Тарихи жырлар — белгілі тарихи оқиғаларға байланысты туған эпикалық шығармалар. Тарихи жырларда оқиғаның дәлдігі сақтала бермейді.
Әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан қорытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалық мақсаттар қаға-беріс қалып, жалпы халықтық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар Тарихи жырларда ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе көркемдеу құралы (гипербола) Тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі — ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты кейіпкерлер — тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары — көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды.[3]
Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" (М.Әуезов)
Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" (М.Әуезов)
Қорытынды
Сонымен көне мифтер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар, тарихи жыр-өлеңдер — мұның бәрі де қазақтың тек әдеби туындылары ғана емес, әрқайсысында еліміздің тарихының табы, бедері бар тарихи деректер, қайнар-бұлақтар деп қарастырған жөн. Бұл мәселелерді белгілі әдебиетші-фольклоршыларымыз зерттеген . Эпостық жырларға - көне жырларды , ертегілерді ,аңыз - әңгімелер тағы басқа жатады .Эпостық жырлар оқиғаларды баяндау , әңгімелеу болып табылады.