6М090200 -туризм мамандығы бойынша


Білім беру бағдарламасының пререквизиттері



бет3/20
Дата22.06.2022
өлшемі68,61 Kb.
#146980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
6М090200 Туризм каз

3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
1) туризм МЕНЕДЖМЕНТі - 3 кредит
2) Туроперейтинг – 3 кредит
3) туризм маркетингі – 3 кредит
4) халықаралық туризмнің географиясы – 3 кредит


4. Емтихан тақырыптарының тізімі


Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың нақты түрлері бағдарламада берілген тақырыптардан өзгеше түрде болуы мүмкін.
Пән TN 1302 «Туризмология негіздері», 3 кредит
Бос уақыт, оның функциялары және адам өміріндегі орны. Рекреациялық іс-әрекет туралы түсінік, оның аумақтық бөлінуі – күнделікті, апталық, жылдық рекреация. Адамның тұрақты жерінен тыс жердегі әрекеті ретіндегі «рекреация» анықтамасы. Туризм – рекреацияның бір бөлігі. Демалушы-рекреант-турист ұғымдарының арақатынасы. Демалыс-рекреация-туризм-экскурсия ұғымдарының арақатынасы. Рекреацияның қалыптасуының өндіруші күштер мен қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты негізгі кезеңдері. Рекреациялық іс-әрекеттің бұқаралық құбылысқа айналуының объективті алғышарттары.
Рекреациялық қажеттіліктер – рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру негізі. Қоғамдық, топтық және жеке дара рекреациялық қажеттіліктердің өзара әрекеттесуі. Рекреациялық қажеттіліктерді зерттеудің бағыттары мен әдістері. Демалушылар топтарының табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстарды, рекреациялық әрекеттер циклдарын, демалыс орындарының сәулеттік-жоспарлаулық құрылым ерекшеліктерін, демалыстың белсенділік сипатын, әлеуметтік және жасмөлшерлік ұласуларды және т.б. таңдауы туралы түсінік.
Рекреациялық іс-әрекет – әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Оның мән-мағынасы, құрылымы, классификациясы. Рекреациялық іс-әрекет – территориялық рекреациялық жүйелердегі (ТРЖ) жүйе құрушы фактор. Еңбек пен демалыс режимінің арақатынасы. Рекреациялық іс-әрекеттің қоғамдық функцияларының сипаттамасы: 1) медициналық-биологиялық; 2) әлеуметтік-мәдени; 3) экономикалық; 4) саяси, 5) экологиялық функция. Рекреациялық іс-әрекет эволюциясының тенденциялары. Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциялары: 1. Қалпына келтіру: а) емдеу; б) сауықтыру; 2. Дамыту: а) физикалық яғни дене шынықтыру (спорттық рекреация); б) рухани (тану және шығармашылық) функция. Рекреациялық әрекеттердің жүйелері және циклдары. Тәуліктік, жүйелі демалыстық және өмірлік циклдардың құрылымы. Рекреациялық қызмет көрсету – бейматериалдық өндірістің саласы. Рекреациялық жүйе мен ТРЖ: сала мен кәсіпорын ұғымдарының арақатынасы ретіндегі ұғым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет