6В01302 Бастауыш білім беру бизнес инновациямен



Дата19.02.2023
өлшемі209,7 Kb.
#169312
Байланысты:
Белгібай Аружан Бизнес 4-сөж


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Психология және педагогика институты



Мамандығы: 6В01302 Бастауыш білім беру бизнес инновациямен
2-курс.
Пәні: Инновациялық бизнес негіздері
Орындаған: Белгібай Аружан Бекболатқызы

Тексерген: Аренова А .Х

Қазақстанның 3 инновациялық кәсіпорнын көрсетіңіз. Сипаттама беріңіз

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды.Кәсіпкерлікте, соның ішінде инновациялық та, ерекше экономикалық субъекттің – нарық экономикасымен байланысты кәсіпкердің, өзгеше қызметін білдіретін, оқиғамен байланысты қиын экономикалық мазмұн бар. Осымен байланысты кәсіпкершіліктің өзі қайта өндіру, тауар мен капитал айналу, өндірістік қорларын беру процестеріне келтіретін нарық экономика элементі ретінде алға шығады. Нарық құрылымының элементі бола тұра, кәсіпкершілік нарықтық жүйе жағынан ықпалын көреді, нарық экономикасының заңдарына бағынады. Ол ұлттық экономикасына өсімділік пен тұрақтылық келтіріп, оның жағдайы мен жұмыс істеуіне әсер етеді.


Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары,сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып,заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалары еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркелді,жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге аасырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады , тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тиым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысана, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс . Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерді тиым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етіледі.
Кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл
мәселе кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің дамуы мен өркендеуі бағыттарымен қатар жүреді.Қазіргі кәсіпкерлік қызметті дамыту проблемалары кешенді түрде қарастырылған: нарықты кешенді зерттеу, кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторлар, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің қалыптасу және даму кезеңдері анықталған, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамытудағы мемлекеттің рөлі қарастырылған. Мұнда кәсіпкерлік қызметпен атқарылатын функциялар: экономикалық ресурстарды рационалды пайдалану, кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру, жоспарлау және талдау, қаржыландыру көздері мен инновацияны енгізу, шығын көлемін төмендету жолдары зерттелген
Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңзды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды.Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліңтің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.Экономикалық теорияда кәсіпкерлік түсінігін өзіндік ерекшлеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі «кәсіпкерлік теориясының»классигі, Кантильон есімімен байланысты. Ол бірініш рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады.
Инновациялық кәсіпкерлік қызмет субъектілері деп ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, өнертапқыштарды, технологтарды, конструкторларды және экономиканың түрлі аймақтарына жаңашылдық жасап, оны енгізетін шығармашыл тұлғаларды жатқызамыз. И.Шумпетер кәсіпкер болу – ол басқалар істемегенді істеу және басқалар істемегендей етіп істеу деп текке айтпаған. Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі бойынша неғұрлым жоғары рейтингті тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары, машиналар менқұрал-жабдықтардың өндірісі мен электроникалар өндірісі алады. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанда үнемі шетел құрал-жабдықтарын, технологияларын қолданудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Ал машина құрылысы толығымен жоғары инновациялық белсенділікпен сипатталады». «Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады: өнімділік; үрдістік. Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінле анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады. Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады». [4] «Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі көптеген жағдайда жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады. Нарықтық экономикада жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде — жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тииімділігі».«Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады:еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады.Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады. Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді»
ҚОРЫТЫНДЫ

Инновациялық кәсіпкерлік – новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызметең маңызды болып есептеліп қалыптасады. Яғни, бұл тақырып қазіргі таңда нарықтық экономиканың басты мәслелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыруда көптеген фирмалар жетістіктерге жетуде. Сондықтан да кез-келген бір фирманың, кәсіпкерліктің инновациялық қызметсіз жетістіктерге жетуі бүгінгі күнде екі-талай болып отыр. Инновациялық кәсіпкерлік пен инвестциялық іскерлік экономикалық өсудің негізін құрап, тауарлық нарықпен тығыз байланыста болады. Жаңалықтарды құру және олардың коммерциялық өткізілуі инновацияға қатысушылардың жұмыстарының эффектілігіне байланысты. Мәселенің қиындығы кез-келген масштабтағы интеллектуалдық өнімдердің жинақталуы жаңалық енгізуге өтпеуінен тұрады. Инновациялық процестің



Біреуінен екіншісіне өтуі белгілі бір қосымша, делдалдық жүйе керек. Бұндай жүйе өзіндік қасиеттері мен механизмдері бар жаңалықтар нарығын құрайды. Бұндай нарықтың қасиеті — «субьектік ақпараттанудың» мүмкіншілігі болып табылады. Жаңалықтар нарығындағы сұраныс пен ұсынысын жорамалау өзінің қиындығынан, инновациялық процестердің тұрақсыздығынан қиындау болып табылады. Сол уақытта да, өнімді өндірушілердің арасындағы тез қалыптасып жатқан бәсекелестіктің себебінен техника мен технологиялардың, өнімдердің жаңаруының жылдамдығы ұлғаяды. Өндірістің қайтадан құрылуы мен өзгеріп жатқан жағдайларға үйренуі жаңалық енгізу тәжірибелілігіне, кәсіпкердің бизнеске көзқарасына байланысты. Жаңалықтардың құны мен бағасы белгілі бір өндірістің экономикалық көрсеткіштік факторларына байланысты қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет