7 а сынып Мақсаты



бет1/2
Дата17.11.2023
өлшемі26 Kb.
#191591
  1   2
Байланысты:
Ұлдармен жұмыс жоспары


Ұлдармен жұмыс папкасының жылдық жоспар

7 А___ сынып

Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi — ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: ”Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой” деп мадақтайтыны сондықтан. “Әкеге қарап ұл өседi, шешеге қарап қыз өседi”, “Әке — бәйтерек, бала — жапырақ”, “Жас – кәрiнiң көзi, кәрi — жастың тезi”, “Ата — балаға сыншы” мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет