«6В01503-Информатика» мамандығы бойынша қорытынды мемлекеттік аттестациялауға арналған



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі23,02 Kb.
#181762
  1   2   3
Байланысты:
ГАК ИОӘ 6В01503-информатика


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универститеті


Физика-математика факультеті
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы


«6В01503-Информатика» мамандығы бойынша
қорытынды мемлекеттік аттестациялауға арналған
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан
СҰРАҚТАРЫ

Ақтөбе 2022 ж.


Мемлекеттік емтихан сұрақтары 6В01503-Информатика» мамандығының үлгілік оқу жоспарының талаптарына сай, пәннің типтік бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.
Құрастырушылар:
Байганова А.М., п.ғ.к., доцент

«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан
СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ



  1. Информатика орта мектептегі ғылым жəне оқу пəні ретінде. Информатика ғылым жəне оқу пəні ретінде. Қазіргі қоғамдағы информатикадан білім берудің ролі мен орны.

  1. Информатиканы оқыту əдістемесі пəні. Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері

  2. Мектеп информатика курсының мазмұны мен құрылымы.

  3. Информатиканы оқытуды реттейтін құжаттар. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Информатикадан оқу бағдарламасы.

  4. Мектеп оқулықтары. Мектепке арналған оқулықтар жəне оған қойылатын талаптар(пропедевтикалық, базалық жəне бейіндік кезеңдер).

  5. Информатика бойынша метапəндік жəне пəндік оқыту нəтижелері.

  6. Есептеуіш техника типтік мектеп бөлмесі (мақсаты, жабдықталуы, жұмысты ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық нормалар жəне техника қауіпсіздігі).

  7. Мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру. Информатиканы оқыту формалары мен əдістері. Педагогикалық программалық құралдарға қойылатын талаптар.

  8. Информатиканы оқытудағы оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру.

  9. Информатика бойынша сабақтан тыс жəне сыныптан тыс жұмыстар. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен құралдары.Информатикадан сабақтан тыс жəне сыныптан тыс жұсытарды жүргізудің əдістемесі.

  10. Информатиканы қосымша оқыту формалары жəне оның қосымшалары.

  11. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқыту əдістемесі. Пропедевтикалық курста информатиканы оқыту формалары мен əдістері.

  12. Информатиканың пропедевтикалық курстарын оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері.

  13. Мектеп информатикасының базалық курсы және оқыту формалары мен əдістерінің ерекшеліктері.

  14. Қазіргі мектептегі информатиканы оқытуды ұйымдастыру. Сабақ жəне оның құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар.

  15. Информатика сабақтарының негізгі типтерінің сипаттамасы. Информатика бойынша сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.

  16. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы жəне оны жүргізу. Сабаққа оқу үдерісінің əдістемелік құраушысы ретінде талдау.

  17. Оқушылардың оқу қызметтерін бақылау жəне бағалау.

  18. Информатика курсы бойынша програмалық қамтамасыз ету. Информатикадан программалық қамтамасыз етудің құрамы. Мектептің ақпараттық-білім ортасы. Интерактивті тақтаның программалық қамтамасыз етілуі.

  19. Информатиканы оқыту құралдары: оқу құралдары мен курстың программалық қамтамасыз етілуі біріңғай оқу-əдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі ретінде (мектеп информатика курсын программалық қамтамасыз ету құрамы жəне сипаттамасы).

  20. Информатиканың негізгі ұғымдары жəне оны оқыту əдістері. Ұғым, жүйелі-ақпараттық ұғымдарды қалыптастыру кезеңдері. Ұғымдармен жұмыс істеу əдістемесі.

  21. Есептер жүйесі информатиканы оқыту құралы ретінде. Информатиканы оқытудағы есептердің мəні. Есептердің жіктелуі.

  22. Есептердің негізгі компоненттері. Есептерді шығару əдістемесі.

  23. Оқушылардың өзіндік іс-əрекетін ұйымдастыру.

  24. Мектеп информатикасының базалық курсын оқыту əдістемесі (5-9 сыныптар). Орта мектептің 5- сыныптарындағы информатика. 5-6 сыныптарда сабақ жүргізу əдістемесі.

  25. Мектеп информатикасының базалық курсы.7-9 сыныптарда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша информатикадан орта білім берудің тақырыптық бөлімдері. 7-9 сыныптарда сабақ жүргізу əдістемесі.

  26. Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту (10-11 сыныптар). Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кəсіби курстар.

  27. Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту (10-11 сыныптар). Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кəсіби курстар.

  28. Критериалды бағалау жүйесі.Критериалды бағалаудың принциптері. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. Критериалды бағалаудың құрылымы.

  29. Мектепте STEM білім беруді ұйымдастыру. STEM-білім беру парадигмасын жүзеге асыру. STEM технологиясының мүмкіндіктері.

  30. Оқу үдерісін ұйымдастыру мен бағалаудағы цифрлық технологиялар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет