Пән: Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиетік білім беру Тақырыбы:Эпостық жырлардың көркемдік ерекшеліктері Мектепке дейінгі және арнайы педогогика кафедрасы 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасы Шымкент, 2023 Орындаған: Бейсен Қ, Мірәлі А
Топ:1201-21
Қабылдаған: Танабаева Г.Т
Жоспар:
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Эпостық жырларға сипаттама
2) Эпостық жырлардың түрлері
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпикалық поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпикалық тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді.[1]
Эпостық жырлар туралы сипаттама Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар.
Қазақ халқының көне эпостық жырларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме-дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс-тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. [2]
Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды. Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Таргын», «Қамбар батыр» жатады.[2]