Ә- мәтін Жеңіс бізге өмірден де қымбат түсті
Біздің взводтың командирі лейтенат Сметанин деген орыс жігіті еді. Ол да адамгершілігі зор азамат еді. 6 адамға сол басшылық етіп, бір шоғыр талдың ішіне түнейтін болдық. Жалпы взводта жалғыз қазақ мен едім, қалғаны орыс ұлтынан болатын. Басшымыз жатып дем алуға рұқсат берді. Қатарласып жата қалдық , мен топтың бір жақ шетіне жайғастым.
Бір кезде Сметанин:
- Бөкенов, орныңнан тұр-деп бұйырды. Ол менен : - Жауынгер, не ойланып жатырсың? -деді.
- Ештеңе ойланып жатқаным жоқ, жолдас командир -деп жауап бердім.
- Жоқ,сен бір нәрсе ойланып жатырсың. Топтың ішінде бір қазақпын, бір шетінде жатырмын қаңғыған оқ болса, маған тиеді-ау ойланып жатырсың- деді.
- Жоқ, жолдас командир-деп жылдам жауап қайтардым.
Достарыңызбен бөлісу: |