6В01501 Математика ст 2206– Сандар теориясы силлабус



бет11/11
Дата05.10.2023
өлшемі106,19 Kb.
#183814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сандар теориясы силлабус 2023

90-100 ұпай:
Дәріс: Тақырыптың негізгі ұғымдарын, олардың қасиеттері мен қолданыстарын өз сөзімен сиппаттай немесе басқаша тұжырымдай алады. Теориялық материалдарды графиктік немесе басқадай түсіндермелерін бере алады.
Практ.сабақ: Тақырып бойынша нақты мысалдарды шығару барысында жалпы қорытындылар жасай алады. Қоршаған ортаның практикалық есептерінің математикалық моделін құра алады.
БӨЖ: Студент игерген алгоритмдерін, әдістерін, формулаларын практикалық есептерді шығаруда өз бетімен қолдана алады. Нақты мысалдарды шығару барысында жалпы қорытындылар шығара алады.
70-89 ұпай:
Дәріс: Негізгі теоремалар мен тұжырымдардың дәлелдеулерін бере алады. Теореманың шарттарын қанағаттандыратын мысалдар келтіре алады.
Практ.сабақ: Игерген алгоритмдерін, әдістерін, формулаларын практикалық есептерді шығаруда қолдана алады.
БӨЖ: Тақырып бойынша негізгі формулаларды біледі және қолдана алады. Негізгі практикалық есептерді өзбетімен шығара алады. Есептің шартын өз сөзімен қайта тұжырымдай алады.
50-69 балл:
Дәріс: Оқу материалының негізгі ұғымдарын, формулаларын біледі және оларды түсіндіре алады.
Практ.сабақ: Тақырып бойынша негізгі формулаларды біледі және қолдана алады. Негізгі практикалық есептерді шығара алады. Есептің шартын өз сөзімен қайта тұжырымдай алады.
БӨЖ: Студент қарапайым есептер мен жаттығуларды өздігінен шығара алады.
0-49 ұпай:
Дәріс: Оқу материалының негізгі ұғымдарын білмейді. Жекелеген қарапайым ұғымдарды біледі және оларды түсіндіре алады.
Практ.сабақ: Тақырып бойынша есептер мен жаттығуларды шығара алмайды; кейбір жекелеген жеңіл есептерді ғана шығара алады.
БӨЖ: Тақырып бойынша есептер мен жаттығуларды өздігінен шығара алмайды, тек жекелеген қарапайым есептер мен жаттығуларды өздігінен шығара алады

Бағалау түрі

Бағаланатын компоненттер

ОН- мен сәйкестігі

Баллмен

% үлесі

Жалпы % үлесі

Сабаққа қатысу

Сабаққа кешікпей келеді, үнемі толық қатысады

1,2,3,4ОН

10

6%

60 %


Сабақ уақытындағы белсенділік

Сабақта белсенділік танытады, сұрақтар қояды, есептершығарады, өз ұстанымын дәлелдейді, оқытушының сұрақтарына жауап береді, басқа білім алушылардың жауаптарын мүмкіндігінше толықтырады

1,2,3,4ОН

15

9%

Қосымша тапсырмаларды орындау (практикалық жұмыс, тапсырма орындау және т. б.)

Ұсынылған материалды дәйекті, нақты және қисынды түрде баяндайды; теорияны практикамен байланыстыра алады; тапсырмаларға қатысты жауапта қосымша материал(мақалалар, зерттеулер және т.б.) қолданады;оқыту бағдарламасында көзделген барлық оқу тапсырмалар орындалған, олардың орындалу сапасы жоғары.

1,2,3,4,5,6 ОН

75

45%

Эссе

Орындау тәуелсіздігі, ережелер мен тұжырымдарды дәлелдеу қабілеті, нақтылық, проблеманы қоюдың өзіндік ерекшелігі, тақырыпты игеру деңгейі және материалды үсыну(материалды таңдау негізділігі, бастапқы дереккөздерді пайдалану, фактілерді өзңнше түсіну қабілеті, құрылымы және логикалық жүйенің болуы.

1,2,3,4,5,6 ОН

100

10%

Ғылыми хабарлама

Хабарлама тақырыбы ашылған; дереккөздерді таңдау белгіленген талаптарға сәйкес; ғылыми әдебиеттің көлемі жеткілікті және тапсырма мақсатына сай, ақпарат нақты негізделген, бастапқы ақпарат көздеріне сілтемелер бар.

1,2,3,4,5,6 ОН

100

10%



Кесте







100

10%

Талдау негізіндегі блок-схема







100

10%

Қорытынды емтихан

Пәннің бағдарламасындағы тақырыптар бойынша бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау

1,2,3,4,5 ОН

100

100%

40%

Тапсыру мерзімдері (Дедлайн)

Оқытушы практикалық тапсырмалардың мерзімін өз бетінше белгілейді.
Оқытушы қабылдау мерзіміне сәйкес берілген тапсырманы қабылдайды және оны бағалайды, журналға тіркейді, орындау сапасын баллмен бағалайды. БӨЖ балдарын электрондық журналға қою мерзімі - 100 балдық шкала бойынша семестрдің 4, 7, 11, 14 апталары

Оқытушы Ибраева С.Н


БББ жетекшісі Гаврилова Е.Н.
ЖМ академиялық комитет төрағасы Забиева К.К.
ЖМ деканы Жанатбекова Н.Ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет