Менің атам, әкем Досыбайдың әкесі. Айболов Бекасыл 1901 жылы дүние есігін ашқан. Соғысқа аттанбас бұрын Колхозда бригадир болып жұмыс істеген. Апам Палкүл екеуінің артынан 9 бала ерген. Оның ішінде 5 ұл, 4 қыз: 1-шісі Оспан, 2-шісі Сейдана, 3-шісі Бүбідана одан кейін Ханзада, Досхан, Мырзахан, Жақсыкүл, Досыбай және Досымбай. Атамның айтуы бойынша Досымбай атам шамасы 1 жас кезінде шетінеп кеткен. Қазіргі кезде атамның 32 немересі, 91 шөбересі, 30 жуық шөпшегі бар. 1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс жарияланғанда Атам Сұраубай, Есбол, Абдикерим деген кісілермен және т.б ауыл адамдарымен соғысқа атанған. Майданда пулеметші болып, кейін жаудан бірнеше қала мен селоларды азат етуге қатысады. Ерлік ері бағаланып соғыс кезінде бірнеше медалдар мен ордендермен марапатталады.
1941-1945
Соғыс кезінде жеті жерінен жарақат алған, оның 4-еуі ауыр жарақат болған. Оң жақ санынан оқ өткен, сол қолына оқ тиіп 1 саусағынан айырылған және тобық буынан оқ тесіп өткен. 1944 жылы қыста Беларус майданындағы кезекті шабуылда дұшпан оғы ішіне тиіп, қарнын ақтарып жіберген. Біраз уақыт қар үстінде ақтарылып жатқан ішек-қарнын санитарлар келгенше жинап жатқан атам ''егер аман қалып елге оралсам, өкіметтен бір тиын алмай еңбек етемін деп өзіне уәде береді.

1945 жылы соғыс біткеннен кейін Атам аман-есен ауылға келіп өз жұмысын жалғастырып колхозда бригадир болып істейді. Уәдесінде тұрып мемлекеттен жалақысын алмаған, ал 1960 жылы зейнетке шыққанда зейнетақысын алудан да бас тартыпты. Соғыстан келген соң 48 жыл өмір сүріп 1992 жылы қаңтар айында 92 жасында дүниеден өткен.