7 Апта. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау


ҚР Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірде қылмыс пен коррупцияға қарсы күрес мәселелеріне арналған мәжілісінде сөйлеген сөзінде көрсетілгендей



бет14/15
Дата13.01.2022
өлшемі37,19 Kb.
#111623
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Апта 7. лек. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау

ҚР Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірде қылмыс пен коррупцияға қарсы күрес мәселелеріне арналған мәжілісінде сөйлеген сөзінде көрсетілгендей, елде қылмыстың өсуін тоқтатып, криминалды жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді. «Ең бастысы,- деп атап көрсетті елбасы,-біздің еліміз діни негіздегі кикілжіңдер мен ұлттық қақтығыстарға жол бермеді»Елдегі жағдай қылмыстық әрекеттердің шиеленісуіне қарсы іс-қимыл белсенділігін арттырып,қатал да тегеурінді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді. Қылмыс деңгейі әлі де жоғары: Тәулік сайын республикада 400 шамалы қылмыс жасалады.
1999 жылы 497 кісі өлтіруші (20процент),873 қарақшылық шабуыл жасаушы, 4250 тонаушылар мен 22 мыңға жуық ұры жазалаусыз қалды. Барлық жерде қылмыстық дәстүр мен салт,қылмыс әлемінің шеберлігін арттыру мен мамандануы жандана түсті.
Көптеген азаматтар үшін кірістің негізгі көзі қылмыстық бизнеске айналды.
Қазақстанда «заңды ұрылар» деген ұғым пайда болыд, олар қылмыстық топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттейді, Наркобизнес, спирт контрабандасы, ұрланған машинаны сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты құбылысқа айналды.
Қылмыс бұзудың арта түсуіне маскүнемдік әсерін тигізуде. Статистика көрсеткендей, ауыр жағдайдағы бұзақылық, зорлаудың 90 проценті, басқа қылмыстардың 40 проценті маскүнемдікке байланысты болып отыр. Кісі өлтіру,ұрлық,қарақшылық шабуыл жасау, ауыр зақым тигізудің 70 процентін адамдар мас күйінде жасаса, ажырасудың 50 процентке жуығы маскүнемдікке байланысты.
Мінез құлықтың ауытқуы девиацияның әр түрлі формалары арасындағы байланыстың заңдылығы сияқты қаралады.Мысалы, суицидті- мінез-құлық пен әлеуметтік ауытқулардың басқа формаларымен, мысалы, маскүнемдікпен байланысына сөз жоқ. Сот экспертизасы көрсеткендей, 68 процент ерлер мен 31 процент әйелдер алкогольді масаю салдарына өз өмірлерін қиған. Асқынған маскүнем ретінде есепте тұрған ерлердің 12 проценті өмірің
қиса, 20,2 проценті өз өміріне қауіп төндірген.
Девиацияның барлық формаларының көрінуі экономикалық, демографиялық, мәдени және де басқа да көптеген факторларға да байланысты болады. Бүгінде бұл мәселе ТМД елдерінде аса шиеленісіп тұр, өйткені мұнда қоғамдық өмірдің барлық салаларында айтарлықтай өзгерістер болып, бұрынғы мінез-құлық нормалары құнсызданып отыр. Әрекеттің бұрынғы тәсілдері тиісті нәтиже бермеуде. Күтілетің нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғамда шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына иетрмелеп отыр. Әлеуметтік экономикалық шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың жүйесі бәсеңдеуде.
Осылайша, құқық бұзушылық-бұл қоғамдық өмір туғызып отырған өмірлік кикілжіңдер, сәтсіздіктер, әлеуметтік драмалар мен таргедиялардың бейнесі. Қылмыс- адам кеселінің бейнесі. Оны бүгінге дейін бір де бір қоғам құрта алмай келеді.

Жеке тұлға аймағына жататын делинквентті мінез-құлықтың себептеріне, оны қалыптастырып, қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар сияқты, аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Заң бұзушының ішкі әлемі қандай? Қылмыскердің ішкі әлемінде «қажеттілік қысым» сипатындағы өзіндік психологиялық жүйе іске асады. Осы қажеттілік қылмыскердің белгілі бір мақсатқа бағытталған мінезің қалыптастырады. Ғалымдар қажеттіліктердің түрткісі ретінде қажеттіліктердің тізімін анықтайды:


• Доминанттық(басқаларға баұылау жасауға және олардың мінез құлығын басқаруға ұмтылу)
• Агрессия (қарсыласты қорлау, төмендету құрту үрдісі)
• Басқаларды жоққа шығару, сыртқа тебу
• Автономия(барлық шектеуден қашу)
• Бейімделу ырыққа көну
• Ойын қажеттілігі(шындықтан бас тарту)
• Эгоизм,нарциссизм( өзін өзі жақсы көру,өз мүддесін басқалардан жоғары қою)
Қамқоршы іздеу
• Жазадан қашу( қоғамды, үлкендерді айыптау)
Социологиялық аспектіде алғанда қылмыскерлердің негізгі 3 түрі бар:
1. жүйелі қылмыскер тип
2. кездейсоқ типтер
3. жағдайға байланысты қылмыскер(қылмысқа дейінгі адамгершілігінің бұзылуы)
Ал екі типтің біріншісіне есейген рецидивистер(75) ал екіншісіне –ұзақ уақыт бойы оқымағандар мен жұмыс істемейтіндер, маскүнемдер жатады.
Ғалымдар қылмыстық-құқықтық жауапкершілік неғұрлым тиімді болып есептелетін жағдайларды көрсетеді:
1) жазалауды қолдану сәті жақындаған сайын, оның мәні қарқындырақ
2) субъект жазадан құтылмайтындай болған сайын,жазалаудың ескерту ролі күштірек
3)жазалаудың ынталандыру күші, қылмыскерлерге оны қолданғанда, көп нәрседен айырылса, жоғарырақ болады
4) Жазалаудың превентивті себебінің табысты болуы мінез-құлықтың жасырын формаларының таралу дәрежесі мен тұрақтылығына байланыста болады.
5)превентивті себептердің бабыстылығы тыйым салынған жазалау санкциясының сыйымдылығына байланысты болады
6)жазалаудың себепті әсерінің дәрежесі субъектінің тиым салынған, әрекеті мен қаншалықты өзіне сай, қалаулы және қажетті деп есептеуіне байланысты болады.
Соңында, мінез-құлыққа құқықтық бақылау жасау
жүйесінің мәні әлеуметтік ауытқуды бейтараптауға не жоюға байланысты. Бірақ әлеуметтік ауытқулардың алдын алудың әлеуметтік мүмкіндігі көп жағдайларға байланысты. Жекелей алғанда, девиантты мінез-құлыққа не жататыны, не жатпайтындығы сан рет өзгеріске түсіп, азамзат тарихында әр түрлі бағаланып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет