9-дәріс тақырыбы: Педагогтардың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде
Дәрістің жоспары:
1) Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымында. Тіл және сөз.
2) Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы.
3) Сөз-мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы.
4) Педагог сөзінің тиімділігінің әлеуметтік-психологиялық факторлары.
5) Сөз мәдениеті, оның элементтері. Мұғалім сөзінің логикасы. Сөз сөйлеу құралдары. Сөз, сөйлеу техникалар: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ.
Дәрістің тезистері:
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Тіл - адамның іс-әрекет процесінде таным, ақпараттық және коммуникативтік қызметті атқаратын кез келген физикалық табиғаттың таңбалау жүйесі.
Тіл - адамның жан дүниесінің көрінісі. Ол тұлғаны калыптастырады. Педагогикалық іс-әрекеттерді саралау бойынша, егер сабақ ашық-жарқын және бейнелі сөз мәнерімен көркемделмесе, оқу-тәрбие мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайтындығы анықталды. Педагогтың тіл мәнерінің дамуы білім беру және тәрбиені күшейту үшін өте маңызды. Мұғалімде жақсы дамыған вербалды есте сақтау қабілеті, тіл мәнерін дұрыс таңдау және адаммен тіл табысу барысында дұрыс бағыт таңдай білу, нәтижесін сезе білу дағдысы болуы керек. Вербалды тіл табысу кезінде оның мәдениеттілігі мен эрудициясы біршама роль атқарады.
Тіл дегеніміз – адам қоғамының рухани өмірінде обьективті өмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-қатынас қызметін атқаратын белгілері жүйесі және ой қаруы болып саналады. Тіл мағыналы сөздерден және сол бойынша сөйлемдер жасалынатын ережелер жиынтығы синтаксистен құралады. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы болады. Тілдің сөздік қорында осы тілде сөйлейтін адамдар қауымдастығының айналадағы дүние туралы білімі сақталады. «Тіл – ой музейі» деген теңеу тегіннен тегін емес. Тіл жазбаша және ауызша сөйлеу арқылы іске асады. Тіл рухани иәдениет құбылысы ретінде, өзін жасаған қоғам құрып кеткен соңда өмір сүре отырып, жоғалған цивилизация мәдениетінің аса құнды ескерткіші бола алады. Тілдік хабарларды құрайтын құралдар фонемалар және графемалар. Осы әлеуметтік тұрғыда жасалып, қалыптасқан дыбыстар мен графикалық белңілерден адамзат тәжірибесін жеткізуші сөздер құрылады.
Сөйтіп тілде бізден бұрынғы ұрпақтар жасаған аса бағалы өмірлік қазына жинақталады.
Педагогикалык шеберліктің маңызды бөліктерінің бірі - сөз мәнері мәдениеті болып табылады. Сөз мәнері педагог үшін оку материалын тарату және тәрбиелік өзара қарым-қатынас құралы болып саналады.
Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік жөніндегі оқу Ежелгі Грецияның және Ежелгі Римнің ораторлык өнер тәжірибесі мен теориясында пайда болған, ал Ресейде оны М. В. Ломоносов ашқан. Жазушылар, заңгерлер, ғалымдар, педагогтар сөз мәнеріндегі шеберлікті өз салаларына карай бейімдейді. Я. А. Коменский педагогтың оқушы назарын өзіне аудара алатындай деңгейдегі сөз мәнері болуы қажет деп санады. Ол мұғалім тілі оқушыға түсінікті, нақты, әрі тартымды болуы керек деп- жазды. Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік педагогтың рухани байлығының, ойлау мәдениетінің маңызды көрсеткіші және тұлғалык калыптасу кұралы болып табылады.
Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді. Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, оның ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал әрекеттерді қамтиды.
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.
Сөз дұрыстығы қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады.
Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.
В. А. Сухомлинский: ‘’Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...”- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: ‘’Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек’’.
«Сөз мәдениеттілігі» немесе «тілдік мәдениет» сөз тіркестері үш мағынада қолданылады: Сөз мәдениеттілігі - сөз өнеріндегі коммуникативтік жетілдіру үшін көрсететін қасиеттері мен белгілері; Сөз мәдениеттілігі - адамның сөз мәнерін тіл табысу максатында дұрыс колдануын камтамасыз ететін білімділігі мен дағдыларының жиынтығы; Сөз мәдениеттілігі - сөз мәнері және оның коммуникативті сапалы жүйесі жөніндегі лингвистикалык білімдер жиыны.
Сөз мәнерінің коммуникативті сапасы оқушыларға сөз мәде ниеттілігі ретінде әсер етсе, біз оның құрылымын коммуникативті әсері жағынан қарастырамыз.
Сөз бен тіл бірге қолданылады, бірақ олар бір емес. Тіл
жалпылама қабылданған мазмұны бекітілген сөз мәнері тэжірибесінде өңделген тілдік белгілер жүйесі. Сөз - жекелеген тұлғалардың тілді накты тәжірибеде колданатын тілдік іс-әрекеті.
Тіл мен сөз мәэнері бір-бірін өзара толықтырып отырады. Егер тіл - сөйлесу кұралдарының жүйесі болса, сөз мәнері - осы жүйені таратушы. Сөз мәнері тіл ережелері бойынша жүзеге асады. Тілдің маңызды қоғамдық функциялары мыналар:
Күнделікті тіл табысу - сөйлесу стилі;
Хабарлама-іскерлік және ғылыми стиль;
Әрекет ету - публицистикалық және көркем-беллетристикалык стиль.
Педагогтың сөз мәнері тек оқыту міндеттерін ғана шешпейді. В. А. Сухомлинский мұғалімнің педагогикалық шеберлігі сөздің тәрбиелік мағынасын аша білу дағдысына тікелей байланыста анықталады деп санайды. Педагог кадрларды даярлаудың маңызды шарты- барлық сала бойынша студенттерде тілге деген ұқыпты карым-қатынасқа тәрбиелеуді қалыптастыру. К. Паустовский былай деп жазған: «Әр адамның өз тіліне деген байланысы бойынша оның мәдениеттілік деңгейін ғана емес, сонымен бірге азаматтық құндылығы жөнінде де пікір айтуға болады. Отанға деген шынайы махаббат өз тіліне деген махаббатсыз қалыптаспайды».
Тілде және сөз арқылы әр адамның өз Отанының, өз халқының өткен және осы жағымен байланысы анықталады. Сондықтан үнемі сөз мәнеріне, ана тілдің тазалығына мәнерлеп сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару қажет.
Сөйлеу әрекетінің мәдениеттілігін анықтайтын сөз сапаларының төмендегідей 23 түрін айқындайды. Олар мыналар: сөздің дұрыстығы (мінсіздігі), тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқын
дылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилығы, идеялылығы, ықпалдылығы, сендірімділігі, тұтастылығы.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегеніміз – айтайын деген ойымызды еркін жеткізу, сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді − диалектілерді, варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді пайдаланып, жатық, анық сөйлеу, әдеби тілде сөйлеу.
Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әрі қимыл-қозғалысы арқылы жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану әрі оларды дұрыс байланыстырумен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.
Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:
Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет.
Оқушылардың тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, тұтықпа, кей дыбыстарды дұрыс айтпау және т.б.) жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасау қажет.
Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі.Өйткені сөйлеу мәдениеті– мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.
Мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар, бір сөзбен айтқанда барша жұртшылық осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, өздерінің сөйлеу мәдениетін, әсіресе ана тілінің кәусәрінен мол сусындап жетілдіріп отыруды естен шығармаулары тиіс.
Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнеріне шеберлігі, стилистикалық ойды нұсқаны тандай білу, ойын анық және айқын жеткізе білу дағдысы.
Сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен қарым- қатынас жасау процесі. Тіл – қоғам өмірінің обьективті құбылысы,ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды. Қарым-қатынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін ғана пайдаланады. Ұлы жазушылардың тілінің өзінде 10 мыңнан 20 мыңға дейін ғана сөз болады, ал жалпы тілдің құрамында бірнеше жүздеген мың сөз болады.
Адами сөйлеу күрделі, сондықтан да көп құрамдас түсінік. Педагог ауызша және жазбаша әдеби тіл нормаларын, яғни екпінді, грамматиканы, сөздің қолданылу аясын білуі тиіс. Осы тұрғыдан сөз мәнерінің дұрыс не дұрыс еместігін бағалайды.
Педагогтың сөз мәдениеті барлық кез келген адамзат баласындағыдай өз Отанына деген махаббатының және жалпы мәдениеттілігінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Дауысының эстетикалык сұлулығы, байлығы, мазмұны мен бейнелілігі бар педагог оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттерін жақсы атқаруға қабілетті болады. Даусының күші, сарыны да, сонымен қатар шынайылығы мен нақтылығы да біршама рөл атқарады.
Сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылым тілдік сферамен тығыз байланыста болады. Бұл мәселелермен әдебиет теориясы, психология, педагогика және физиология тәрізді ғылымдар айналысады. Тілдік нормалар (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) - қоғам үшін мейлінше қажетті жиынтық.
Тәжірибелі мұғалімдер үнемі сабақта айтылып, беріліп отырған түсініктің маңыздылығына аса мән береді. «Сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер. Сол кезде сіздер оларды жаңылысулардың жартысынан кұтқарасыздар»,-деп жазды Р.Декарт.
Сөйлеу мәдениеті көптеген. факторларға байланысты - тілдесудің ойлы, бағыттылығы, оның мазмұны, жаңа ақпараттың болуы және т.б.
Лингвист Б. Н. Головин «Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік» кітабында оның келесі құрамдас бөліктерін көрсетті:
Сөйлеу дұрыстығы: екпін нормалары;
Сөз мәнерінің тазалығы;
Сөз мәнерінің анықтығы;
Сөз мәнерінің байлығы, әр алуандығы;
Тілдік және сөйлеу стилі.
Тілдің бай лексикалық - сөздік жүйесі педагогтың сөздік мәнеріндегі педагогикалық мәдениеттілігінің анық белгісі болып табылады. Тіл байлығы тек сөз қкорына (санына) байланысты емес, оларды бірнеше мағынада қолдану мүмкіндігімен де анықталады. Бір ғана «жүру» сөзінің бірнеше мағынасы («жаяу жүру», «адымдап жүру », «іс оңға басты» т.б.) бар. Тілдің лексикалық байлығы әр түрлі ойлар мен сезімдерді жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылады. Сөз мәнерінің нақтылығы пен анықтылығына тілдің көптеген кұралдарын қолдану аркылы қол жеткіземіз.Мысалы, синонимдер. Синоним дегеніміз - мағынасы жағынан бірдей, ал жазылуы әр түрлі сөздер. Мысалы, «атақты», «дәрежелі», «белгілі»; «еркіндік», «бостандык», «тәуелсіздік». Тілдің синонимдік кұры лымы ойды әр түрлі тәсілдермен жеткізуге, нақтылыққа жетуге көмектеседі.
Сөз нақтылығы оның сыңарын дұрыс келтіре білуге де байланысты, айтылуы ұқсас, бірак мағынасы әр түрлі сөздер: «абонемент» - «абонент», «тәжірибелі» - «тәжірибелік».
Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мәдениеттілігінің кажетті шарттарының бірі - ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері - қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мәнерінің сапасын бір нәрсені қайталап айта беру, яғни тавтология (мағынасыз сөздерді кайталап айта беру) бұзады.
Педагогтың сөйлеу мәнері табиғи және анық болуы тиіс. Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы - бұл сөз тіркестерін және сөйлем құрудағы сөз формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.
Мұғалімнің сөйлеу мәнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын қарапайым, қүрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.
Дыбысталу дұрыс болмаса, жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениеттілігі мүмкін болмайды. Бұл - орфоэпия саласы. Екпін орфоэпиямен тығыз байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу киынға соғып жатады.
Педагогтың сөйлеу мәнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге анық, бейнелі, эмоционалды болуы тиіс. Бұл жайға тек фразеологиялық мұраларды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қолдану дағдысы арқылы қол жеткізуге болады. Фразеологизмдер әр түрлі құбылыстарды сипаттау үшін, сөйлеу мәнерін анық ету үшін қолданылады. Педагог «мақалсыз тіл - тұзсыз ас» екендігін ұғуы тиіс.
Ауызша сөйлеудің анықталған анафора, градация (бірден-бірге сатыланушылык), инверсия (сөйлемдегі сөздердің дағдылы ретін өзгерту) т.б. тәрізді стилистикалық фигуралар күшейтеді. Анафора бір сөздің бірнеше жол т.б. басында қайталануы. Мұндай тәсілді М. Ю. Лермонтов пайдаланған. Градация - сөйлемдегі сөздердің айтылу деңгейіне қарай орналасуы.
Сөз мәнерінің жекелеген элементтерін ашып көрсету үшін, инверсия жиі колданылады (сөйлемдегі сөз ретінің өзгеруі).
Педагогтың сөз мәнері тек пән жөнінде жаңа ақпараттар болған жағдайда ғана емес, оқушылардың сезімдері мен ойларын белсендіре алған жағдайда да ойдағыдай нәтижеге жетеді.
Оқыту-жаттықтыру кештерін немесе тәрбие жұмыстарын өткізген кезде педагогтың табиғи сөйлеу мәнері оқушыларға негізгі әсер ету құрылғысы ретінде рөл атқарады. Сөз көмегімен мұғалім-жаттықтырушы оқу үрдісін басқарады, тәжірибелік әрекеттерді қадағалайды, оқушыларға қажетті білімді жеткізеді. Сөйлеу кей кездері ым-ишара және дене қозғалысымен іске асырылады. Жаттықтырушы үнемі ауызша және жазбаша сөз мәдениеттілігін жетілдірумен, нақтылық, тазалық, логикалық, айқындылық, білімділік, орнықтылық тәрізді коммуникативті қасиеттерді жақсартуға ұмтылумен айналысуы тиіс.
«Сөз мәнерінің жоғары мәдениеттілігі» ұғымын ашып көрсету барысында С. И. Ожегов былай деп жазған: «...бұл өз ойларын тіл құрылғылары арқылы нақты және айқын жеткізу. Дұрыс сөз мәдениеті деп қазіргі заманға сай әдеби тіл нормалары сақталған сөз мәнері айтылады».
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру белсенді тілдік қорды толықтырып отырумен тығыз байланысты. Жазбаша мәнердегі мол, белсенді лексикалык сөз қоры ауызша сөйлеу мәнерінің коммуникативті және әр түрлі бейнелі сапаларына әсер етеді. Ауызша сөйлеу мәнерінің мәдениетін арттыру үшін әр кезде (достармен тіл табысканда да) әдеби тілдің нормаларын сақтауға және үнемі еркін, дұрыс сөйлеу дағдысын өңдеуге тырысу қажет.
Классикалық көркем әдебиетке үнемі назар аудару да осыған септігін тигізеді. Егер сөз мәнері дұрыс берілмесе («э-э», «м-м-..» дыбыстары арқылы), аудитория эстетикалық тұрғыдан қанағаттанбайды. Осы әдеттерден құтылу үшін және дауыс ырғағын дұрыстау үшін өзіндік мәтіндерді іштей оқып, өзінің сөз мәнерін жазып алып тындап дайындалу қажет.
Оқушылардың ақпаратты қабылдауы мен меңгеруі тек мұғалім дұрыс сөйлеу мәнерін байқатса және анық сөйлесе, екпіндерде қателік жібермесе ғана жақсара түседі.
Егер педагог екпінді және жалғау-жұрнақтарды дұрыс айтпаса, оқушылар дұрыс назар да аудармайды, мазмұнды да түсіне алмайды.
Педагогсөзініңәрекететукүшіорнықтылықпенде(оқушылармен тіл табысу кезінде) байланысты. Оқушыларға білім беру және оның меңгерілуі айтылған мазмұнның тиімділігін жеңілдетеді. Жаңа оқушы келген күннен бастап, жаттықтырушы тек оның физикалық мәліметтерін ғана біліп коймай, психикалық қасиеттеріне де назар аударады, мінез-құлқын, темпераментін, ұнамды, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерін, талғамын, қажеттілігін, дағдылары мен қызығушылықтарын, көңіл-күйінің өзгеруін және оларды қадағалау мүмкіндігін таниды. Тұлғаның психикалық қасиеттерін есепке ала отырып (егер сез оның техникалық жаттығуларға үлгермеушілігі жөнінде болатын болса), тәрбиеленушімен сұхбаттасатын орынды және уақытты таңдау кажет. Бір спортшымен көпшіліктің көзінше сөйлесу керек болса, енді бірімен оңашада сөйлесу қажет болады. Заңдылық бойынша әңгіме жай, қарапайым түрде дауыс көтермей өтеді, кейбір мадақтаулар немесе әрекет ету жөніндегі кештер өзгеше тонмен, мейлінше қаттырақ дауыспен өтеді. Педагогтың кез келген сөйлеу мәнерінде жағымсыз сөздер болмауы тиіс. Сөйлесу екпіні оқушының психикалық жағдайына, рухани тепе-теңдігіне, жасалған әрекеттерге байланысты қайғыруына қарай таңдалады.
Жаттықтырушы сайыстарда өз оқушыларымен мүлдем өзгеше сөйлеседі. Бұл кездерде спортшыға қиын кезенді бастан өткеруге көмек беретін, сәтті нәтижеге деген сенімділігін оятатын сөз мәнері орнықты болып саналады. Кеңес беру кезінде жаттықтырушы сәтсіздікке деген күмәнді сейілтетін, сенімділігін нығайтатын дауыспен сөйлейді. Спортшылармен жұмыс кезінде жаттықтырушы сөзінің әсерлі болуы көптеген факторларға байланысты - берілген спорт саласы жөніндегі терең білімділігіне, дене тәрбиесі, педагогика, динамикалық анатомия, физиология, спорттық медицина теориясына, қорыта келгенде, спортшыны даярлаудағы мол практикалық тәжірибесіне, интеллекттісіне, сөйлеу мәдениетіне осының барлығы оқушының мұғалім айтқан барлық жайға сенімділігін оятады.
Педагогтың беделі, оның ұнамды қасиеттері, шыншылдығы, нақтылығы, берілген спорт саласының дамуында алар орны ерекше. Бет бұлшық еттері шаршағанда, бас, қол және дене қозғалыстарында байқалатын өзгерістер адам сезімдерін білдіретін ішкі факторлар. Қолды үздіксіз сермей беру де жақсы пікір қалыптастырмайды, тек сөздің коммуникативті әсерін төмендетеді де, оқушыларды білімді меңгеруден алшақтатады. Жаттықтырушының әр түрлі әрекеттер барысында байқалатын ішкі жағдайы сезімін кадағалай білуіне байланысты. Ішкі жан-дүниесін сыртқа, яғни оқушыға байқатпай өз-өзін ұстай білу дағдысы, әсіресе, сайыстар кезінде спорттық тартыстарға толы кездерде. Сондықтан жаттықтырушы ішкі жан-дүниесін сыртқа шығармай шыдамдылық танытуы қажетті.
Сөйлеу техникасы мен оқудағы дауыс маңызын меңгеру. Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл-күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.
Дауыстың естілуі – тию – физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады. Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады. Өкпеден қайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білу қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау – дауыс күшті мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.
Мұғалімнің өз ойын, оқыған материалын дауыс ырғағы анық, дәл сөзбен айта алу, жарқын мимика мен пантомимикамен, ұнамды эмоциямен бере білу қабілеті-сөйлеу қабілеті. Мұғалімдік мамандықтың ең маңыздысы - сөйлеу қабілеті. Өйткені мұғалім мағлұматтардың барлығын оқушыларға жеткізу, жүйелі білім беру үшін негізінен екінші сигнальды (сөйлеу сипатында) қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанымдылығымен, әсерлігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алуы керек. Ол ұзын фразалардан аулақтап, сөйлемді қиындатпай, өз ойын оқушыларға қарапайым және түсінікті бере алуы керек. Юмор, әзіл, көңілге тимейтін ирония (сықақ) болса, сөйлеу ажарын келтіреді, мақал-мәтелдерді қолдану ойды ажарлайды. «Мақал-сөздің мәйегі» -деген қазақ данылығы.
Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды, бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақауларды таза болуы шарт. Бірсарынды, жалаң көңілсіз сөздер оқушыларды зеріктіреді, жалықтырады, ұйқысын келтіреді, оларда сабаққа немқұрайлылық пен қалай болса, слай қарауды туғызады.
Тез асығыс айтылған ойлар, сөздер ұғынып алуға қиындық келтіреді және тез шаршатады. Дауыстың қаттылығы да психикаға әсер етеді. Орынсыз айқайлаңқырап айту балалардың жүйкесіне тиеді, ал әлсіз жай дауысты мұғалімді де тыңдау қиын. Қол сермеп сөйлеу сөзді жандандырады, бірақ көбірек, бірыңғай, ылғи, қол сермей беру, орынсыз қозғалыстар тітіркендіреді. «Біз үшін біздің әдебиетшіні тыңдағаннан басқа рахат жоқ, ол әдемі сөйлейді. Қоңырау соғылуы рахаттан айырғандай әсер етеді». Шешендік өнерін меңгерген мұғалімге арналған пікір осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |