7 «А» сыныбына арналған география пәнінен «Қызықты география» факультативінің жоспары. География пәні мұғалімі: Алтаева Жансая Сеиткасымовна



бет3/3
Дата30.01.2022
өлшемі57,63 Kb.
#116276
1   2   3
Байланысты:
1532947768 (1)

Оқу-әдістемелік жоспар



Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Сабақтың түрлері

1

Кіріспе. География ғылымы

1




Лекция

2

Жер ғаламшары

1




Интерактивті

3

Тест жұмысы

1




Бақылау сабақ

4

Карта – географияның тілі.

1




Пәнаралық байланыс

5

Практикалық жұмыс.

1




Практикалық

6-7

Ұлы географиялық ашулар

2




Лекция,саяхат

8

Географиялық термин сөздер

1




Семинар

9

Практикалық жұмыс

1




Есеп шығару

10

Жердің ішкі құрылысы

1




Аралас

11

«Жорға жарысы»

1




Сайыс сабақ

12

Табиғат және адам

1




Пәнаралық байланыс

13

«Мақал-мәтел» жарысы

1




Жарыс сабақ

14

Номенклатура

1




Картамен жұмыс

15

Атмосфера

1




Пәнаралық байланыс

16

Материктер

1




Интерактивті

17

Практикалық жұмыс

1




Практикалық

18

Дүниежүзілік мұхит бөліктері

1




Лекция,аралас

19

«Кім жылдам» ойыны

1




Сайыс сабақ

20

Елдер мен астаналар

1




Саяхат,аралас

21

Әлемге әйгілі қалалар

1




Саяхат, аралас

22

Викториналық сұрақтар

1




Қайталау

23

Практикалық жұмыс

1




Есеп шығару

24

«Кім тапқыр» тапқырлар сайысы

1




Сайыс сабақ

25

Биосфера

1




Лекция

26

«Жорға»

1




Сайыс сабақ

27

«Мен өзенмін» танымдық ойыны

1




Ойын сабақ

28

Тест жұмысы

1




Бақылау сабақ

29

«Бәйге» жылдамдық ойыны

1




Ойын сабақ

30

«Саяхатшы» ойыны

1




Ойын сабақ

31

Практикалық жұмыс

1




Бақылау сабақ

32

«Полиглот» ойыны

1




Ойын сабақ

33

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

1




Жарыс сабақ

34

Қорытынды

1




Қайталау


Факультатив мазмұны:

Кіріспе. География ғылымы. 1 сабақ

География (грек. geo — Жер және graphо — жазу) — Жердің географиялық қабығындағы табиғи-аумақтық және аумақтық-өндірістік кешендерін және олардың құраушыларын зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі. Географиялық зертеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау.География өте ежелгі ілім. Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған. Көрген-білген жерлерін, көкжиектің өзі басып көрмеген арғы жағын ой өрісімен жалғастыра білген. Өз ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың қабығына, жерге сызып белгі салып отырған. Геогр. алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті. Б.з.б. 6 ғ-да Г-да екі бағыт — жалпы жер тану (негізін Аристотель қалады) және ел тану (Геродот) айқындала бастады. Эллиндік дәуірде Эратосфен өзінің “География” атты еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек болды. Б.з.б. 1—2 ғ-дағы күрделі Географиялық еңбектерге Страбонның “Географиясы” (ел тануы), Птолемейдің “География жөніндегі нұсқауы” (геогр. координаттары көрсетілген елді мекендер тізімі) жатады.

География өзінің даму барысында басқа ғылыми пәндерден - бөлектенген жоқ. Дүниетанымдық ғылым ретінде ол философиямен, географиялық қабықтың табиғи қырларын зерттегенде - физикамен, химиямен, геологиямен, биологиямен, ал қоғамның аумақтық ұйымдастырылуының оңтайлы нысандарын негіздеуде экономикамен, социологиямен, демографиямен және тағы да басқалары тығыз байланысты. Географияда басқа ғылымдардың тарихи, жүйелік, математикалық, кибернетикалық және тағы да басқалары одістері тиімді пайдаланылады. География өзінің теориясымен және әдіснамасымен іргелес ғылымдарды байытады, осы арқылы аймақтық экономика, геодемография, аудандық жоспарлау секілді және тағы да басқалары ғылыми бағыттар жедел дамуда. Қазіргі кездегі География зерттеудің ғарыштық әдістерін пайдаланбайынша дами алмайды. Географияның ерекше функциясына өзіміздің планета мен оның табиғи-тарихи дамуы; туралы, елдер, қалалар, жерлер және оларды мекендейтін халыктар туралы білімді; жинау, қорыту және тарату жатады.



Жер ғаламшары. 2 сабақ

Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.

Жер туралы қысқаша мәліметтер

  • Күннен қашықтығы — 150 млн км.

  • Орбитадағы айналу жылдамдығы — 29,8 км/с.

  • Орташа тығыздығы — 5,5 • 103 кг/м3.

  • Күнді айналу ұзақтығы — 365 тәул. 6 caғ.

  • Табиғи серігі — Ай.

  • Массасы — 6 • 1024 т.

  • Радиусының орташа ұзындығы — 6371 км.

  • Экваторының ұзындығы — 40075,7 км.

  • Меридианының ұзындығы — 40008,5 км.

  • Жер бетінің жалпы ауданы — 510 млн км2.

Жер мен Күн арасындағы орташа қашықтық — 149,58×106 км. Бұл қашықтық қалыпты «астрономиялық бірлік» боп табылады.

Жер Күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.



Тест жұмысы. 3 сабақ

Өткен оқу жылындағы алған білімдерін, есте сақтау қабілеттерін анықтау барысында тест жұмысын орындату, нұсқа бойынша әр оқушыға жеке тапсырма беру.



Карта – географияның тілі. 4 сабақ

Картографиялық сауаттылығының қалыптасуына жағдай жасау, карта бойынша атауы және көрсетуі, анықтауды, кескін картаға түсіре білуді, баяндай білуді, түсіндіруді, болжай алуды үйрету.

Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты – математикалық картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы бетінің сферадан айырмашылығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді.Картографиялық проекциядағы меридиандар (А=const болған жағдайында) мен параллельдерден (В=const жағдайда) картографиялық тор құралады.


  • Әр түрлі Картографиялық проекцияларда құрылған карталар нақты жер бетінің кескінін біраз бұрмалап көрсетеді. Бұрмалану үш түрлі болады:

    • а) бұрыштық (картадағы бұрыштар глобустағы бұрыштарға тең болмайды);

    • ә) аудандық (аудандардың масштабы картаның әр аумағында әр түрлі);

    • б) сызықтық (картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі).

Бұл үш түрлі бұрмаланудың үшеуі де глобуста болмайды.

Практикалық жұмыс. 5 сабақ

Оқушының алған білімін бекіту барысында картамен жұмыс жасау, берілген объектілердің орнын анықтау, оқушыларды топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру.



1-топ: Картаға қарап, қай жерде келе жатқанымызды анықтайық! Сіздерге географиялық объектілердің географиялық координаталары берілген. Сіздер координата бойынша объектіні анықтайсыздар:

1-кеме: 42°о.е; 146° ш.б. арал – Тасман аралы.

45° с.е; 15° б.б. бұғаз – Гибралтар бұғазы.

2-кеме: 50° о.е; 70° ш.б. арал – Кергелен аралы.

18° с.е; 85° ш.б. шығанақ – Бенгал шығанағы.

2-топ: Дүниежүзілік физикалық картасы бойынша саяхат жасап шығасыздар.

1-кеме: 22° с.е; 120° ш.б. – Тайвань аралы.

11° с.е; 140° ш.б. – Мариан шұңғымасы.

2-кеме: 11° с.е; 80° ш.б. – Шри-Ланка аралы.

20° о.е; 47° ш.б. – Мадагаскар аралы.

3-топ: Материктер мен мұхиттар картасын пайдаланып, координаталарды анықтайсыздар.

55° о.е; 71° б.б. – Отты Жер аралы.

Ендігі де, бойлығы да 0° - Гвинея шығанағы.

21° с.е; 80° б.б. – Куба аралы.

65° с.е; 20° б.б – Исландия аралы.

Ұлы географиялық ашулар. 6-7 сабақ

Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды.

1488 ж. Б.Диаш Африканың оңт. шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұ. г. а-дың бастамасы болды. Олармен бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген.

1492 ж. Х. Колумб Американы ашты. Оның 4 саяхатының (1492 — 1504) нәтижесінде Орт. Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдары, Оңт. Американың солт. жағалауы ашылды.

1497 — 99 ж. португал теңізшісі Гама (Васко-да-Гама) Африканы оңт-нен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты

1497 ж. ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен Қытайға Солт. теңіз жолын іздеу кезінде Нью-Фаундленд аралдарына және Лабрадорға жүзіп барып, Солт. Американы ашуды бастады.

1503 ж. В.Нуньес де Бальбоа Панама мойнағы арқылы Тынық мұхит жағалауына шықты. Бальбоаның жаңалығы Атлант мұхитынан “Жаңа Дүниені” айналып, “Оңтүстік теңізге” (мойнақтан қарағанда оңт-те көрінетіндіктен саяхатшылар солай деп атаған) асатын жолды іздеу туралы ой тудырды. Бұл идеяны Ф.Магеллан басқарған испан экспед. жүзеге асырды. Магеллан және оның серіктері Атлант мұхитынан жол тауып, Тынық мұхитқа өтті, онан әрі дүние жүзін айналып шықты (1519 — 1522).

Географиялық термин сөздер. 8 сабақ

Антарктикалық ағыс немесе Батыс желдер ағысы – оңтүстік жарты

шардың қоңыржай белдеуіндегі ашық су айдыны арқылы шеңбер жасап, дүние жүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс өтеді.



Антициклон – атмосфераның қысымы жоғары аймағы.

Альбедо – жер бетінің күн сәулесін шағылыстыруы қабілетін сипаттайтын фотометриялық шама.

Ауа циркуляциясы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.

Практикалық жұмыс. 9 сабақ

Оқушыларды олимпиадалық есептерді шығара білуге дағдыландыру. Топқа бөлу арқылы әр топқа есеп беру.



1-топ: Теңіз деңгейіндегі ауаның температурасы +17°C. 4 км биіктікте ұшып бара жатқан ұшақ бортының сыртындағы температура қандай болады?

Жауабы: 17-(6×4)=17-24=-7°C

II-топ: 6 км биіктіктегі температура -1°C. Осы кезде жер бетіндегі температура қандай болады?

Жауабы: (6×6)-1=35°C

III-топ: Тау етегіндегі ауаның температурасы +12°C. Таудың шыңында ауа температурасы -18°C. Таудың биіктігі қандай?

Жауабы: 12-(-18):6=5 км.

Жердің ішкі құрылысы. 10 сабақ

Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді. Жердің келесі қабаты — мантия (гр. mantion—жамылғы). Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр, оны 1909 жылы югославиялық сейсмолог А. Мохоровичич анықтаған. Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды.

Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу,тұтқыр қабат орналасқан,оны астеносфера деп атайды. Астеносфераны құрайтын жыныстар онша тығыз емес, тұтқыр әрі майысқақ болып келеді; сол себепті жер қыртысында болатын қозғалыстарды және магматизм мен метаморфизм құбылыстарын күшейтеді. Астеносферадан жоғары орналасқан жоғарғы мантия мен жер қыртысы литосфераны құрайды.Литосфера қабығы жекелеген литосфералық тақталар жиынтығынан құралады. Олар неміс геофизигі А. Вегенердің литосфералық тақталар теориясына сәйкес, үнемі қозғалыста болады; бұл қозғалыс астеносфераның тұтқыр бетінде сырғу нәтижесінде жүзеге асады.

Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6371 км аралығында орналасқан Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды.



«Жорға жарысы» 11 сабақ

Экспресс сұрақтарға жылдам жауап беру.

1. Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет, астанасы Минск?

2. Бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған мемлекет?

3. Араб географы, Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атаған ?

4. Сюань Цзяньның «Ақ өзендегі қала» деп атаған Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ең ірі қала?

5. Ең биік секвойя ағашы не деп аталады?

6. Өз елін « гексагон» (алтыбұрыш) деп атаған бұл қай ел?

7. Алмаз өндіруден әлемде екінші орын алатын ел?

8. Дүние жүзіндегі ең алғашқы ұйымдастырылған ұлттық саябақ?

9. Үндістердің «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған ағашы?

10. Аса қомағайлығы мен тісінің өткірлігіне байланысты үндістер

«азулы жын» деп атаған балық?

Табиғат және адам 12 сабақ Қазіргі уақытта адамзат экологиялық кризистің қиын жағдайында тұр, оны жеңу үшін экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы зор.Табиғи ресурстардың толықтай немесе кейбір бөліктердің жоғалуы, табиғи ландшафт өнімділігінің төмендеуі, топырақ, су жүйесінің құрғауы, қоршаған ортаның ластануы – Қазақстандағы табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайының бұзылуын сипаттайды.Қазақстанда Аралдың тартылу мәселесі су ресурстарын рационалды пайдалану арқылы, халықты таза сумен қамтамасыз ету, су көздерінің ластануы, энергетика мен ауыл шаруашылығы арасындағы байланыс барлық елдегі эколог-мамандардың біріккен жұмысы үшін перспективалық мәселелер болып табылады. Мұндай қарым-қатынастар суды сақтау, суды пайдалану және су көздерін қорғау бойынша барлық ұлттық бағдарламалардың бірігуіне әкеледі.

«Мақал-мәтел» жарысы. 13 сабақ

Жалпы табиғат жайында мақал-мәтел жарысын ұйымдастыру.



Номенклатура 14 сабақ

Картамен жұмыс жасау, есте сақтау қабілетін арттыру.



Атмосфера 15 сабақ

Жердің «қатты» қабатын (гидросфераны қоса) атмосфера қабаты қоршап жатыр. Ол Жермен бірге айналады және оның құрамы, негізінен, азот(78,08%-ы) пен оттектен (20,95%-ы) тұрады.

Атмосферадағы ауаның жалпы массасы 5,15•1015 тонна. Жер бетінен жоғарылаған сайын оның қысымы мен тығыздығы кемиді. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады. Жер бетінен биіктеген сайын


  • тропосфера,

  • стратосфера,

  • мезосфера,

  • ионосфера,

  • термосфера,

  • экзосфера деп ажыратылады.

Олар бір-бірінен температуралық, физикалық және химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Атмосфера қабаты Жер бетіне келіп түсетін Күн сәулесінің радиациясынұстап қалады. Көмір қышқыл газ және су буының әсерінен Жерден жылу шығару мөлшері төмен болады («парниктік әсер»).

Материктер 16 сабақ

Құрлықтар теңіз деңгейінен орта есеппен 875 м биіктікте орналасқан. Ең биік жері 8848 м (Джомолунгма шыңы, Гималай), ең төмен жері (–395 м) Батыс Азияда(Өлі теңіз жағалауында орналасқан Гхор ойысы). Жер беті 6 ірі құрлықтан (Австралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америка) және көптеген аралдар тобынан тұрады (2-кестені қара). Құрлықтардың басым бөлігі Солтүстік жарты шарда (61%) орналасқан. Жерді Батыс және Шығыс жарты шарларға бөліп қараса, онда құрлықтардың көп бөлігі Шығыс жарты шарда болады. Жер бетінің 60%-ға жуығын абсолюттік биіктігі. 1000 м-ге дейінгі жазықтар мен аласа таулар құраса, 40%-дан астамын орта және биік таулар құрайды.



Практикалық жұмыс 17 сабақ

Өткенді үнемі қайталап отыруды дағдыға айналдыру мақсатында термин сөздерді, номенклатураны қайталау. Тест жұмысын орындау.



Дүниежүзілік мұхит бөліктері 18 сабақ

Мұхиттар мен теңіздерде гидросферадағы 96% су шоғырланған, қалғаны құрлықтардағы жер асты және жер үсті (беті) ағын суларда, тау басындағы қарлар мен мұздықтарда, шамалы бөлігі ауада және өсімдіктер мен жануарларда шоғырланған. Жер бетіндегі судың жалпы көлемі 1,4 млрд. км3 деп бағаланады. Дүниежүзілік мұхит Тынық мұхит, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит болып бөлінеді. Жер бетінде су біркелкі таралмаған. Ол Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ын қамтыған. Теңіз ағыстары дүниежүзілік мұхит суларын үздіксіз араластырып отырады. Нәтижесінде мұхиттардағы судың орташа тұздылығы барлық бөлігінде 35 г/л-ге жуық. Мұхиттардың Жер бетіндегі зат айналымын және климатты қалыптастырудағы рөлі өте зор.



«Кім жылдам» ойыны 19 сабақ

1. Сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуынан «Мұз бен от елі» деп аталатын ел  (Исландия)

2. Қазақстандағы шина жасау зауыты орналасқан қала  (Шымкент)

3. Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы  (Жел)

4. Аустралияның астанасы (Канберра)

5. Орыс қызының есімімен аталатын өзен (Лена)

6. Қысы қатал болатын Лапландияны дүние жүзі халықтары қалай атайды? («Аяз Атаның мекені»)

7. Қазақстандағы өлшеуіш аппаратура шығаратын зауыт қай қалада (Көкшетау)



Елдер мен астаналар 20 сабақ

Дүние жүзі елдерінің әкімшілік-территориялық құрылысының негізгі түрлері.Әкімшілік-территориялық құрылысына байланысты елдер 2 топқа бөлінеді:

Унитарлы мемлекет

Федерациялы мемлекет

Елдер территориясы өз құрамында өзін-өзі басқару біліктілігіне ие болмайды.

Елдер территориясы өз құрамында да өзін-өзі басқару біліктілігіне ие болады

Елде бір конституция және үкімет органдар жүйесі бар.Әкімшілік бірліктер тікелей орталық билікке бағынады және тек атқарушы үкімет билігін атқарады.




Франция, Ұлыбритания, Қытай, Жапония, Египет, Аргентина

Ресей, АҚШ, Канада, Бельгия, Үндістан, Нигерия, Бразилия

Әлемге әйгілі қалалар 21 сабақ

Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, оқушыларды әлемде ерекше орны бар қалалармен таныстыру.



Викториналық сабақ 22 сабақ

1. Эвендер бұл аңды «амикан» деп атайды. Алтайлықтар ормандағы жүруі қиын жолдарды «кепчет», яғни ол жерден осы аңның да өте алмайтындығын білдіреді. Бұл қандай аң? Аю


2. Испанияның Кадис қаласында әйел құқығын шектейтін ерекше заң бар. Бұл затты пайдалану үшін олар әкімшіліктен рұқсат сұрап, полицияға тіркелуі керек. Осындай ереже әйел қолымен жасалған ірі банкты тонаудан кейін енгізілді.
Бұл не? Парик (жасанды шаш)
3. АҚШ – тың орталық аудандары мен Канаданың оңтүстігінде кішкентай сарышұнақ мекендейді. Оны ғалымдар ерекше туысқа жатқызады. Осы сарышұнақтың аты мен АҚШ – тың мемлекеттік рәміздерінің тарихына ортақ сын есімді ата? Он үш жолақты
4. Егер сізге батпақ су мен бұлақ суын ішуге таңдау жасау керек болса, әрине, сіз бұлақ суын таңдар едіңіз. XVI ғасырда кімдер таза батпақ суын ішу үшін қолданды? Неге? Теңізшілер. Батпақ суының құрамында табиғи антисептиктер болғандықтан ол ұзақ сақталады.
Практикалық жұмыс 23 сабақ

Оқушылардың географиялық есептерді шығару дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру.

1. Кабинеттің ішіндегі су мөлшерін анықтау. Кабинеттегі температура ~+20°C; (1м3);

Жауабы: 8×6×3=144м3×17=2448 гр =2кг 448 гр

2. Ауаның температурасы 0°C, салыстырмалы ылғалдылық 40%, абсолюттік ылғалдылықты анықта?

Жауабы: 5 г – 100% x=(5×30):100=1,5 гр

X – 30% Абсолюттік ылғалдылық - 1,5 гр



«Кім тапқыр» тапқырлар сайысы 24 сабақ

Дүние жүзіндегі ең алғашқы ұйымдастырылған ұлттық саябақ?

Үндістердің «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған ағашы?

Аса қомағайлығы мен тісінің өткірлігіне байланысты үндістер

«азулы жын» деп атаған балық?

Сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы?

Меридиан ұзындығы?

Экватор ұзындығы?

Жер шары көлемі?

Биосфера 25 сабақ

Тіршілік Жерде бұдан 3 – 3,5 млрд жыл бұрын материяның күрделі эволюциялық өзгеруі нәтижесінде пайда болған. Оған Жер бетіндегі физикалық және химиялықжағдайлардың қолайлылығы септігін тигізді. Жердің тірі организмдер мекендейтін қабатын биосфера деп атайды. Биосферада Жердегі биологиялық зат айналымы үздіксіз жүріп тұрады. Жерде екі миллионға жуық өсімдіктер мен жануарлар түрі бар. Түр жағынан жануарлар басым болса, биомассасының көлемі бойынша өсімдіктер басым. Жануарлар мен өсімдіктердің ең көп тараған аймағы – жылы әрі ылғалды тропиктік ормандар, ең сирек жері – құрғақ және ыстық тропиктік шөлдер, Арктиканың және Антарктиданың мұз қапсырып жатқан өңірлері. Құрлықтағы биомасса (6,5•1012 тонна) мұхит биомассасынан жүздеген есе көп деп саналады.



«Жорға» сайысы 26 сабақ

1. Құрлық бетіндегі ішіне су толған табиғи ойыс (Көл)

2. Ұлыбританияның астанасы  (Лондон)

3. Машина маркасымен аталатын өзен (Волга)

4. «Екі өзен аралығы» деп аталатын ойпат, бұл ойпатта қай екі өзен ағып өтеді?  (Месопатамия ойпаты.Тигр және Евфрат өзендері)

5. Қазақстандағы аккумулятор шығаратын зауыт орналасқан қала  (Талдықорған)

6. Жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі  (Арал)

7. Монғолияның астанасы (Ұлан-Батор)

8. Қазіргі шайдың атауымен аталатын Шри-Ланканың бұрынғы атауы (Ассам)

«Мен өзенмін» танымдық ойыны 27 сабақ

Кесте тотыру, өткенді қайталау үшін картаны, анықтама материалдарын пайдалана отырып, жауап жазу.



Өзеннің аты

Ұзындығы (км)

Қандай алапқа құяды?



















Тест жұмысы 28 сабақ

Өз бетінше жұмыс жасау.



«Бәйге» жылдамдық ойыны 29 сабақ

Оқушының ой-өрісін дамыту мақсатында, логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін, тез шешім қабылдау арқылы, жылдамдыққа үйрету.

Ең үлкен ойпат? (Оңтүстік Америка материгіндегі)

Африка материгінің биік жері?

Қазақ жеріндегі ежелгі платформа?

Ең биік сарқырама?

«Ұлы Жібек жолын» зерттеудің халықаралық жобасы қабылданған жыл?

Алғаш атласты 1477 жылы құрастырды...?

Тундра мен орманды тундра зоналарының солтүстігінде орналасқан табиғат зонасы?

«Саяхатшы» ойыны 30 сабақ

Картамен жұмыс. Жер бетіндегі нүктелердің географиялық координаталарын анықтаңдар.

52° с.е; 0° б.б. – Лондон 56° с.е; 37 ш.б. – Мәскеу

34°о.е; 150° б.б. – Сидней 33°о.е; 18° ш.б. – Кейптаун

35° о.е; 58° б.б. – Буэнос-Айрес 51°с.е; 71° ш.б. – Алматы

Практикалық жұмыс 31 сабақ

Олимпиадаға дайындау барысында географиялық есептерді шығару.

1. Ауаның температурасы ­20°С, салыстырмалы ылғалдылық 40%, абсолюттік ылғалдылықты анықта?

Жауабы: 1 г – 100% X=(1×40):100=0,4 гр

X – 40% Абсолюттік ылғалдылық – 0,4 гр

2. Ауаның температурасы +20°С, абсолюттік ылғалдылық 15 грамм, салыстырмалы ылғалдылықты тап?

Жауабы: 17 гр – 100% х= (15×100):17=88,2%

15 гр – х Салыстырмалы ылғалдылық – 88,2%



Полиглот ойыны 32 сабақ

«Полиглот» сайысында қазақша сөз айтамыз, ал сіздер ол сөздің мағынасын анықтап,орысша,ағылшынша аудармасын айтасыздар.

Бриз - Жел – ветер - Wind
Айсберг - мұз - лед – ICE
Пампа - халық – народ - people
Қазақ - ұлт –найиональность – nationality
Демография - ғылым - наука - science
Атлант - мұхит - океан - ocean
Сахара - шөл - пустыния - desert
Амазонка – өзен – река - river
Гималай - тау - гора - mountain
Франция – ел –страна –country

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы. 33 сабақ

Жалпы оқушылардың жыл бойы алған білімдерін анықтау мақсатында жарыс өткізу.



Қорытынды 34 сабақ

Жалпы жыл бойы өткен материалды презентациялау.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Байболат Тасболат, М.Мамадияров «География пәнінен ойындар, жұмбақтар, тесттер жинағы». 2005 ж.

2. Тұрғанбаева О.М. « Мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейін толық меңгеруге кепілдік беретін дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясынан тесттік тапсырмалар». 2007 ж.

3. Байболат Тасболат, Рабиға Кенжебаева «Баланың ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның ролі». 2006 ж.

4. Власова М. «Материктер мен мұхиттар географиясы». 1998 ж.

5. Смирнова Н.Г. «Материктер мен елдер». 1983 ж.

6. Әділбек Нұрмағамбетұлы «Жер – судың аты – тарихтың хаты».

7. Н. Баяндин «Атақты географтар». 1958ж.

8. «География және табиғат» журналы. 5/2013, 43 бет

9. «География және табиғат» журналы. 4/2012, 47 бет





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет