңдерін айтуға болады.
Ақынның туған жеріне, өскен еліне деген сүйіспеншілік сезім-сырын шертіп, жан-тәнімен терең тебірене жырлаған толғауы: табиғат шындығымен, көркем суреттеледі:
Сағындым хан Шыңғысты туып өскен,
Сол жер еді ата-бабам кіндік кескен.
Еркесі Сарыарқаның Тобықты елі
Сейіліп, серуендеп сол жерде өскен
Хан Шыңғыс керегедей қанат жайған,
Тау бастау аққан бұлақ әрбір сайдан.
Гүрілдеп тасқын өзен таңырқатып,
Дауысы естіледі әлде қайдан.
Тоғайдың жұпар исі мұрын жарып,
Қол бұлғап шақырып тұр анадайдан…- деп туған жер, өскен елін сағынышын жырлайды.
1927 жылы Семей қаласына қайтып келеді.
1928-30 жылы Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930-37 жылдары Семей пед. техникумында оқытушы болған. Мектептерде, қазақ педтехникумында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндерінен сабақ береді. Өнерге бейім жастардың басын қосып, әдебиет, драма, музыка, ән-би үйірмелерін ұйымдастырып, оларға басшылық етеді. Жомартбаев оқытушылықпен қатар, журналистикамен де айналысып, «Айқап», «Жаңа мектеп», журналдары мен «Қазақ», «Алаш» газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды.
Ақынның «Бөлшек сандар ережелері» деген өлеңі сақталған. «Бөлшек санды қосу ережелерінен» төрт шумақ өлеңмен түсіндірген.  
9-Дәріс. Сәбит Дөнентаев шығармашылығы

  1. Сәбит Дөнентаев өмірі мен шығармашылығы

  2. Сәбит Дөнентаевтің балаларға бергені

Сәбит Дөнентаев - ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің тарихында іргелі орны бар ағартушы - демократ ақындарының бірі. Ол - өзінің шығармаларында еңбекші халықтың өмірін және совет дәуірінің шындығын социалистік реализм әдісімен жырлаған талантты ақын.

   Сәбит Дөнентаев 1894 жылы қазіргі Павлодар облысының, Ақсу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен ескіше хат танып, кейіннен Павлодар медресесінде оқиды. Мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады.

1913 жылы «Айқап» журналында ақынның «Қиялым» деген өлеңі жарияланды. Бұл - ақынның таспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселесінің бәріне үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады.

1916 жылы патша үкіметінің қазақтарды тылдағы қара жұмыстарға алу жөніндегі жарлығы бойынша Екібастұз шахтасында, кейін Рига маңындағы майдан шебінде окоп жұмыс қазу жұмысында болған.

   Туған еліне қайта оралғаннан кейін Семей қаласындағы мұғалімдер даярлайтын курста оқыды. 1919-1922 жылдар арасында қазақ ауылдарында мұғалім, халық соты қызметтерін атқарды.

   1928 жылдан бастап С. Дөнентаев «Қазақ тілі» газетінің редакциясында жұмыс істеп, барлық күш жігерін қазақ әдебиетін дамытуға жұмсайды.

  С. Дөнентаевтың «Қиялым» деген тұңғыш өлеңі 1913 жылы «Айқап» журналында басылып шықты. 1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен шыққан өлеңдерінің алғашқы жинағы жарық көрді. Ал, 1957 жылы шығармаларының академиялық жинағы шықты.

   С. Дөнентаевтың ақындық қызметі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі - 1912-1918 жылдар арасы, екінші кезең - кеңес дәуіріндегі шығармашылығы, яғни 1918-1928 жылдар арасы.

   Ақынның «Заман кімдікі», «Досқа», «Замандастарға», «Балалық» және т.б. өлеңдері халықтың азаттыққа ұмтылу арманын суреттейтін реалистік шығармалар болды.

   С. Дөнентаевтың кеңес дәуіріндегі өлең-жырларында өмір шындығы жан-жақты, кеңінен қамтылған. Ақын шығармалары тақырып, жанр, көркемдігі жағынан да әр алуан болып келеді.



  1.    С. Дөнентаев өз дәуірінің қоғамдық шындығын кең жырлаған, қазақ әдебиетінің өткір сатиралық стильді қалыптастырған ірі суреткер ақын.


10-Дәріс. Уәйіс Шондыбайұлы.

1. Уәйіс Шондыбайұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы.

2. Уәйіс Шондыбайұлы көтерген мәселелері.

Уәйіс Шондыбайұлы — Абайдың талантты ақын шәкірттерінің бірі. Ол әрі әнші, домбырашы, гармоншы және өзі де ән шығаратын сегіз қырлы өнерпаз. Уәйістің ақындық, әншілік өнері өз заманында өз ортасына әйгілі болған.

Абай оның өнерпаз, жас талапкер екенін естіп, білген соң, әдейі арнап шақыртып алып, өлең айтқызып, ән салдырған. Ұлы ақынның сондай мінезі жөнінде Көкбай былай дейді: «Өлең айтқыш жігіттердің сөздерінде нәр, жұғын болса, дәмді сөзін көріп риза болса, ондайлардың өлеңді көбірек айтқанын тілейтін... Өзі біреуге ұзақ әңгіме, ұзақ жыр сияқты нөрселерді айтқызғанда еш уақытта басқа бетен нәрселерге аумай таза көңілмен, үлкен ықылас пен тыңдайтын. Және әрқашан сондайды тыңдап болған соң, мағынасы мен мәнін ұғындырып сын айтатын» (Абай Құнанбайұлы. «Толық жинақ», 1933, 388-390 -беттер).

Абай өз елінің ғана емес, маңайындағы көрші елдердің ішінде өнерпаз жастар болса, оларға да көңіл бөліп отырған. Ондай өнерпаздарды кейде шақыртып та алған. «Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашьшы алғызады. Тағы сол жылы Әсет деген ақынды да сақтайды», — дейді, Мүхтар Әуезов (Абай Құнанбаев, «Толық жинақ», 1933 жыл, 372-бет). Абай сол ретпен Уәйіс ақынды да шақыртып алған. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романында суреттеп жазған. «Бір топ жолдасымен Байғабылдан Ақылбай келген. Абайдың сәлемімен, осы соңғы жылдарда «ақын» деген атағы шыққан Керей Уәйіс, Топайдан Бейсенбай деген ақындар да келіпті. Түстен бері осы қонақтар Абайдың үйіне келіп, сәлем берісіп, түстік астан, күндізгі шайдан ішті. Отаулар, қонақ үйлер, көрші үйлердің қазіргі жататын орындарын анықтасты» («Абай жолы», Екінші кітап).

Сол Уәйіс ақынның өмірбаяны осы күнге дейін жазылған жоқ. Онын, шығармалары жиналып, зерттеліп басылған жоқ. Еркебұлан ғылыми еңбек жазып жүр. бірақ әлі қолға тиген жоқ. Оның Төлеу ақын Кебдіковпен (1874 — 1954) бір ғана шағын айтысы, «Айтыс» атты кітаптың екінші томында 1965 жылы жарияланды. Төлеу мен Уәйіс бір елдін, адамдары және екеуі құрдас болатын. Төлеу марқұмнан Уәйіс жайын сұрағанымызда, оның ақындығын асыра мақтап, ақындығы менен басым еді деп айтып отырушы еді. Уәйістің өлеңдері көп болушы еді және өзі ірі әнші, Абайдың алдын керген, Абайға ұнаған ақын болатын, деп Төлеу ақын Уәйіс туралы ұзақ-ұзақ әңгіме айтатын. Уәйіс туралы білетіндерін жазып бермек те еді. Көп жасап, көпті көрген Төлеу, Абай туралы естеліктерін, нағашысы Сабырбай ақын, шешесі Қуандық ақын, Әріп ақьн, тағы басқа ақындар жөнінде көп мағлүмат жазып берді. Тек Уәйіс жайында жаза алмай кетті. Сол сияқты Уәйістің замандасы әрі жерлесі ақын Кәкім Оңдасынов (1890 — 1976) та оның өлеңдерін жинап жүрмін, жазьш беремін деуші еді. Ол кісі де бізге ештеңе жазып бере алмай кетті. Уәйісті керген тағы бірнеше адаммен ертеректе әңгімелескенімізде олардың бәрі де Уәйістің ақындығын, әншілігін мақтайтын, естерінде қалған бірнеше ауыз өлендерін айтатын. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын Уәйіс бір түн айтушы еді және әлденеше сарынмен домбыраға қосылып, аса қызықты етіп жырлаушы еді дейтін. Бұл арада «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының бір нүсқасын Уәйіс ақынның айтатындығы туралы мәселеге тоқтала кетуіміз керек.

Мұхтар Әуезов былай деп жазады: «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы Бейсенбай деген ақынға «Қозы Көрпеш — Баян сұлудың» жаңа айтқан вариантын хатқа түсірткен. Бейсенбайдың аузынан алынған, Жанақ айтты дейтін «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының бір-екі қолжазбасы бар. Бірақ, Бейсенбай алғашқы Жанақ вариантының аяғын өзгертіп жырлаған. Осы Жанақ — Бейсенбай вариантын Мұхтар Әуезов 1936 жылы Алматыда жеке кітап қылып бастырған. Және бұл нұсқа 1939 жылы басылған «Батырлар жырының» 1-томына енгізілген. Әзірге «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» жырының баспаға шығып, көбірек мәлім болған нұсқасы осы» («Қазақ әдебиетінің тарихы», 1-том, Фольклор, Алматы, 1948. Мұхтар Әуезов. «Ғашықтық жырлары», — «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» 172—173-беттер).

Мұхтардын, осы айтқандарын, Әлкей Марғұлан толықтырып, 1985 жылы шыққан «Ежелгі жыр; аңыздар» атты кітабыңда, былай деп жазады: «Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» жырын Абай мен онын, балалары аса қадірлеген, бұл вариантты жырлаған ақындар Бейсенбай, совет дәуірінде жырлаған — Керей Уәйіс ақын. Оның айтуынша Мұхтар Әуезов жырдың бір көркем вариантын жазып алып (1924), кейін баспадан шығарған» (323-бет) — дейді1.

Әлкей Марғұланның бұл мағлұматы дұрыс берілген деп білеміз. Олай дейтініміз Бейсенбай 1917 жылы қайтыс болған адам (1868 — 1917). Ал, Уәйіс 1925 жылы өлген және ол өмірінің соңғы жылдары Абай елінде, Шыңғыстауда тұрған.

Мұхтар Уәйісті жақсы білген.

1940 жылы Абайдың ақын шөкірттерін зерттеу ісін бастаған кезімде (Қ.М,) Мұхтар Әуезов, Абай шәкірттерінің қатарында Уәйіс ақынды да зерттеп жазу керек, ол Абайдың өзі әдейі арнап шақыртып алған ақыны болатын деген еді және 1924 жылы желтоқсан айында, Семейде Абайдың дүниеден қайтқанына 20 жыл толғанына ескерткіш кеш өткізілгенде, Уәйіс те сол кешке қатынасып, ән салды, ол кезде Уәйіс ақын Абай елінде тұратын деп еді.



Бақылау сұрақтары:

1. Уәйіс Шондыбайұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы.

2. Абайдың ақындық мектебінің маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.



11-Дәріс. 11. Нұрлыбек Баймұратұлы

Нұрлыбек Баймұратұлы өлеңдерінің тақырыптық аясы

Нұрлыбек ақынның айтыстарындағы әлеуметтік сарын

Нұрлыбек дастандарындағы «Ер Төлеген», «Қанды жорық» дастандарындағы тарихи сипат

Нұрлыбек Баймұратұлы шығармашылығының зерттелуі
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.



12-Дәріс. Шәкір Әбенов шығармашылығы

Шәкір Әбеновтің шығармашылық ғұмырбаяны

Шәкір өлеңдеріндегі заман шындығы

Шәкір Әбенов «Қозы көрпеш Баян сұлу», «Кейпін батыр», «Тоқтамыс» поэмаларының көркемдік шеберлігі

Шәкір әбенов шығармашылығының зерттелуі
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.


13-Тәңірберген Әміренов

1. Тәңірберген Әміреновтің шығармашылық ғұмырбаяны.

2. Т.Әміренов және Абай дәстүрі

Тәңірберген Әміренов ақындықтың аулына айтыскер болып та, жазбалықты да игеріп, халықтық поэзияға ден қоя әдебиетке енсе, екінші жағы туып өскен ауылының іргесінде қазақ өлеңінің құдыретін паш еткен кемеңгер Абайдың ақындық мектебінен нәр алды.

Тәңірберген Әміренов 1907 жылы 9-шы қазанда қазіргі Абай ауданы Саржал елді мекенінде дүниеге келген. Бұрынғы деректер бойынша Шаған болысының Қарабұжыр ауылы. Ол өз заманындағы қазақ балалары сияқтыауыл молдасынан жеті жыл оқып, хат таниды. Ақынның баспа бетін көрген алғашқы шығармасы-1930 жылы облыстық «Қазақ тілі» газетінде жарияланған Мойынсерік атты қысқа әңгімесі. Екінші шығармасы сол жылдары жарық көрген «Қазан тоған» атты терме жыр.

Т.Әміренов 1930 жылдың бас кезінде Семей қаласына келеді. Осы жылдың күзінде Алейск қаласына барып, кейіннен Бийск қаласында қант зауытында жұмыс істеген.

Кейіннен Қазақстанға оралған ақынның орақ тілді өткір жырларын ұнатпаған кейбір адамдар оны қудалай бастапты. Кейіннен ақын үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр деген айыппен 1951 жылы тұтқындалып 25 жылға сотталады. Осы кезде ашынған ақын:

Сұм дүние жастай жаншып қорладың да,

Өре сап өмірімді торладың да.

Еркіммен құлашымды бір жаздырмай,

Басыма бейнет пен сор орнаттың да деп жазады.

Бақылау сұрақтары:

1.Тәңірберген Әміреновтің шығармашылық ғұмырбаяны.

2. Т.Әміренов айтыстары


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.


14-Дәріс. Қалихан Алтынбаев шығармашылығы

1. Қалихан Алтынбаевтың ғұмырбаяны

2. Қ.Алтынбаев-айтыскер ақын.
Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, дарынды да, парасатты ақындардың бірі-Қалихан Алтынбаев. Қ.Алтынбаев Семей өңірінде қазіргі Жарма ауданы Малай ауылына қарасты Қаратал қыстағында 1927 жылдың қараша айында дүниеге келген.Өлең өнерінде пір тұтқан, ұстаз тұтқан, ұстаз санаған ақындарды жырына қосқан Қалихан ақын оларды дәріптей құрметтеген:

Менің атым Қалихан,

Ұстазым-Төлеу, Нұрлыбек.

Тәңірберген қаракөк

Тоқсан асқан Шәкір бар,

Шынжыр балақ асыл тек.

Қайран да менің Семейім.

Ақынның «Дала бесік», «Қиял қанатында» жыр жинақтары бар.

Қалиханның «Көркейген менің Көкпектім», «Тауларым, менің тауларым», «Туған жер әуендері» өлеңдерінде өз туған жеріне, Отанына деген шексіз сүйіспеншілікті байқауға болады.

Қалихан Алтынбаевтың Көсембек Байғұтдинов, Тәңірберген Әміренов, Сағынали Мұқанов, Ғаббас Шөкімұлы, Мақан Баймурзин, Көкен Шөкеев, Сара Тоқтарбаевалармен айтысы айтыс өнері тарихындағы келелі туындылардың бірі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ақынның айтыстары

  2. 2. Қалихан Алтынбаевтың эпикалық туындылары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.


15-дәріс. Қазіргі кезеңдегі Семей өңірі ақын-жазушыларының шығармашылықтары.

1.Ерғазы Рахимов шығармашылығы.

2.Несіпбек Айтұлы шығармашылығы

3.Т.Әбдрахманова туындылары

4.Мұхтар Мағауин прозасы

5.Қабдеш Жұмаділов прозасы


Ерғазы Рахимовтың шығармашылық ғұмырбаяны

Несіпбек Айтұлының өлеңдерінің көркемдік ерекшілігі

Несіпбек Айтұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі

Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасының жанрлық ерекшеліктері

Т.Абдрахманова өлеңдерінің тақырыптық аясы

Т.Абдрахманова өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері

Т.Абдрахманованың Қасым Аманжолов шығармашылығын зерттеудегі ролі

М.Мағауиннің шығармашылық ғұмырбаяны

М.Мағауиннің «Аласапыран» романының тарихи көркемдік қырлары

М.Мағауин шығармашылығының зерттелуі

Қабдеш Жұмаділовтің повестеріндегі ауыл адамдары бейнесі

Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш», «Тағдыр» романдарындағы тарихи шындықтың көркемдік бейнесі

Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» романының көркемдік сипаты

Медеу Сәрсекевтің қазақ фантастикасы жанрын дамытудағы орны

Айгүл Кемелбаева туындыларындағы философия

Роза Мұқанова шығармаларындағы драматизм

Тыныштықбек Әбдікәкімов өлеңдеріндегі философиялық сарын
Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі кезеңдегі өңірлік ақындардың шығармаларының тақырыптық аясы

2. Өңірлік жазушылар туындыларының көркемдік сипаты
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.




  1. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР



1. Әріп Тәңірбергенұлы шығармашылығы


  1. Әріп Тәңірбергенұлы өмірі мен қызмет жолы

  2. Әріп Тәңірбергенов шығармашылығы және Абай ақындық дәстүрі.

  3. «Біржан - Сара» айтысы және Әріп Тәңірбергенов.

  4. Әріп шығармашылығының жинақталу, насихатталу, зерттелу тарихы.

  5. Ә.Тәңірбергенов өлеңдерінің тақырыптық аясы.

  6. Әріп айтыстары мен сөз қағыстарының ақындық импровизация.

  7. Ә.Тәңірбергенұлының хиссалары


2. Әсет Найманбайұлы шығармашылығы.

1.Әсет шығармашылығындағы Абай дәстүрі.

2.Әсет өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік сипаты.

3.Әсет Найманбайұлы айтыстарының көркемдік мәні.

4.Әсет Найманбайұлы туындыларындағы шығыстық сарын.

5.«Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасы.


3. Көкбай Жанатайұлы туындылары

1.К.Жанатайұлы арнауларының тақырыптық аясы.

2.«Сабалақ» дастанындағы Абылай бейнесі.

3.«Наурызбай-Фатима» дастанының негізгі тақырыбы.

4.К.Жанатайұлы мұрасының зерттелу тарихы.

5.«Һарун Рашид», «Ғадыл патша» қиссаларының сюжеттік желісі.

6.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі
4. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы

1.Т.Жомартбаев шығармашылығының насихатталуы, зерттелуі.

2.Т.Жомартбаев өлеңдерінің тақырыптық мәні.

3.«Балаларға жеміс» кітабының әдебиет тарихында алатын орны.

4.«Қыз көрелік» романың көркемдік ерекшелігі.

5.Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары


5. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығы

1.Уәйіс Шондыбайұлы өлеңдеріндегі заман сипаты

2.«Бір қыздың уақиғасы» дастанындағы шығыстық желі

3.«Жошы-Алаша хан» дастанындағы аңыздың берілуі

4.Уәйіс ақынның «Тәуке-Жікібай» дастанының жанрлық ерекшелігі

5.Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі


6. Төлеу Көбдіков туындылары

1.Төлеу Көбдіков өлеңдеріндегі заман бейнесі

2.Төлеу ақын айтыстарында көтерілген әлеуметтік мәселелер

3.Төлеу Көбдіков шығармашылығының зерттелуі


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет