6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


ІІ. Ақпараттық тарау (практика базасы туралы мәліметтер)



бет3/3
Дата22.04.2022
өлшемі0,64 Mb.
#140409
1   2   3
Байланысты:
Практика пед
Pneumonya, ответы рубежок и сессии первого года обучение, mustafaev-landshafttar, mustafaev-landshafttar, УМК Механика 1 курс 2021, 1-2 week, Іndependent work of teachers with students, Фтиз рубеж новый.docx, 11-14 жас аралығындағы дене шынықтыру сабақтары, ДНН РК, марк 11
ІІ. Ақпараттық тарау (практика базасы туралы мәліметтер)

13 «Бөбек» балабақшасының


Меңгерушісі
_________ А.Е.Калиева
«____» _________2021 ж.
Күншуақ ересек тобының тізімі



1

Мақсатов Дарын

2

Әділхан Расул

3

Сертай Жанайым

4

Қайратқызы Нұршат

5

Берғазин Артур

6

Конурбаева Асылым

7

Сертай Назар

8

Төлеген Мейіржан

9

Іңірбай Аңсар

10

Ғани Асылназ

11

Нұрланұлы Расул

12

Сагинтаев Мансур

13

Кеңес Асанәлі

14

Жұбаныш Қайнар

15

Мырзабек Сая

16

Абдурахман Кенжебек

17

Бердалы Аида

18

Бегім Ботагөз

19

Нұрланқызы Еркежан

20

Қанатқали Асылайым

13 «Бөбек» балабақшасының


Меңгерушісі
_________ А.Е.Калиева
«____» _________2022 ж.

«Күншуақ» ересектер тобының 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі

Апта күндері

ҰОҚ



Дүйсенбі





Құрастыру(1-3)
Дене шынықтыру
Сурет салу
Ертегілер елінде



Сейсенбі



Сөйлеуді дамыту
Дене шынықтыру
Мүсіндеу (1-3)





Сәрсенбі



Жаратылыстану
Музыка
Жапсыру (2-4)





Бейсенбі



Математика
Дене шынықтыру
Көркем әдебиет





Жұма



Қоршаған ортамен танысу (2-4)
Орыс тілі (1-3)
Музыка (2-4)
Кішкентай зерттеуші (1-3)
Табиғаттың досымыз (2-4)





Барлығы:



14 сағат



ҰОҚ ұзақтығы:

20-25 минут

Бекітемін
«№13» «Бөбек» бөбекжай –
балабақшасы меңгерушісі
------- Қалиева А.Е
2022-2023 оқу жылының «Бөбек» бөбекжай ересек тобының
Күн тәртібі



Күн тәртібінің бөліктері

Ересек топ

1

Қабылдау,ойындар,таңертеңгілік,жаттығу,
гигиеналық шаралар



08.00-08.30

2

Таңғы ас

08.30-08.50

3

Ойындар,ҰОҚ-не дайындық

08.50-09.00

4

ҰОҚ
Үзілісті қоса есептегенде

09.00-11.30

5

Серуенге дайындық.Серуен

11.30-12.50

6

Серуеннен оралу,түскі асқа
Дайындық

12.50-13.00

7

Түскі ас

13.00-13.30

8

Ұйқыға дайындық.Ұйқы

13.30-15.30

9

Біртіндеп ұйқыдан ояту,ауа,су шаралары.Бесін асқа дайындық

15.30-15.50

10

Бесін ас

15.50-16.10

11

Ойындар,дербес әрекет.Баланың жеке даму картасына сәйкес жұмыс

16.10-16.40

12

Серуенге дайындық.Серуен.Кешкі асқа дайындық

16.40-17.50

13

Кешкі ас

17.50-18.10

14

Үйге қайту

18.10-18.30


III. Әдістемелік бөлім
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Көктемгі еңбек құралдары.
Мақсаты: Адамдардың көктемгі еңбегімен таныстыру. Көктемгі еңбекке арналған құрал-жабдықтарды ажыратып атай білуге, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсініп еңбек әрекетінде қолдана білуге үйрету. Таным белсенділігін арттыру. Ерексектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту және оның нәтижелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілктер: көктемгі тіршілік, адамдардың жұмыс істеп жатқаны бейнеленген мазмұнды суреттер, адамдардың көктемгі тіршілігі.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарыңдаштар, еңбек құралдары мен техникалардың суреттері.
Алдын ала жасалатын жұмыс: адамдардың еңбегін бақылау; адамдардың тіршілігі туралы әңгіме жүргізу, шаттық шеңберіне байланысты өлең жаттау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-
қозғаушылық

Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздерме деп,
Сәлемдесіп аламыз

Балалар жақсы көңіл күймен амандасады.


Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайық.Әр жыл мезгілінің өзіндік ерешеліктері болады.Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады
Ал, балалар айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады? 
Қазір біз көктемге саяхатқа шығамыз.Көктемде күн қандай болады? Қар еріп , күн жылынып, жылғалардан су ағады, бұтақтар бүр жарып, жер көктейді, кейбір аңдар ұйқыдан оянады,малдар төлдейді.
Көктемде қандай гүл шығады?
Тосынсәт: «Гүлханшайымы» Гүлханшайымы:Сәлеметсіңдерме , балалар! Мені тани алдыңдарма? -Мен Гүлханшайымыболамын. Көктем мезгілінде алғаш бүршік жарып гүлдеймін. Балалар сендер білесіңдерме көктемде ең алғаш қандай гүл бүршік жарады.? Гүлханшайымы: Өте дұрыс айтасыңдар. Бәйшешектің түрлері көп. Олар: қызғалдақ ,сарғалдақ , жауқазын. Гүлханшайымы: -Ал сендер көктем ,гүлдер туралы тақпақтар білесіңдер ме? - Әрине біледі Гүлханшайымы. Тәрбиеші:Гүлханшайымы , біздің балалар өте еңбекқор. Балалар көктемгі еңбектің түрлеріне: Гүл отырғызу, құсқа ұя жасау, қамқор болу, жер жырту жатады. Бүгін біз сол еңбектің бір түрі тобымызға арнап гүл отырғызамыз. Балалар гүлдер өте нәзік ,кінәмшіл болады , біз оларға су құйып баптап өсіруіміз керек. Гүлдер біздерге ауаны тазартып оттегі бөліп отырады. Гүлханшайымы: Балалар мен құр қол келген жоқпын сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Дид.ойын:«Көктем» мезгілінің еңбек құралдарын бояп шығу. Жарайсыңдар балалар,сендеройынды да жақсы ойнайды екенсіңдер.
Сергіту сәтін өткізу.

Дәптермен жұмыс. Педагог дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.





Жылдың төрт мезгілі бар.


- қыс, көктем, жаз, күз
Балалар сурет бойынша жыл мезгілдерінің ерешеліктерін айтады.
Жұмбақты шешеді.
(көктемде)
Жылы болады.

Ақбота : Бәйшешектен білеміз.


Көктем келіп қалғанын. Мәз боламыз, күлеміз Көрсе кгүлін жарғанын. Қараторғай келіпті, Үйшікжасап берейін. Алғашқы гүл көрікті, Бәйшешекті терейін.

Кәусар: Дала қандай керемет, Қойның гүлге толады. Қызыл жасыл көбелек, Бір ұшып бір қонады.

Сергіту сәтінің сөзіне байланысты қимылдар жасайды.
Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.


Рефлекциялық-түзетушілік

Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға айналысқандарын, не туралы әңгімелескендерін айтады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: адамдардың көктемгі еңбегі туралы; көктемгі еңбекке құрал
-жабдықтарды ажырата білуі, олардың қажеттілігі мен қолдануын айта білуі.
Игереді: адамдардың көктемгі еңбегі туралы; күрек,тырма туралы, олардың тұрмыста және ауылшаруашылығына қажеттілігі мен қолданылуын.
Менгереді: көктемгі еңбек, адамдардың тіршілігіндегі еңбек құралдары мен техникалардың маңыздылығын; еңбек әрекетінде күрек, тырманы қажеттілігіне қарай пайдалануды.



ІV.Психологиялық-педагогикалық бөлім

V.Рефлексиялық-бағалау бөлімі


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
«Педагогика және психолгия» факультеті 6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3-курс студенті Жеңісбекқызы Ұлбала Педагогикалық практикасына


Есебі
Педагогикалық практикадан 11.04.2022-15.04.2022 жж. Аралығында Ақтөбе қаласында «№13» «Бөбек» бөбекжай -балабақшасы МКҚК-дан өттім. Мен практика барысында практиканың жұмыс бағдарламасына және әдістемелік нұсқауға сәйкес бекітілген жұмыстарды атқардым. Жетекшіммен және әдікермен тікелей байланыста отырып жұмыс жасадым.
Практика барысында әдіскермен бірге әдістмелік жұмыстармен таныстық. МДБО-ның қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттармен, басшы, әдіскер, тәрбиеші құжаттамасымен, лауазымдық міндеттерімен құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар МдБО-ның оқу жылының жоспарымен, педагог мамандармен жүргізілетін жұмыс түрлерімен, мерекелік шаралар жоспарымен, перспективалық жоспармен, циклограмма және оқу-тәрбиесінің қорытынды есебімен таныстым.
«№13» «Бөбек» бөбекжай -балабақшасы ересек тобында баланың мектепке дейінгі мекемеде толыққанды болуы, жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, ақыл-ой және дене қасиеттерін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес, баланы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындау.
Бұл мақсаттар балалар іс-әрекетінің әр түрлі процесінде жүзеге асырылады: ойын, оқу, көркемдік және моторлық деген секілді.
Мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жұмысының ерекшеліктерімен таныстым, теориялық білімімді практикада тереңдетіп, жетілдірдім, үлкен жастағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тәрбиешінің барлық функцияларын өз бетімше орындадым. Мен өзімнің жеке жетістігімді балалармен байланыста болды деп санаймын, ол тәжірибе кезінде қалыптасты, сапалы талдау жасалды және режим сәттерінің хаттамасы жасалды.
Практика барысында циклограммалық жоспарларды құруды үйреніп алдым. Апайыммен жетекшілерімнің қолдауларының арқасында білмеген нәрселерімді білдім. ҰОҚ-де қандай ойындар қолданылуы керек, серуен болып жатқанда не істеу керек, өзімнің білгенімді қалай оңтайлы қолдана аламын- осының барлығы практика барысында маған үлкен тәжірибе болды. Сол себепті мен бұл жолдан тоқтап қалмай ары қарай жылжуға тырысамын!
Топ ұжымына берілетін психологиялық педагогикалық мінездеме.

№13 «Бөбек» бөбекжай балабақшысы «Күншуақ» ересек тобында 20бала. Оның ішінде 14ер бала, 7қыз бала бар. Топта өзге топтан қосылған және бұрыннан келе жатқан балалар бар. Топтың осылай жиналғанына қарамастан топ балалары ұйымшыл, бір бірімен жақсы араласады. Топтың жалпы танымдық бағыты,дамуы, балалардың білім деңгейі өте жоғары. Топ балалары барлық ҰОҚ жақсы меңгерген. Әріптерді айта алады, еркін жазады,сөйлемдерді толық құрастыра алады.


Топ балалары түрлі үйірмелерге қатысады. Қыздар биге, гимнастикаға қатысса,ұлдар карате,роботехникаға қатысады.
Топ балалары ұйымшыл бір-бірлерімен жақсы араласады. Ұл балалармен қыз балалар арасындағы қарым-қатынас өте жақсы. Топ ұжымы оқу қызметінде, оқу қызметінен тыс ұйымдастырылатын жұмыстарға, түрлі бағыттағы сайыстарға,ертеңгілік мерекелерге тәрбиешілермен бірге белсене қатысады.

Стуудент-практикант:Жеңісбекқызы Ұлбала

13 «Бөбек» бөбекжай « Күншуақ»
Ересек тобының тәрбиеленушісі
Жұбаныш Қайнарға


Мінездеме
Жұбаныш Қайнар 2018 жалдың 11 маусымында дүниеге келді. дүниеге келді. Ұлты- қазақ. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды, балабақшаның диспансерлік есебіне алынбаған.
Отбасында жайлы тұрақты карым қатынас. Көп балалы отбасынан шыққан. Ата анасы баланың үйлeсімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмекесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүние танымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.
Қайнар меланхолик – ол өте баяу, салмақты, психикалық процестер баяу өтеді. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста жақсы, тынышты, тез ренжігіш болып келеді. Сондықтан Қайнар болған жерде ұрыстар жиі болады. Қайнардың жағымды жағы – ұқыптылық, жауапкершілікті. Жағымсыз жағы – тез ренжігіштік. Тақтада жауап бергенде Қайнар тыныш тұрады , өте жақсы жауап береді. Бұл бала байыппен асықпай істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Және әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Қайнардың оқу үлгірімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өте зерек, тапқыр.
Ол тапсырылған жұмыстардың мерзiмiнен бұрын орындалуына ұйытқы бола бiледі.

Студент-практикант: Жеңісбекқызы Ұлбала



Педагогикалық практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Студент-практикант: Жеңісбекқызы Ұлбала
студенттің аты-жөні



Педагогикалық практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған жұмыстардың атауы

Педагогикалық практиканың жеке тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері

Педагогика-лық практика әдіскерінің қолы

басталуы

аяқталуы




Бүгін 11сәуір, практикамыздың бірінші күні. МДҰ-мен танысып, зерттеу жүргізіліп, топқа бөліндік. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№13» «Бөбек» бөбекжай -балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.ә., Ақтөбе қ., Қобландина 8.
Ұйым басшысы Қалиева Алтыншаш Есеновна
Байланыс телефоны: +7 (713) 221-10-17 Балабақшаның іші кең, жақсы жабдықталған, педагогтар арасындағы ұжымшылдық көзге бірден түседі. Практика жетекшісі Әселім Қайыржанқызы балабақшамен таныстырып, топтарға бөлді.
Мекеме туралы мәлімет:
Балабақша 1978 жылы ашылған «Тұңғыш Қазақ балабақшасы». Балабақшада 7 топ, оның ішінде 2-еуі арнаулы топ. Барлығы 20 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде тәрбиешілер, орыс тілі маманы, психолог, логопедтер, дене шынықтыру жаттықтырушысы жұмыс атқарады. Білім беру мекемесінде спорт залы, музыка залы, логопед кабинеті және заманауи жабдықталған «7 ойыншық жобасы» бар. Білім беру мен тәрбиелеу үрдісі мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Менің тобым «Күншуақ» ересек тобы. Топта 20 тәрбиеленуші бар, оның ішінде 7 қыз 14 ұл. Топ тәрбиешісі Какимова Кызгалдак Сырлыбековна. Топқа кіргеннен бастап жылы қарсы алып, топтың тізімімен, күн тәртібімен таныстырды. Әр баламен танысып оларға арналған оқу жоспары, бағдарламаларымен таныстым.

11.04.22

11.04.22







12 сәуір практикамыздың екінші күні басталды. Бүгінгі балабақшаға келген балалар саны 18. Балаларды қарсы алып, таңғы жаттығуға алып келдік. Таңғы жаттығу уақыты 10 минутқа созылды. Таңғы жаттығудан соң балалар таңғы астарын ішті. Таңғы астан кейін балалар денешынықтыруға кетті.
1.Дене шынықтыру (маманның жоспарымен)
2. Мүсіндеу
Тақырыбы:Ормандағы кірпілер
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру
Көрнекілігі:Кірпінің суреті.
Ұйымдастырылған оқу қызметтері біткен соң балаларды далаға серуенге алып шықтық. Балалар достарымен ойнап болған соң ішке кіргізіп түскі астарын ішіп, түскі ұйқыға жатты. Бүгінгі күніміз керемет өтті , себебі, көптеген дидактикалық ойындармен танысып балалармен жұмыс жасау арқылы өзімізге қажет білімді практикалық түрде алдық.

12.04.2022

12.04.2022







13 сәуір практикамыздың үшінші күні. Балаларды қабылдау 830-да басталды. Бүгінгі келген балалар саны 19. Балалар б.б. келгеннен кейін таңғы астарын ішті. Таңғы астан кейін балалардың көңіл-күйін көтеру және қызығушылығын арттыру үшін шаттық шеңберін жасадық. Білім беру саласы жаратылыстану, ҰОҚ тақырыбы: «Жас экологтар»Балалардың білімін кеңейту, сөйлеу дағдаларын, сөздік қорларын дамыту. Балалардың ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Екінші білім беру саласы музыка.
Музыка (маманның жоспарымен)
Ұйымдастырылған оқу қызметі біткеннен соң балалармен жұмбақ шешіп жарыстырылды.Содан кейін түскі ас ішіп,балалар түскі ұйқыны ұйықтады.Бүгінгі күніміз керемет өтті.



13.04.2022

13.04.2022







14 сәуір бүгін практикамыздың төртінші күні. Балаларды әдеттегідей тәрбиешілер қабылдап алып, таңғы астарын ішті. Кішкене сергіту сәтін жасағаннан кейін балалар ҰОҚ көшті. Бүгінгі ҰОҚ білім беру саласы таным, бөлімі құрастыру, тақырыбы құмырадығы гүлдер. ҰОҚ мақсаты балалардың гүлдер жайлы білімін кеңейту, сөйлеу дағдаларын, сөздік қорларын дамыту. Балалардың ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Гүлдердің түр түстерін есте сақтау, қабылдау, ойлау сезімдерін дамыту. Туған елінің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайынан тәрбиелеу.
Қажеттті құралдар: Бейнетақта, гүлдің суреттері, мозайка, түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдің қиындылары, түтікше, жұмыртқаның қорабы, желім, бөлме гүлдері, гүлдің көшеті, қаушақ, күрек, топырақ, су.



14.04.2022

04.04.2022







15 Сәуір практикамыздың бесінші күні. Бүгінгі бала бақшаға келген балалар саны 20. Тәрбиеші балалардың нақты қанша келгенін қатысым дәптеріне белгілеп алып, таңғы астарын бергізіп, ҰОҚ бастадық. Бүгінгі сабақты мен өткіздім.Бүгінгі балалар бөлімі қоршаған ортамен таныстыру көктемгі еңбек құралдары туралы тақырыпта өтті.Балалар өте белсенді қатысты.Бүгінгі күн өте керемет өтті.



15.04.2022

15.04.2022





V. Бағалау қорытындылау бөлімі

Қ.Жұбанов атындағы


Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Мамандығының 3 курс студенті
Жеңісбекқызы Ұлбала

Мінездеме
Жеңісбекқызы Ұлбала 11.04.2022-15.04.2022 жж аралығында Ақтөбе қаласының №13 «Бөбек» бөбекжай МДҰ- да «педогогикалық практика» тақырыбындағы тәжірибеден өтті.
Тәжірбие өту кезінде өзінің деңгейін жетік меңгеріп,өзінің балалармен жұмыс істей алатынын көрсетті. Тәжірбиеден өту барысында жалпы топпен ондағы балалармен оңай және тез тіл табысуды, олармен тығыз жұмыс жасап балаларды ұйымдастыруды үйренді. Өзінің жауапкершілігімен әр сабағына жан жақты ізденіп,мұқият даярланып отырды. Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін дтдактикалық үлестірмелі материалды, көрнекіліктерді,қызықты ойындарды тиімді, кеңінен қолдана білді. Осы мақсатта әрбір сабағын ізденіс тұрғысында өткізіп, бүгінгі әдістемелік талаптарға сай өткізді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті Білім Беру Стандарты бойынша «Таным», «Шығармашылық», «Коммуникация» білім беру салалары бойынша жұмыс жасады. «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобында балалардың білімін жетілдірді. Балаларды өзіне өзі қызмет көрсетуге, ұйымшылдыққа машықтандырды.
Мінезі ашық,кішіпейіл,іскер,адамгершілігі мол,ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына ынталы,ұқыпты,балалармен тіл табыса біледі. Жұмысқа жауапты,әр бастаған ісін ақырына дейін жеткізеді.
Жеңісбекқызы Ұлбала практика барысындағы жұмыстар нәтижесі бойынша «өте жақсы» деп бағаланады.
МДҰ меңгерушісі: Қалиева А.Е
Тәрбиеші: Какимова Қ.С

VII.Портфолионы жасақтауға қойылатын талаптар:
• Әрбір бөлім (жоғарыда көрсетілген 6 бөлім) бойынша жасақталған материал сауатты бір түсті сиямен, түзетусіз А4 форматта, құжаттар атауы, бөлім атауы жазылып жинақталуы тиіс;
• Портфолио жинақтауда студент-практиканттың сауаттылығы, шығармашылығы, іс-қағаздарының жүргізу деңгейі,шеберлігі көрініс табуы тиіс;
• Құрылымы және ұйымдастырылуы (материалдың бірреттілігі және бірізділігі);
• Мазмұны (материалдың сапасы мен ауқымы);
• Кәсіби біліктілігі;
• Әртүрлі оқу материалдары мен ресурстарды таңдау, дайындау және қолдану сияқты ерекшеліктері;
• Өзіндік қолтаңбасының болуы (өзгеден көшірмеу, қайталамау т.б.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет