Қысқа мерзімді сабақ жоспары Пән: математика



Дата11.09.2020
өлшемі94,8 Kb.
түріСабақ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән:математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А

Кестеден тыс көбейту және бөлу

Ортақ тақырып:Өнер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: 

Мұғалімнің аты-жөні:Ахмет М.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 




Бөлімше:

Тақырыбы:

1.2 Сандармен амалдар орындау

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу/Сәндік-қолданбалы өнер




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайды



Көптеген оқушылар:

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуге мысал келтіреді, талдайды



Кейбір оқушылар:

Қалдықпен бөлуді тексеру үшін не істеу қажеттігін біледі






Бағалау критерийлері 

-қалдықпен бөлу; неге қалдық бөлгіштен кем болатынын түсіндіре алады.




Тілдік мақсаттар



Пәндік лексика және терминология: қалдықпен бөлу, қалдық, қалдық бөлгіштен кем, толымсыз бөлінгіш

Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: -Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындайды? -Тексеруді орындау үшін не істеу керек? Жазу: -Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орында және оны тексер






Құндылықтарды дарыту 


-топтық және жұптық жұмыс барысында құрмет, ынтымақтастық құндылығы

-өз ойын білдіру барысында ашықтық.






Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек




АКТ қолдану дағдылары 

Интербелсенді тақта, музыка




Бастапқы білім 


Көбейту мен бөлу, амалдардың өзара кері байланысы, көбейту кестесі.




Сабақ барысы 




Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 


Ресурстар




Сабақтың басы 

5 мин


Ширату жаттығуы.

(С) Ойлау қабілетін іске қосу үшін «Қателесетін мұғалім» тренингі түрінде көбейту және бөлу кестесін қайталауды ұсынамын: мұғалім жауаптары бар мысалдарды оқиды, оқушылар қатені тауып, оны түзету үшін күту қалпында болады.

Қателері бар мысалдар тақтаға белгіленеді және дереу дұрыс жауабы жазылады. Мұғалім қалдықпен бөлу мысалдарында қасақана қате жібереді. Осылай мұғалім балаларды сабақ мақсатына әкеледі.



Қ.Б. «Ауызша кері байланыс»

Бірнеше мысалдар жазылған парақшалар







Сабақтың ортасы 

5 мин


5мин

5 мин


3 мин

5 мин


5 мин

5 мин


Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау

Жаңаны ашу.

Тәжірибелік жұмыс

(Ө.) Жаңаны ашу үшін оқушыларға тәжірибелік жұмыс орындату.Тақтада мына жазба орындалады 7 : 3 = 2 (1қалдық).

Содан кейін оқушылар санау материалдарын қолданып, осыған ұқсас есептеуді көрсету. Кейбір жағдайларда қалдықсыз бөлінгені, ал кейбір жағдайларда қалдықпен болуы маңызды. Тақтада жазылғандарды салыстыра отырып, оқушылар мынадай шешімге келеді, кейбір сандарды бөлгенде қалдық қалады, ал кейбірін бөлгенде қалдық қалмайды екен. Сонымен қатар оқушылар қалдық әркезде бөлгіштен кем болатынын өз бетімен түсіну керек.

Оқушылардың дұрыс жасалған жұмысын фишка беру арқылы бағалау

Қ.Б. Фишкалармен бағалау.

М.Т.(мұғалімнің түсіндірмесі)

Қалдықпен бөлу дегеніміз – бір натурал санды екінші натурал санға бөлгенде қалдығы нөлге тең

болмайтын, бірақ қалдық үнемі бөлгіштен кіші болатын сан.

Қалдықпен бөлуді тексерудің алгоритмі:

1. Толық емес бөліндіні бөлгішке көбейт.

2. Алынған нәтижеге қалдықты қос.

3. Шыққан нәтижені бөлінгішпен салыстыр.

Егер бөлінгіш бөлгіштен кем болса, бөліндінің мәні

нөлге, ал қалдық бөлінгішке тең болады.



Жаңаны қолдану. Оқулықпен жұмыс

(Ж.) «Еркін талқылау» әдісі

№1 тапсырманы орындауды ұсынамын.

Есепті шығар.

А) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 6-дан салды. Қанша қорап қажет болды?

18:6=3

Жауабы: 3 қорап қажет болды.



Ә) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 4-ден салды. Қанша қорап қажет болды және қанша моншақ қалды?

18:4 =4(қалды 2)

Жауабы: 4 қорап қажет болды, 2 моншақ артық қалды.

Шешуін тексереміз: ол үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтіп, қалдықты қосу керек.

4*4+2=18(моншақ)

Есеп дұрыс шығарылды.



Оқушыларға қалдықпен бөлудің жазбасын оқуды үйрету : «Бөлінгіш – 18, бөлгіш – 4, бөлінді – 4 және қалдық – 2»

Қ.Б. "Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім
«Микс-фриз-груп» сергіту жаттығуы материалды игеруге ықпалын тигізеді. Бұл әдіс барысында музыка ойнап жатқан кезде оқушылар орындарын ауыстырып бір-бірімен араласады, музыканы тоқтатқан кезде қозғалмай тоқтап қалады, топтарға бірігеді. Топтағы оқушылар саны сұрақтарға берілген жауаптарға байланысты: 18-14: 19-17=2 және т.б. Оқушыларға сұрақ қоюға болады: қанша топ құрылды? Неліктен кейбір оқушылар топқа қосылмады? Оқушылар топтардың саны сыныптағы балалар санына байланысты екендігі туралы қорытындыға келеді. Сан қалдықсыз бөлінеді, немесе 2,3,4 және т.б. бөлінеді.
Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту.

(Ұ.) Оқулықтағы №2 тапсырманы орындау ұсынылады. Дәптеріңе суретін салып, есепті шығар.

А)Ағайынды 2 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру керек. Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиді?Қанша жаңғақ қалады?







: =
Жаубын тексеру
Саралау тапсырмасы. «Қарқын» тәсілі: (ерекше қабілетті оқушыларға). Жоғарыда есептің берілгенін қалдық шығатындай өзгертіп жаз және есептеп шығар.

Қ.Б. Ынталандыру арқылы «Жарайсың, сенің жұмысыңа ризамын!»
(Т.) №3 кестені толтыру.

Кәдесыйлар әр қорапқа 6-дан салынды.Қанша қорап қажет болғанын және қанша кәдесый қалатынын анықтау.




Кәдесыйлар саны

13

15

19

22

23

Қораптың саны

2













Қалдық

1













15:6=

19:6=


22:6=

23:6=


Сұрақ қою:

–Біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындау керек?

–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Қ.Б.Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау
Саралау тапсырмасы: «Тапсырма» тәсілі. (түсіне алмай қиналып отырған оқушыларға) «сенің бұдан да жақсырақ жұмыс істей алатыныңа сенемін» деп диалог және қолдау әдісін қолданамын.

№4 тапсырма. Қалдықпен бөлуді орында және тексер. «Байланыс орнату»



Оқу мақсаты: 3.1.2.6 Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау

Бағалау критерийі: бір таңбалы санға қалдықпен бөледі

625:7= 476:6=

2639:9= 9358:4=

Дескриптор - толымсыз бөлінгішті анықтап, бөліндінің мәнін табады; -қалдықты анықтайды; -қалдықпен бөлуді тексеру өрнегін жазады.


Санау материалдары (түйреуіштер, қапсырма түймелер, жүзіктер)

фишкалар
слайд

Оқулық,

дәптер
https://www.opiq.kz/kit/21/chapter/1508


Сигналды карточкалар



https://sites.google.com/site/singaporetechnique/home/educational-structure

Дәптер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар

слайд


смайликтер

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»

дербес білім беру ұйымы

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

Математика

3-сынып

Астана, 2018



53 бет




Сабақтың соңы
2 мин

Рефлексия












Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




1.«Қарқын» тәсіліне қосымша жұмыс беремін.

2.Жетелеуші сұрақтар қою арқылы жеке жұмыста ынталандырамын «Диалог және қолдау» тәсілі




«Бағдаршам» әдісі;

Фишкалар мен смайликтер арқылы;



«Тазалық» әдісі


Сыныпта парталардың дұрыс орналасуын, топ ережесінің сақталуын қадағалау.





Сабақ бойынша рефлексия
 







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: 
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет