Реферат пәні: Ұлы Дала Фольклоры Тақырыбы:Ұлы дала фольклоры-ұлт қазынасы Орындаған:Үсей Елдос



Дата20.11.2022
өлшемі25,1 Kb.
#159013
түріРеферат
Байланысты:
Үсей Елдос КЯЛ21-1.K
8-9 бак, 1547916044, диф лат

«Манаш Қозыбаев»атындағы Солтүстік Қазақстан университеті



РЕФЕРАТ


Пәні: Ұлы Дала Фольклоры
Тақырыбы:Ұлы дала фольклоры-ұлт қазынасы

Орындаған:Үсей Елдос
Тексерген: Кулибекова Жанар Сеилбековна
Петропавл 2022

Сирек қорлардағы қолжазба мұралар­ды ғылыми айналымға енгізіп, әсіресе өс­келең ұрпаққа таныстыруды мақсат еткен инс­титут ғалымдарының бір жыл­­ға жуық жинақтаған осынау ең­бек­тері маз­мұндық тұрғыдан алғанда аса құн­ды. Институт директоры Кен­жехан Ма­тыжанов атап өт­кендей, осы жылы 5 то­мы жарық көрген «Дала фольклорының антологиясы» батырлар жыры, дастандар, ғашықтық және тарихи жырлармен ерекшеленеді. Жинаққа «Мәдени мұра» бағ­дарламасы бойынша жарық көрген «Бабалар сөзінің» 100 том­дық антологиясындағы ең таңдаулы жаз­балар іріктелген. Республика бойын­ша жинақтал­ған қолжазбалар мен тың де­рек­терді де осы жинақтан табуға бола­ды. Ғалымдар заманауи қо­ғам­ның цифр­лы сұранысын да басшылыққа алған. Ұлт­тық­ эпостың таңдаулы үлгілері алғаш ірік­теліп, түпнұсқасымен салыстырылып, текс­тологиялық зерттеуден өткен. Бірінші то­мына көне эпос және батырлар жыры енсе, екінші томында «Қырымның қырық батыры» жырлар топтамасы, үшінші томында тарихи жырлар, төртінші томында ғашықтық жырлар, бесінші томында дас­тандар қамтылған.


Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән - мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халық бұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже - қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген. «Дала фольклорының антологиясы» жинағының «Тарихи жырлар» атты III томына «Абылай хан», «Хан Кене», «Ер Жәнібек», «Райымбек батыр», «Барақ батыр», «Ағыбай батыр» сияқты тарихи эпостың таңдаулы үлгілері жинақталған. IV томы «Ғашықтық жырлар» деген атпен жарық көрді. Бұл томда елімізге белгілі махаббат пен сүйіспеншілікке толы ғашықтық жырлары топтастырылған. Жинаққа көпшілікке танымал «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Бозжігіт», «Бозаман» сияқты махаббат жырлары енген. Ел арасында танылған жырларды ең алғаш қағаз бетіне түсіріп, оларды жинағақтаған Ш.Уәлиханов, И.Н. Березин, М.Ж. Көпеев, В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, М.Әуезов, Ә. Қоңыратбаев сияқты танымал тұлғалардың еңбектері қаралды. Ал жинақтың V томы «Дастандар» деп аталды. Томға XIX ғасырдың бірінші жартысынан бастап хатқа түскен, ел арасында ауызша және жазбаша түрде тараған жыр дастандары енген. Мәселен, «Наурызбай-Қаншайым», «Сыршы молда», «Құлқаныс-Зеберше», «Дариға қыз», «Киік», «Миғраж» сияқты дастандар топтастырылды. Қазіргі уақытта бұл басылым 10 000 данамен жарыққа шықты. Жинақты аймақтағы барлық кітапхана мен мектеп кітапханасына дейін жеткізу көзделген. «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында бізге «Дала фольклорының анто­логиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұра­герлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жи­нақталады. ...Ұлы даланың фольклоры мен әуен­дері заманауи цифрлы форматта «жаңа ты­ныс» алуға тиіс. Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз» Ұлттың әдеби мұрасын зерттеумен айналысатын бас ғылыми орталық М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институтының мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында «Дала фольклорының антологиясы» он томдығының 5 томын, «Ұлы даланың көне сарындары» үш томдығының 1 томын және «Ұлы дала жауһарлары» бес томдық антологиясының алғашқы томын көпшілік қауымға таныстырды.
Сирек қорлардағы қолжазба мұралар­ды ғылыми айналымға енгізіп, әсіресе өс­келең ұрпаққа таныстыруды мақсат еткен инс­титут ғалымдарының бір жыл­­ға жуық жинақтаған осынау ең­бек­тері маз­мұндық тұрғыдан алғанда аса құн­ды. Институт директоры Кен­жехан Ма­тыжанов атап өт­кендей, осы жылы 5 то­мы жарық көрген «Дала фольклорының антологиясы» батырлар жыры, дастандар, ғашықтық және тарихи жырлармен ерекшеленеді. Жинаққа «Мәдени мұра» бағ­дарламасы бойынша жарық көрген «Бабалар сөзінің» 100 том­дық антологиясындағы ең таңдаулы жаз­балар іріктелген. Республика бойын­ша жинақтал­ған қолжазбалар мен тың де­рек­терді де осы жинақтан табуға бола­ды. Ғалымдар заманауи қо­ғам­ның цифр­лы сұранысын да басшылыққа алған. Ұлт­тық­ эпостың таңдаулы үлгілері алғаш ірік­теліп, түпнұсқасымен салыстырылып, текс­тологиялық зерттеуден өткен. Бірінші то­мына көне эпос және батырлар жыры енсе, екінші томында «Қырымның қырық батыры» жырлар топтамасы, үшінші томында тарихи жырлар, төртінші томында ғашықтық жырлар, бесінші томында дас­тандар қамтылған.
Кенжехан Ісләмжанұлы бү­гінде институтта 5 мыңнан астам папкіге жинақталған қолжазба деректер бар екендігін айтады. Әртүрлі кезеңді қамтитын дерек­тердің ішінде араб қарпі, латын, бертіндегі кириллицада жазылған қолжазбалар бар. Ан­тологияға «Қобыландының» 20-дан астам үлгісінен жырдың ең көркемі таңдап алынса, қол­жазба қорындағы 700 мың метр магниттік таспадағы әндер де іріктеліп, ән мақамдары қал­пына келтіріліп, цифрлы жүйе­ге көшірілген. Кеңестік кезеңде өзгеріске ұшыраған ха­лық ән­дерін түпнұсқа мәтінге кел­ті­ріп, жаңа нұсқасын ұсынуда ғалымдардың көп еңбектенгені белгілі. Ал бұрын-соңды жинақы, жүйелі түрде жарияланбаған «Ежелгі дәуір әдебиетіне» енген Финлян­дия, Моңғолиядан табылған жазба ес­керткіштерінің өзі күні бүгінге дейін әр­түрлі нұс­қада оқылып келген. Сирек қорлардағы қолжазба мұраларды сараптай келіп, мамандар халық әдебиетінің жанрлық түрлері бойынша ең таңдаулы үлгілерін жүйелеп, бүгінгі аудиторияға қолжетімді етіп ұсынып отыр.
«Ұлттық эпосқа арналған бұл том­дардың кітап түріндегі нұсқасы еліміздің қолжазба қорлары мен бұрын жарияланған жинақтардың, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердегі қазақ диаспораларының материалдарын жете саралап, іріктеу негізінде дайындалды. Жырлар текстологиялық тұрғыдан қайыра салыстырылып, ғылыми сарапшылар арқылы іріктеліп, тілі көркем, сюжеттік құрылымы шымыр, мазмұны бай, жырлауға лайықты сарындарымен бірге таңдалды. Әрбір том түрлі-түсті суреттермен, ноталармен, иллюстрация­лармен, фо­толармен т.б. безендірілді, сондай-ақ эпостық жырлардағы басты қаһарман­ның суретшілер салған халыққа танымал бейнелері ұсынылды», дейді К.Матыжанов.
«Ұлы даланың көне сарындарына» да таң­даулы мәліметтер енген, дейді жоба жетекшісі, институттың музыкатану бөлімі­нің меңгерушісі, өнертану кандидаты Айнұр Қазтуғанова. Архив, қор материалдары негізінде жинақталған еңбекке 1935 жылдан бергі кезеңдегі аудиожазбалар арқау болған. Екі тараудан тұратын басылымның «Музыкалық фольклор» бөліміне ежелгі наным-сенімдерге қатысты «Бақсы сарындары», ғұрыптық әндерге жататын «Жар-жар», «Сыңсу», «Көріс», «Беташар» сияқты үйлену ғұрыпының сарындары, азалау ғұрпына байланысты «Жоқтау», «Жұбату», «Дауыс», «Көңіл айту», «Көрісу» үлгілері мұрағат материалдарынан іріктеліп алынды, дейді ғалым. Жинаққа сонымен қатар 2012-2014 жылдардағы іссапар кезінде Қытай және Моңғолияны мекендеген қазақтардан жазылып алынған тұрмыстық әндер, балалар фольклоры «Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры», «Жұмбақ өлең», кәсіптік өлең-жырлар «Төйгелеу», «Шөрелеу» үлгілерінің де сарындары енген
Ғалымдар сирек қорлардағы қолжазбa мұраларын сараптай келіп, халық әдебиетінің жанрлық түрлері бойыншa ең таңдаулы үлгілерін жүйелеп, бүгінгi аудиторияға қолжетімді етіп ұсынып отыр. Цифрландырудың арқасында жоғарыда аталған барлық томның электрон нұсқалары мен аудионұсқалары әзірленген. Мәселен, «Ұлы даланың көне сарындары» атты антологияның бір томы кітап өнімі ретінде, QR-кодпен цифрлық форматта, СD-таспасымен жарыққа шыққан. Әзірленген audiobook пен ebook арнайы жасақталған онлайн платформаға жүктелген. Оларды кітаптың мұқабасындағы QR-код арқылы жүктеп, оқуға, тыңдауға болады.

Жоба бойынша жинақтардың кітап, электрон және аудионұсқаларын қатар дайындау үшін 20 ғылыми қызметкерді қоса есептегенде 70-тен астам маман жұмыс атқарған. Сонымен қатар жобаны орындау кезінде Қазақстанның көптеген аумақтық университетінің оқытушыларымен, студенттерімен шығармашылық байланыс орнатылған. Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда облыстарының аумақтық университеттерінде «Дала фольклорының антологиясы» 10 томдығының алғашқы 5 томының тұсаукесер рәсімі өтті. Сондай-ақ Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар университеттерің фольклортанушы ғалымдарымен қарым-қатынастар орнатылып, 5 жетекші ғалым жинаққа ғылыми сарапшы болды. Жобаны орындау барысында алыс-жақын шетелдердің ғалымдарымен шығармашылық байланыс орнатылып Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан елдерінің белгілі ғалымдары жинаққа ғылыми сарапшы ретінде қатысқан.



Шынын айтқанда, дәл осындай – заманға лайық форматта (электрон кітап, аудионұсқалар) фольклор туындылардан 10 том жинақ, оның өзге тілдердегі аудармасын жасаған елдер әлемде кем де кем. Сондықтан бұл басылымдарға Ресей, Орта Азия елдерінің ғалымдары қызығушылық танытып отыр. Жоба толық орындалғаннан соң «Антологияға» байланысты шетелдерде насихат жұмысын жүргізу мақсатымызда бар, — дейді Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және текстология бөлімінің меңгерушісі, «Дала фольклорының антологиясы» 10 томдығының жауапты редакторы Тоқтар Әлібеков.
2020 жылы «Дала фольклорының антологиясы» 10 томдығының қалған 5 томы жарық көрмек. Олардың 6-том – «Ғұрыптық фольклор», 7-том – «Прозалық фольклор. Ертегілер», 8-том – «Прозалық фольклор. Аңыздар», 9-том – «Халық өлеңдері», 10-том – «Ғибраттық фольклор» деген атаумен басылып шығады. Сонымен қатар қазақ фольклорының озық үлгілерін әлем жұртшылығына таныту мақсатында жобада таңдаулы халық туындыларын аударып, 2021 жылы орыс тілінде 3 том, ағылшын тілінде 3 том (барлығы – 6 том) жинақты баспадан шығару жоспары көзделген.
Дәл мұндай басылымдар әлем фольклорында жарыққа шықпаған. Мәселен, бір кітап, екі кітап жарық көруі мүмкін. Бірақ біз секілді кешенді басылым шығарған елді көрген жоқпыз. Сондықтан бұл жобаның әлемдік маңызы бар. Әлем елдерінің басым бөлігінде фольклорлық жинақтар жоқ деп айтуға болады. Ағылшындар мен француздар жазба әдебиетіне мықты келеді. Бірақ ауыз әдебиетіне келгенде жұтаң. Сондықтан біздің атқарып жатқан жобаның әлемдік маңызы бар, — дейді Тоқтар Әлібеков.
Қазіргі таңда еліміздің қолжазба қорларында халық әдебиетінің миллионнан астам түрлі үлгісі сақталған. Оларды толық танып-біліп, ғылыми тұрғыда игеру үшін көп жыл қажет болады. Сондықтан олардың таңдаулыларын топтастырып, заман талабына лайықтап, жариялауға Елбасы Нұрсаұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық еңбегі арқау болды. «Дала фольклорының антологиясы» 10 томдығы жобасы толық аяқталған жағдайда, қарапайым оқырмандарға, оқушылар мен студенттерге қолжетімді, әлемдік форматтағы бұл басылымдар еліміздің руханиятын жаңғыртып, жас ұрпақтың ұлттық тілін, ділін, салт-дәстүрін ұмытпауына зор ықпал ететін болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет