Жеңіс туы желбіре



Дата14.05.2022
өлшемі0,66 Mb.
#143364
Байланысты:
9 мамыр


"Жеңіс туы желбіре"
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға - апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге - қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.
Жүргізуші:
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Құрметті балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр - 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол жеңіске де 77 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата - бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Қазір біздің балалардың Жеңіс күніне арнап дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар. Балалардың жыр жолдарын арнаймыз.
Амина:Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ алауы
Тірегі әке баланың
Қазақстан жалауы.
Айзере:Көтерген көкке ел даңқын
Отан осы,достарым
Көңілге мұны түйе біл
Отан деп өс,жас қауым
Оны ардақтап,сүйе біл
Алихан:Отан үшін жанымызды береміз
Отан үшін барлығына көнеміз
Отанның да,ананың да алдында
Осы өмірде парызды өтеп келеміз.
Тамирлан:Достық бізге тым ыстық
Бірлік-байлық,ырыс-құт
Жарқырасын күніміз
Жаса-жаса тыныштық

Алима:Бақыт сыйлап жатады әр күн


Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл жеңісті алып келген
Нұртілек:Қуантамыз ән сап жұртты
Келе берсін бақыт таңы
Жеңіс күні құтты болсын
Батырлардың ұрпақтары

Бәріде майдан үшін


Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Жүргузіші: Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап - жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды. Сол батыр апаларымыз бен ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Ән: «Жеңіс туы желбіре»
Жүргізуші: Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер - азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні - түні еңбек даласында аянбай еңбек етті.
Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен, аяулы аналарымызда жетерлік.
Аналар осылайша жүзге жеткін
Ұл - қызын енді өзіңді еркелетсін
Әрқашан шаттықтардан орын алып
Уайымның не екенін білмей өткің!
Би: «Тырналар» ұлдар биімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.
Жеңіс, алақай жеңіс!
Жасасын жеңіс
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын! – деп
Балалардың тақпақтары:
Жүргізуші:

Жүргізуші:


Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!
Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Бейбітшілік болса! Балалар болады аман Аналар болады аман Бейбітшілік болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін айтпаған.
Флешмоб: «Сарбаздар»
Жүргізуші: Балалар, біз аға - апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру - сіздердің және біздердің парызымыз!
Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
Гүлдері ата - ананың солмасыншы
Жеңерміз қиындықты қайыспастан
Тек қана елге амандық орнасыншы
Бейбіт болып әрбір күніміз
Береке тола берсін жылымыз
Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп
Көк аспанмен түстес біздің туымыз – деп «Көк тудың желбірегені»әнімен мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз!

"Нұрлы болашақ" балабақшасы



Танымдық сабақ
Тақырыбы:Жеңіс туы желбіре"
" Ертегі" ересек тобы


2021-2022

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет