Факультатив мақсаты:
Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, шешім қабылдауға, бір-біріне көмектесуге, жарыс барысында белсенділік көрсетуге, жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасау арқылы тәрбиелеу, география пәніне қызығушылығын арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, география пәнінен олимпиадалық есептер шығара білуге дағдыландыру.
Факультатив міндеттері:
Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы оқушылардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларға ойын элементтерін пайдалана отырып, география ғылымы жайында терең мағлұмат беру, әр түрлі ойын элементтерін пайдалану, термин сөздермен жұмыс жасау, географияның тілі – картамен көбірек жұмыс жасап, шартты белгілердің атқаратын қызметін білу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ізденімпаздылығын, ойлау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылық қабілеттері мен топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту арқылы сыни көзқарастарын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |