7- сынып Қазақ тілі Орындау уақыты



бет1/3
Дата23.05.2020
өлшемі21,93 Kb.
#70891
  1   2   3
Байланысты:
ЖБ7Қазақ т
физкультура техника безопасности, 12.06 сөздік текст

7- сынып

Қазақ тілі

Орындау уақыты 20 минут
Оқушының аты-жөні__________________________________________________

«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі бойынша тоқсандық жиынтық бағалау

А-мәтін Мәңгілік полк

Биылғы Өскемендегі «Мәңгілік полкке» қатысушылардың саны екі есеге артып, 20 мыңнан асып жығылды. Шеру сағат 11-де басталады деп жоспарланған болатын. Алайда сағат онға қарай алаңға жүздеген адам жинала бастады. Осыдан соң «Мәңгілік полк» уақыттан озып, шеруді бастап кетті. Алдыңғы шепте әскери оркестр жүрді, олардың артынан әскери киім киген оқушылар «соғыс балалары» беттеді, одан әрі әскери бөлімшелердің сарбаздары, Ұлы отан соғысы ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған шенеуніктер мен Қарулы күштердің ардагерлері және басқалары жүрді. Шеру жүрген сайын оған ілескен қатысушылар саны арта түсті. Патриоттық науқанның қатысушылары әскери әндер шырқап екі шақырымнан артық жол жүрді. Шеру Даңқ мемориалының маңында тоқтады. Бұл жерде жиналғандар қаза болғандардың есімін еске алып бір минут үнсіздік жариялады. Осыдан соң Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Ұлы Отан соғысы кезінде Шығыс Қазақстан облысынан майданға 190 мың адам шақырылды. Оның 83 мыңы ұрыс даласынан қайтқан жоқ. 109 шығысқазақстандық Кеңес Одағының Қаһарманы атағына ие болды. 24 Даңқ орденінің иегері атанды. 9000 шығықазақстандық азамат ҰОС ерен еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталды. Еске сала кетсек, «Мәңгілік полк" науқаны облыс орталығында төртінші мәрте өткізіліп отыр. Егер бірінші жылы науқанға ондаған адам ғана қатысса, бірнеше жылда қатысушылар саны мыңдаған адамға жетті. Бүгінде «Мәңгілік полк» қатарында 20 мың адам бар. Жұрт ата-әжелерінің, әке-шешелерінің суретін алып шықты.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/er-esimi-el-esind





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет