7 апта тапсырмасы



Дата07.02.2022
өлшемі20,94 Kb.
#92888
түріҚұрамы
Байланысты:
бакылау сурактары


7 апта тапсырмасы

  1. Ішкі секрециялық бездерге қандай бездер жатады? Оның сыртқы секрециялық бездерден айырмашылығы неде?

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.


Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);.

2)Баланың ұйқы безінің аурулары. Баланың қант диабеті ауруы, оның себептері.


Қант диабеті бұл эндокриндік аурулардың біріне жатады. Сонымен қатар қант деңгейінің жоғарылауы асқазан безінің гормонына абсолютті немесе салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігімен сипатталады. Қант диабеті метаболизмнің барлық түрлерінің, қан тамырларының, жүйке жүйесінің, сондай-ақ басқа органдардың және жүйелердің бұзылуына әкеледі. Аурудың таралыуына байланысты 4 түрге жіктеледі.
Түрлері:
1.Инсулинге тәуелді диабет. (1 типті қант диабеті) Негізінен балалар мен жастарда дамиды;
2.Инсулиннен тәуелсіз қант диабеті. (2 типті диабет) Әдетте салмағы жоғары адамдарда және 40 жастан асқан адамдарда дамиды. Бұл аурудың ең көп тараған түрі. (80-85% жағдайларда кездеседі);
3.Ілеспе (немесе симптоматикалық) қант диабеті;
4.Жүкті әйелдердегі қант диабеті;
1 типті қант диабетінде ұйқы безінің дұрыс жұмыс істемеуінен туындаған. Абсолютті инсулин тапшылығы кездеседі. 2 типті қант диабетінде инсулиннің салыстырмалы тапшылығы бар. Ұйқы безі жасушалары бір мезгілде жеткілікті инсулинді (кейде көбейтілген мөлшерде) өндіреді. Дегенмен, жасушаның байланысын қамтамасыз ететін құрылымдардың саны азаяды. Нәтижесінде глюкоза қаннан жасушаға өту процесі бұғатталады. Жасушадағы глюкозаның жетіспеушілігі одан да көп инсулинді өндіруге шақырады. Бірақ ол белгілі эффект бермегендіктен, уақыт өте келе инсулинді өндіру айтарлықтай азаяды.
Пайда болу себебі:
1-ші типті қант диабетінің негізгі себебі иммундық жүйенің істен шығуынан туындаған аутоиммундық процесс болып табылады. Онда ұйқы безінің жасушаларына қарсы антиденелер өндіріледі. 1 типті диабеттің басталуына себеп болатын негізгі фактор вирустық инфекция және генетикалық бейімділігі (қызылша, желшешек, гепатит, эпидемикалық паротит) және т.б.
2 типті қант диабеті ауруын дамытатын негізгі факторлар: семіздік пен тұқым қуалаушылыққа бейімділік болып табылады. Семіздік ауруының I типі болса қант диабетінің дамуы 2 есе, 2 типі болса 5 есе, 3 типң болса 10 есе артады. Аурудың дамуына байланысты абдоминалдық семіздік түрі дамиды. (іш аймағында май бөліну кезі.)
Тұқым қуалаушылыққа бейімділік. Ата-аналар мен жақын туыстарының қант диабеті болған кезде аурудың даму қаупі 2-6 есе артады. Инсулинге тәуелді диабет бірте-бірте дамиды және симптомдардың қалыпты ауырлық дәрежесі сипатталады.
Аурудың басқа да себептері:
— Ұйқы безінің аурулары (панкреатит, ісік, резекция және т.б.);
— Гормоналды аурулар (Иценко-Кушинг синдромы, акромегалия, диффузды токсикалық склер, феохромоцитома);
— Дәрілік немесе химиялық заттарға әсер ету;
— Инсулин рецепторларының өзгеруі;
— Кейбір генетикалық синдромдар және т.б. 
— Жүкті әйелдер дұрыс тамақтанбаудан пайда болуы мүмкін.
Аурудың белгілері:
Қант диабетінің белгілері:
— шөл (ауру адам тәулігіне 3-5 литр су ішуі мүмкін);
— несептің шығуы (күндіз де, түнде де);
— ауыз құрғақтануы;
— жалпы және бұлшықет әлсіздігі;
— тәбеттің ұлғаюы;
— терінің қышуы (әсіресе әйелдердің жыныстық аймағында);
— ұйқышылдық;
— шаршаудың жоғарылауы;
— нашар жараның жазылуы;

3. Ер балалар мен қыз балалардың жыныстық жетілу мерзімі және белгілері.

Кыз балалардың жыныстық жетілу мерзімі және белгілері.


  1. *бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды

  1. *жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады

  2. *дауыс жуандайды

  3. *терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін

  4. *тер бездері дамиды

  5. *қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды

  6. *көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін

  7. *қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды

Ер балалардын жыныстық жетілу мерзімі және белгілері.


* кеуде мен иықтары дамиды
*бетке сақал-мұрт өсе бастайды, кеудеде кейде түк пайда болуы мүмкін
*аталық жыныс мүшесі мен аталық бездері ісіп, үлкейеді; аталық бездер ұмаға түсіп, сперматозоидтарды өндіріп шығара бастайды
*аталық жыныс мүшесінің қан тамырлары қанға толғаны себепті эрекция, яни аталық жыныс мушесінің қатаюы жиі-жиі және күтпеген жерде пайда болады
*кейде ұйықтап жатқанда аталық жыныс мүшесі
*қатайып, шәуһеттің шашырауы пайда болуы мүмкін 

4. Балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеуде ата ананың, мұғалімнің рөлі.


Баланың шыр етіп өмірге келуі-зор қуаныш. Өйткені, бала өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Аллахтың берген сыйы. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне жауаптылықпен қарап, бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан.
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді

Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі-шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Қазіргі ақпаратты көздер мен техниканың дамыған заманында оқушыға берілетін білім де сол техникалармен байланысты болу керек деген ойдамын.


Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.

5. Стресс деген не және оның қандай кезеңдері бар.


Стресс-ағзаның тітіргендіргішке қайтаратын жауабы. Адамдар көбінесе стрессті ашуланғанда, аштықта, суықта, ыстықта, ауырғанда және жабайы жануарлармен күрескенде, олардан қашқанда алады. Бірақ жер бетінде тіршіліктің пайда болғанына мыңдаған, миллиондаған жылдар болса да адам ағзасының қиын және экстремальді жағдайларға жауап қайтаруы өзгермеген. Стресс биологиялық қабылдау және жауап қайтаруға бейімделген.
Стресті физикалық тұрғыда реакция бермеуіміз керек.
Жұмыстағы ұрыс-керісті, емтихан алдындағы үрейді, жолдағы жүргізушінің қажуын, әртістің сахнаға шығардағы қобалжуын еске түсірсек жеткілікті. Қажу мен демалудың арасындағы ритмнің бұзылуы әдетте көпке, 1жылға созылатын жанұядағы ұрыс керіс және басқа да жағымсыз тітіргендіргішке әсерінен адам ауруға шалдығады және биологиялық бейімделе алмайды. Тек қана бұл жағдайларда ғана емес басқа жағдайларда да стресс алуы мүмкін. Мысалы жалғыздық, іш пысу, изоляция кезінде болады.Дамыған индустриальді елдерде көбінесе негативті стресс кездеседі. Мысалы алсақ конвейерде жұмыс жасау, автоматтардың автоматизациялануын мұқият бақылауда сондай ақ, майда жұмыстарда яғни жүйке жүйесіне тиетін жұмыстарда стресс алады. Адам көп уақыт стрестік жағдайда жүрсе қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін.Стресс бұл- тек ауру мен зақымдалу ғана емес ол жаттығу мен шынығу құралы болып табылады. Стресс адамның психикалық, физикалық тұрғыда денсаулығына зиян келтіреді.Стресс адамда ишемиялық аурулардың тууына әкеледі, мәселен жүрек ауруы, гипертониялық ауруы, диабет, асқазан жарасы және он елі ішек жарасы, язвалық колит, бронхиальді астма, тері аурулары, әртүрлі иммундық және аллергиялық бұзылыстар пайда болады.Адам организмінің адаптациялық мүмкіндігі шексіз емес.Стресс адамға қайғы мен ауру әкелгенімен қоса экономикалық және моральдық зиян келтіреді. Стресс және прогресс соңғы кездерде бірге айтылады. Әрбіріміздің өмірімізде өмірінің күрт өзгеріп, бірден қоршаған орта әділетсіз болған кездері болған шығар. Ондай кездерде адамдар өмірден түңіліп, әлденедей келеңсіз жағдайларға дейін баруы мүмкін. Стресс ең күшті және ең әлсіздердің жолында тұрады. Стресс кейбіреулерге қатты әсер етуі мүмкін, ал кейбіреулер онымен тіпті өмір сүреді.
Стресс көпшілік тілдерде бірдей аударылып, бірдей мағына береді. Г.Сельенің «стресс» терминін ұсынғанына жарты ғасырдай өтсе де көптеген медициналық анықтамаларға, энциклопедияларға, әдебиеттерге енгізілген. Стресс сөзі әрбір оқыған адамның күнделікті лексиконына енгізілген. Негізінен әрбір адам стрестен өтеді. Соңғы кездерде стресс мәселесі ыстық экстремальді цехтарда, Арктикада, Антарктикада,жер астында, су астында, космоста жұмыс жасайтын және оператор, диспетчерлер, спортпен айналысатындар қозғалып отыр. өйткені мұндай адамдар стрессті көп алады. Стресті тіпті жануарларда, соның ішінде балықтарда бақыланады. Соңғы кездерде стрестік реакцияны өсімдіктерде зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.Стрестің биологиялық негізінің анализі, оның пайда болу механизмі және таралуы біріншілік маңызды мәселе болып табылады.Стрессті оң және теріс жағын түсіне отырып, соған байланысты оны жоюға әрекет ететін болсақ еңбек ету қабілетіміз жоғарылап , өз денсаулығымызды сақтауға мүмкіндік береді.Стресс сөзі ең алғаш ағылшын жазушысы Роберт Маннинг қолдана отырып былай жазған: «Бұл шөл далада 40 қыс болған адамдарға құдайдың жіберген азабы» Медицинада ең алғаш стресс(қысым) сөзін Г.Селье қолданған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет