Асхатқызы Аида
КЯ 18 3
Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат
Бұл Абайдың жастарға арналған достық, татулық, жар сүю мәселесін қозғайтын насихат өлеңі. Ақын бірден«жігіттер» деп, есейген бозбалаларға, жар сүюге, үй болуға жетіп қалған жастарға сөзін қаратып айтып, соларға дос табу, жар таңдау, үй болу туралы айтады.Өмірден көргені мен түйгені көп Абай өңкей жастарға шын ықласымен ақтарыла ақылын айтады.
Жігіттер, ойын-арзан, күлкі-қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Ойын сауық
Өлеңнің бастапқы шумағында «ойынды арзан» «күлкіні қымбат» етіп сөздердің мағынасын аша түсу мақсатында дана Абай бір-біріне қарама-қайшы мағынадағы, антонимдік қатынастағы екі сөзді таңдаған: арзан және қымбат. Ақынның қымбат деп қолданған сөзі күлкі емес, адамдардың ішкі жан дүниесі, ниеті мен шынайы ықыласы болып тұр.» Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деп, сыр деп – ішкі болмысын айтса, ол ниеті, ықыласы, ал сымбат – сыртқы көрінісі, бет-бейнесі деп айтқысы келген сияқты. Яғни,»екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат»деп жігіттің ішкі сыры мен сыртқы сымбаты үйлесуі керектігін айтып отыр.
«Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, ер табылса жарайды, қылса сұхбат» деп, шынайы қарым-қатынас яғни ақ пейіл,ақ ниет туралы айтып отыр.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр құлақ ұққанынша,
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзін өз халінше- бұл жолдарда жігіттердің 3 типі болатыны туралы айтқан. Бірінші тип жігіттері сөзге мән бермейтін жігіттер туралы айтырлған. Өзінің сөзіне де берік емес, адамдардың айтқан сөзінде, ақылында жадында сақтамайтын жігіттер жайында; Екінші тип жігіттері айтылған сөздерді, өздері айтатын ойды өз шама-шарықтарына қарай қабылдайтын жігіттер. Олардың өз ойлары көп нәрсеге жете қоймайды. Үшінші тип жігіттері сөздің қадірін, мағынасын, айтайын деген ойды тереңінен түсінетін жігіттер. Айтылған сын-пікірлерді дұрыс қабылдай алатын, сөздерін орынды қолданатын,сөзді орынды қолдана білетін ақылды жігіттер туралы.
Бұл өлең арқылы Абай жігіттерге ақыл айтады. Өлеңде бір нәрсеге ұмтылу, мақсат қою және оған жету керек деп айтылады. Жалқау болудың қажеті жоқ, пайдалы болу керек.Сонымен қатар,өлеңде қандай достармен сөйлесу керектігін, әдепті және мейірімді болу керектігін айтады.Қазіргі таңда мотиватор деп жатамыз ғой,міне нағыз мотиватор-Абай!Өзінің өлеңдерімен сөз құдіретін дәлелдейді,яғни өлеңдегі сөздермен ол адамды өзгерте алады.
Керек іс бозбалаға талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық...» -
деп, жастардың алдына үлкен өмірлік мақсат қоюы қажет екенін ақын айрықша атап көрсетеді.
Жарқ етпес қара көңілім не қылсада
Абайдың сүйген жарынан ажырап,алыста қалған жігіттің зарығып айтқан сағынышын білдіретін махаббат лирикасы.
«Қара көңілім» сөзі- мысалы, бұрындары бірінен соң бірі балалары кете беріп, қайғыдан қан жұтып қарайып қалған қара көңіл деп айтушы еді,қара өлең, қара қазақ деген сияқты қара көңіл.Яғни бұл жерде ақынның «қара көңілі»-түңілуі.Абай өзінің қолы жете алмай қалған ғашығына осылай ынтығады. Дүниеде өзіне Тоғжаннан артық жар табылмайтынына мойынсұнады.
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына табынса да.
Ғашықтық құмарлық пен ол екі жол
Ақынның шабыттана көп жазған махаббат лирикасына жатады. Абай бұл өлеңде екі жастың сүйіспеншілігі мәселесіне үңіліп, философиялық салмақты тұжырым жасайды. Ақынның айтуынша, ғашықтық пен құмарлық - екеуі екі нәрсе, екі жол. Жақсы көргеннің бәрі ғашықтық емес. Құмарлық пен ғашықтықтың арасы жер мен көктей. Ақын құмарлықты - нәпсі құмарлық деп түсінеді: «Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол». Ал, ғашықтық - ерекше, жоғары сезім. Ғашықтық пен көрсе қызар құмарлықты ажырата білу керек. Абай ғашықтықты ауруға, ғашық адамды ауру адамға теңейді. «Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып» деп жырлайды. Ғашығыңнан үміт үзсең, «тұла бой тоңар, суыр», ал «Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып» дейді. Абайдың лирикалық кейіпкері ғашығына «Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, мен не болсам болайын, сен аман бол» дейді. Бұл - шын ғашықтың ғана айтатын сөзі. Ғашығына «сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!», «Жасырынба, нұрыңа жан қуансын» деп тіл қатады. Өлеңнен Абайдың ғашықтықты аса жоғары бағалағанын аңғаруға болады.
Ғашықтық, құмарлық пен - ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Абай ғашықтықты, сүюді, жақсы көруді өз басынан өткізіп тіл шеберлігі мен сөз көркемділігі арқылы жеткізіп айтады. Ғашық жарына - мен не болсам болайын, сен аман бол - деп тұр.
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып.
Жүдетер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе,
Дәмеленсе, өртенер күйіп - жанып.
сыртқы көркемділігі мен сөздің ішкі мазмұны шын ғашық болған адамның кейіпін танытып жатады.
Махаббат нәпсілікті көтермейді
Достарыңызбен бөлісу: |