7-8 дәріс тақырыбы



бет16/29
Дата14.12.2021
өлшемі310,57 Kb.
#100670
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
ПШ лекция 7-15

Такт бұл адамдармен қарым-қатынасты реттеуге көмектесетін жағымды категория болып табылады.

Гуманизм қағидасына (принципіне ) негізделе отырып, әдептілік, мінез-құлық, жүріс, тұрыс өте қиын және қарама қайшылықты жағдайларда адамдарға деген құрмет, ізеттің сақтауын талап етеді.


Әдепті болу - әрбір адамға өнегелі, әдепті болуды талап етеді, әсіресе ол мұғалімге, себебі мұғалім жеке тұлғаның дамуына қатысып, өзіндік қасиеттерді қалыптастырады.
Педогогикалық такт мұғалімнің кәсіби санасына, шеберлігінің бөлігі. Педогогикалық такт жалпы такт түсінігінен мыналар арқылы ерекшеленеді: мұғалімнің жеке, өзіндік қасиетін (әдептілік, құрмет, балаға деген мейрім, кішіпейілдік) белгілейді.
Сонымен, педагогикалық такт – бұл оқытушы мен оқушының орынды іс-әрекетіндегі педагогикалық өлшем бірлігі, қарым-қатынастың өнімді стилін құра білу шеберлігі. Педагогикалық такт оқушылармен қарым-қатынасқа түсу барысында сыйлай отырып, мұғалім балаларға құрмет көрсетуге міндетті.
Педагогикалық такт мұғалімнің салмақты, байсалды мінез-құлқынан көрініс табады.

Педагогикалық такт – мұғалімнің мінезіндегі жоғары гумандылық, оқушының қасиетін құрметтеу, әділдігі және әрекетіндегі балаға, ата-аналарға, еңбек бойынша әріптестеріне қатысты шыдамдылығы мен өзін-өзі ұстай білуінің сана-сезімдік өлшемі; педагогикалық этиканы іске асыру формаларының бірі.


Өзіндік жұмысты мұғалім сенімімен бақылау керек. Практиканы мұғалімге оқушыларды ұдайы тексермей-ақ, олардың әрбір қозғалысын бақылауға болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы дау-жанжал бұл мұғалімінң тактісінің дұрыс қалыптаспауының себебінен туындайды.

Мұғалімге такт сабақтың барлық этабында қажет. Әсіресе, оқушылардың білімін бағалау, тексеру кезінде көңіл аудару керек. Мұнда такт оқушының жауабын тыңдауға шеберлігін білдіреді: жауаптың формасына мазмұнына көңіл аудару, қиын оқушыларға төзе білу.

Барлық оқушы жауап беру кезінде өзіне көңіл қойып тыңдағанды, жақсы көреді. Жауап беру барысында қолдау көрсету: жақсы көзқарас, күлімдеу, мимика, сонымен қатар баға қою кезінде өте маңызды болып есептеледі. Сонымен педагогикалық такт мұғалімнің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы. Өйткені, педагог оқушының алдында әртүрлі рөлге еніп шығады.
Сабақта – айқындық, қаталдық, кластың берілген тапсырмаға дайын болмаған жағдайда өзін-өзі ұстай біліп, салқын қанды болу керек. Сыныптан тыс жұмысты – еш зорлықсыз, сырластықпен, әсіресе жеке тұлғамен сұхбат жүргізу тиімді.
Тәрбие беру існдегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такт. Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі. Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық үшін үлгі- өнеге. Ол әркез көпшіліктің бақылауында болады.

Өзін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті болуында тактыға жатады. Әділетті ұстазды бола әр кезде бағалап, сыйлайды. Үлгі тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі ұмтылмайтын, педагогикалық істің шебері.

Қорыта айтқанда мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.

Педагогтық әдеп – мұғалімнің ең жақын кәсіптік белгісі. Ол әртүрлі әрекет саласында педагогтың балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауы. Жалпы әдеп «жұғысу », «адамдар арақатынасының түрі» мағынасында қолданады. Ал этикалық сөздікте «әдеп» адамдар арасындағы қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлық кодексін айтады. Бірақ бұл анықтама толық емес.



Педагогтық әдеп этика ғылымының салыстырмалы дербес бөлімі. Ол педморальдің ерекшеліктері мен кәсіптік ортадағы өнегелік қатынастарды зерттейді. Педагогтық әдеп - мұғалімдер арасындағы пайда болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлықының, киінуінің, балалармен қарым-қатынасының және т.б. жиынтығын білдіреді. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп-жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын мұғалімнің мінез-құлқы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.
Педагогтық әдеп оқуда да, тәрбиеде де өте қажет. Оның рөлі тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау кезінде мұғалімнің тәрбиесі нәтиже бермейді. Моральдық сенімді, ынта, ықылас және талғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу: балалар мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтуы керек. Балалар көбінесе ескертпе жасағыш, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсетуге, үстемдік жүргізуге тырысатын мұғалімдерді жүре тыңдайды. Сондықтан, педагогтық әдепті сақтамайынша, олармен тіл табысу мүмкін емес. Белгілі психолог М. Д. Левитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, балалардың әрекетіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп, қылықтардың пайда болуына себеп болады. М. Д. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы, оқушыларды тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейді. Олар мұғалімге өшігіп, бәрін теріс ұстауға бейім тұратын көрінеді. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ салушылық, ұстамдылық, байсалдылық, сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.
Жалпы әдеп және педагогтық әдеп бар. Кез келген тәрбиеші, мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп – медициналық қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік белгісі. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп - мұғалімнің балаларды баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері – мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі, ал үшіншілері – пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл айтылғандардың барлығы да қай-қайсысында педагогтық әдептің азды-көпті белгілері бар. Педагогтық әдепті мұғалімнің жалпы мәдениеті тәртібі және жалпы әдістемелік сауаттылығымен қою қате. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі болады. «Педагогтық әдеп дегеннің өзі, шын мәнінде психологиялық әдеп», - деген болатын К. Д. Ушинский.
Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль принциптерінің мәнін қарастырып қоймай, олардың категорияларының мәнін де қарастырады.
Категориялары:


  1. Кәсіби педагогтық борыш.




  1. Педагогтық әділеттілік (әділдік), абырой.




  1. Педагогтық беделділік.

Педагогтық әдептің басты ерекшелігінің бірі – мұғалім жас буынға моральдық тәрбие беру процесінде қайталау арқылы емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмысын адамгершілікке тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастыра білуге байланысты болмақ. Бұл мұғалімнен принципшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.


Ұстаздың білімділігі жастардың моральдық қасиетін өзінен-өзі қалыптастыра алмайды. Адам білімді болуы мүмкін, бірақ оның мінез-құлқы , адамгершілік қасиеті кейбір жағдайларда оның біліміне қайшы келуі мүмкін. Өмірде кейбір білімді адамдар арасынан мораль нормасы мен принциптері қайшы келетін, сөзі мен ісі арасында алшақтық бар адамдар да кездесіп отырады.
Педагогтық әдептің тағы бір ерекшелігі – мұғалім жас ұрпаққа белгілі бір салада жүйелі білім беру мен қатар, өздерінің іс-әрекеті, дүниеге көзқарасы, адамгершілік пен гуманистік қасиеттері арқылы оларды мораль нормаларына тәрбиелеуі тиіс.
Кәсіби борыш - педагогтық әдептің ең маңызды категорияларының бірі. Бұл түсінікке мұғалімнің жеке басына қоғамның қоятын талаптары мен моральдық ұйғарымның жиынтығы туралы, кәсіби міндеттерді орындауы туралы, яғни анықталған еңбек функциясын жүзеге асыру, оқушылардың және олардың ата-аналарымен, әріптестерімен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату, таңдаған кәсібіне деген өзінің қатынасын терең сезінуі.
Кәсіби педагогтық борышта мұғалімнің өзінің еңбегіне деген шығармашылық қатынас жасауға қажеттілігін, өзіне ерекше талап қоюға, кәсіби білімін көтеруге, оқушыны және оның ата-анасын құрметтеуге және т.б. бағдарланған.
Педагогтық әдепте әділдік түсінігінің ерекшеліктері бар. Әділдік педагогтық моральда мұғалімдердің объективтілігін, балалардың қылықтарын, олардың оқуға және қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатынасын бағалауда көрінетін адамгершілік тәрбиелілігінің деңгейінің өлшемін білдіреді.
Әділдік бір жағынан мұғалімнің адамгершілік қасиеті ретінде, екінші жағынан оқушылардың іс-әрекетін бағалау өлшемі ретінде қабылданады. Әділеттілік педагогтық қызметте оқушылардың оқу процесіндегі еңбегін әділ бағалау арқылы жүзеге асады. Бағаны дұрыс, орынды пайдалану тәрбиелік мәні зор. Баға балалардың сана-сезіміне, психикасына, қылықтарына үлкен әсер етеді. Бала тек «бестік» бағаны қалайда алуды мақсат тұтпау керек, ол үшін көп еңбек етудің қажеттілігін ұғуға, материалды толық игеруге дағдыландыру керек. Сол сияқты «екілік» баға оқушыларды мұқатуға қолданылатын, яғни мұғалімнің субъективтік көңіл-күйінің нәтижесі емес, оқушының жеке басындағы ұқыпсыздық немесе жалқаулығының салдары екендігін көрсететіндей болуы қажет. Әрбір әділ қойылмаған баға балаға моральдық соққы. Бағаны артық не кем қою мұғалімнің әділетсіздігінің кепілі. Оқытушының сөзі мен ісі арасындағы алшақтық баланың моральдық ұғымына теріс әсер етеді.
Әділетілік пен абыройдың арасында біте қайнасқан білік бар. Себебі, әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді. Бірақ абырой тек әділетті болу емес, педагогтың өз жұмысына шебер келіп, көп еңбек сіңіруге байланысты болып келеді. Мысалы, кейбіреулер балаларға қатал көзбен қарау арқылы абыройлы болып көрінем деуі мүмкін. Осындай жағдайда оқушы сырттай мұғалімнің тілін алып, сөзін тыңдайтын болғанмен, іштей оны жақсы бағалай бермейді. Кейбір мұғалімдер сабақты асқан шеберлікпен, бағдарламалық материалды жақсы игерген, білімдарлықпен өткізуі мүмкін. Бірақ оқушылар арасында беделі болмауы мүмкін. Бұл мұғалімдер өздерінің білімдарлығымен, түсіндіру тонымен оларды басып тастайтынын сезбейді. Мұндай мұғалімдерге оқушылар сұрақ қоймайды. Себебі, «Сіз мынаны білмейсіз бе?», «Енді сіз нені білесіз?» деген репликаны естуі мүмкін.
Педагогтық беделдің деңгейі –білімнің тереңдігімен, әдеп­ тілігімен, шеберлігімен, жұмысқа қатынасымен мұғалімнің қоғам­ дық белсенділігін, педагогикалық тактикасымен айқындалады.
А. С. Макаренконың айтуынша, педагогтық белгінің болуы қорқыту емес, ол талап етушілік және тәрбиеленушілерді құрметтеу ғана әсер етеді дейді.
Педагогтық әдепке жат, жарасымсыз тәсілдер:


  1. Өзін айрықша адам етіп көрсету, өз әріптестерінен дараланып көрінуге әуестену, оларға кекете қарау («Мен сендерге бәленше емеспін», «А, ол ма, неге менен сұрамадыңдар?» деген сияқты және т.б.);




  1. Өз пәнінің маңызын дәріптеп, басқалардың пәнін кемсіту («Бұл сендерге қалай болса солай сөйлейтін тарих емес, бұл математика. Мұнда ойлану керек, мұндағы үштік, бестіктен өтімдірек» деген сияқты және т.б.);




  1. Оқушыларға көлгірсу, жағымпаздану, бағаларын өсіру («сіздің сыныпты бәрінен де жақсы көремін» деген сияқты және т.б.);




  1. Оқушыларға қоқан лоққы­ жасау, белгілі адамдармен таныстығына сүйену;

Сөйтіп өз беделдін ептепсептеп­ көтеруге қолы жеткен мұғалімдер онысынан да тез айрылады. Сондықтан беделге ие болу ғана емес, оны сақтау да маңызды.


Педагогтық әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әрқалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас ерекшелігіне, темпераментіне,
мінезқұлқына­ және т.б. ерекшеліктерге байланысты.
Мұғалімнің әдебін құрайтын компоненттер көп. Олардың бастылары: педагогтық оптимизм, педагогтық такт, педагогикалық техника, шеберлік, байқағыштық, психологиялық қырағыштық, күшті ерікжігер­, сөйлеу және сезім мәдениеттілігі, қылық сұлулығы, ұстамдылығы, талант, бейімділік, ұйымдатырушылық.
Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарымқатынас­ орнату күрделі іс. Ол педагогтардан жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, іскерлік пен дағдыны қажет етеді. Педагогтық әдеп түптеп келгенде педагогтық тактика болып табылады. «Такт» ­ латынша «жанасу », «түйсіну» дегеннен, ал «тактика» ­ грекше «тәртіпке келтіру» деген сөзден шыққан. Біз көбінесе осы терминді екіншісімен алмастырып жібереміз, педагогтық тактикамен істес бола отырып, педагогтық әдеп туралы айтамыз. «Педагогтың әдебі нашар», қайырымдылығы, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар т.б. деумен бірдей. Ал педагогтық тактика тым күрделі ­ жақсыдан жаманға, мейілінше жетілгендіктен, қара дүрсіндікке және тәрбие талаптарына сай еместікке мәні болуы
мүмкін. Әрбір мұғалім оқушылармен қарымқатынасты­ белгілі бір тактиканы қолдана береді, бірақ онда педагогтық әдебінің болмауы ықтимал. Былайша айтқанда, оқытушы бір сыныптың оқушыларын бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалауы, дауыс көтеру және т.б. жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы бар, бірақ ол педагогтық әдеп бола алмайды. Кейбір ұстаздар балаларға қарап, оларды қадірлеп, кең
пейілді, әдепті болғанымен, олармен қоянқолтық­ сөйлесе алмайтын жағдай болады. Оның сабағында тәртіпсіздік үстем етеді, балалар үй тапсырмасын орындамайды, тыңдамайды, яғни оны сыйламайды. Мұндай оқытушының әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал­ тәсілдерінің қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ.
Педагогтық тактика мұғалімнің бір сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғығы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас,
ымқимылдарының­ жинақталған шоғыры. Сан құбылатын дауыс ырғағының ішінен тек бажылдауды, ал бар сөздік құралдардан: «Қимылдама», «Үніңді шығарма», «Сөйлемей отыр» деген сияқты мезі болған сөздер жиынтығын қолданатын «техникалық» жағынан қаруланбаған мұғалімдердің табысқа жетуі шамалы болады. Әсер ету құралдарын ұзақ қолдануға болмайтындығы белгілі. Олар «тозады». Егер, ол педагог өз тактикасын өзгертпесе, ол өз оқушыларының көңілінен шықпайды.
Оқытушы педагогтық техниканы да меңгеруі тиіс. Ол қалай тұру, қалай отыру, орындықтан қалай тұру, дауысты қалай көтеру, қалай жымию, қалай қарау, дауысты ұстай білу, сыңай білдіру, көз тастау өнері,т.б. педагог үшін дауысты билей білу маңызы зор. А. С. Макаренко дауысты мұғалімнің жұмыс аспабы деді.
Педагогтың жеке дара мәдениеті – тұлға әлемі. Мәдениет – адам әрекетінің саналы қызметінің көрінісі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектердің мақсаттарын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана сезім негізінде қолданады. Іс-әрекеттің және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жайында туындайды.
Мұғалім заманауи жаңалықтардан хабары мол, өз пәнін жетік білетін, жаңа озық іс-тәжірибеден өз қажетін тауып, өз керегіне жарата білетін, кәсіби шеберлігін ұштай жүретін, жаңалықты сезіне білетін, оны өз пәнін оқыту әдістемесіне батыл енгізе білетін жан.
Инновациялық мәдениет, ең әуелі мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасынан көрінеді. Үлкеннің кішіге бұйыруы, ақыл айтуы және осыны істе деген үзілді кесілді талабымен емес, оқушыны өзін тең тұтып, жасы кіші болғанымен, ой-білігі қатарлас әріптес ретінде тануынан, қарауынан мұғалімнің мәдениеті, ішкі жан дүниесінің байлығы байқалып тұрады.
Мұғалім білікті де білімді болса, оны шәкірт тез таниды, сыйлайды. Сыйластық қарым-қатынастың бұзылуы, оқушының мұғалім тапсырмасын орындамауынан, орындағысы келмегеннен басталады. Мұғалім мәдениетінің тағы бір шарты - өз талабын орындата алуы. Мұғалімнің өз шәкіртінің жай күліп түсініп оған дем беруге, көмек көрсетуге дайын тұруы, бәрінен бұрын шәкірттің еңбегін әділ бағалауы да мәдениеттіктің белгісі.
Ұстаздық әдеп – мұғалімнің көркі. Сондай-ақ, мұғалім мен мұғалімнің қарым-қатынастағы ең маңызды көрсеткішінің бірі – ұстаздық әдепті сақтау. Ұстаздық әдеп – инабаттылық, әділеттілік, ұстанымдылық, адамгершілік және т.с.с. қасиеттерден көрініс беруі тиіс. Ұжымда бір істейтін әріптестерінің арасында түсінбестік, дау-дамай, кикілжіңдер кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда әр педагогтың өзін ұстауы, өзін сыйлай білуі, өзгені сыйлай білуі, ойы, сөзі ұстазға тән ерекшеленуі керек. Баланы түсінбестікке бола өз басның жалпы ұстаз беделін түсірмеуі керек. Сондай-ақ, мынадай кемшілктер мен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі тиіс: шаршап шалдығушылық, ұйқысыздық, аурушаңдық, басқа адмадар туралы теріс ой-пікрлер айту, өзінің жұмысына салақтық немқұрайлық таныту, ашуланшақтық, ынжықтық, орынсыз ұялшақтық және т.б.
Сендіру – адамдардың өзара әрекеттік қарым-қатынас жасау процесінің құралы болып табылады. Сендіру обьктивтік процесс. Сендірудің элементі педагогикалық іс-әрекетте практика барысын­ да орын алады. Дұрыс ұйымдастыруды сендіру оқушылардың белсенділігін арттырады, ынталандырады. Сендірудің әр түрлі түрі педагогикалық іс-әрекеттің амалының арнасын кеңейтеді, мұғалім оқушымен жеке жұмыс барысында жақсы әрі тактиканы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сөздің көмегімен оқушыларға сергектік сезімін немесе үрей, қуаныш немесе қорқыныш, өзіне сенімділік немесе сенімсіздік, қызығушылық не зерігу, сенім немесе күмән т.б. сезімдерді тудыруымыз мүмкін.
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық климатпен айқындалады. «Психологиялық климат», «әлеуметтік-психологиялық «климат немесе микроклимат» ұғымдары ғылым емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Ұжымдағы психологиялық климаттық мазмұндық сипатын – адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан, психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа райымен, жылы шырайлықпен, парыз бен жауапкершілікті құрмет­ теумен өзара танымдылықтан, сергектікпен ерекшеленеді. Сон­ дықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді екпінге баса мән берген.
Жағымды психологиялық климат қалыптасуға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе климаттық ауытқуды атауға болады. Әлеуметтік психология келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың күрт шиелінісіп кетуі ретінде қарастырады.
Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушілік өз табиғатынан тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайдағы адамдар іс-әрекетінің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады.
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің саладры болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғаарлық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әрекетпроцесінде орныққан өзара байланыстардың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады.

Бірінші топ – кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды.


Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестерін және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік Этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді.
Үшінші топ – педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты салалар құрайды.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әректтердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау, келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушіліктің алдын алу кезінде неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет