Адамзат сөйлеу тілінің пайда болғанына қырық мың жыл болса, жазу тілі алғаш бұдан алты мың жылдай бұрын шыққан (45.325). Бодуэн де Куртенэ терминімен айтқанда бұл "жазу-көру" (писанно-зрительный) тілі абстракті ойлаудың пайда болуымен тығыз астасып жатыр. Осы абстрактіліктің шарықтау шегінде, б.э.д. VIII-VI мыңжылдықта қолданылған пиктографиялық жазудың шыққан мерзімі - ең алғашқы сурет өнерінде әр түрлі суреттерді бейнелеу қызмет інен бірдеме жайында хабарлау қызметіне ауысу кезеңінен бастау алып, ол бейнелеуші кескіндеме таңбалар б.э.д. IV мыңжылдықтарда, яғни алғашқы қауымдық құрылыстан құл иеленуші құрылысқа өтер кезде идеограммалық жазуға, қазірде логограмма (logos, грекше сөз деген мағынада) деп аталып жүрген, мағыналық белгісін ғана көрсететін символдық қызметі басым таңбаларға ауыса бастайды. Мұнда сөйлеудің мазмұнын білдірумен бірге, оның бөлшектері - сөздерді, сөздердің синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонологиялық жағын да ажыратып беру пайда бола бастады.
Сөйтіп, б.э.д. II мыңжылдықта енді адамзат графика, идеограммалардың жүйесінен бірте-бірте құтылып, фонемаграммалар жүйесіне, сөйтіп, өздерінің салған кескіндемелерін түсініп, талдап қарауға көшті. Жазудың онтогенездік даму тарихындағы маңызды бір бетбұрыс та осы болып табылады. "Тілдің мазмұн межесін бөлшектеп бейнелеуден енді тұрпат межесін бөлшектеп, кескіндеу" (45. 327), расында да, ұлы жетістік еді. Сөйтіп, тілдің жазба формасы немесе жазба тіл (46. 12) өзінің тарихи дамуында бейнелеуші таңбасынан шартты, одан кейін тіптен уәжін жоғалтқан шарттылыққа ауысты (47. 241). Жазу адамдардың белгілі бір уақыт пен кеңістік алшақтығында тұрып, белгілі бір мазмұн мен мағына беріп (48. 7), қарым-қатынас жасай беру қажеттілігінен туындап, кейін өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін 7/құралға айналды.
Әрине, жазу - қарым-қатынастың ауызша сөйлеуден кейінгі құралы. Ол сөз саптаудағы барлық мүмкіндіктерді дәл бере алмайтыны өз алдына, өте қарапайым деген тілдік қолданыстарды көрсете алмайды (49. 123).
Дегенмен жазудың саналы қоғамдағы қызмет ауқымының кенейіп, коммуникативтік қызметті бүтіндей өз қолына алып бара жатқаны соншалық, енді ол өзіне тұрақты құрылымы мен жүйесі бар таңба ретінде қарауды қажетсінетін қарым-қатынас құралына айналып отыр. Белгілі қашықтықта тұрып қатынас жасаудың хат, жолдаухат, сәлемхат жолдары бүгінде компьютерленген,автоматтандырылған интернет, пейджерлік жүйесімен іске асырылады. Белгілі жазба дүниелерді тез, сапалы оқудың автоматтандырылған әдістері пайда бола бастады. Тіпті компьютер өзінің жадындағы материалдарды стильдік жөндеу, саралау сияқты бірқатар жұмыстарды алдын-ала енгізілген бағдарлама арқылы атқара беруі - жазба тілдің жүйелі құбылыс ретінде қалыптасып үлгергенінің жемісі. "Жазу тілдік бірліктерді жеткізудің тұрпат межесін емес, мазмұн межесін көрсететін" (45. 327), соны айғақтайтын жүйелі таңбаға айналып отыр. Сондықтан жазу қажет деген мазмұнға жетілген нормасы бар форма болып қалануы тиіс дейміз.
Сондықтан ғалым жазба тіл жүйесінің құрылысы дыбыстау мен таңбалаудан бастап, таңбалау және оны дыбыстаумен, әрі тіл тұтынушыларға ортақ норманың қалыптасуымен аяқталатынын айтады (46. 117). Бұл сөзді дұрыс жазу және дұрыс айту нормаларының жиынтығына бастайды. Орыс лингвисі Л.В.Щерба бір сөзді әркім әр түрлі жазуына болады, өйткені беретіні бір мағына, бірақ та біз оларды тұрақты бір формасы арқылы ғана танып отыруымыз керек (50. 49) деген екен. Жазудың эволюциялық даму тарихы идеограмма типтері фразограмма, логограммадан басталып, фонограмма типтері фонемограмма мен силлабограммаға өтуінің өзінде тілдің белгілі бір қағидалы нормасы бар форма іздеуі жатқанын көреміз. Фонологиялық жазуға дейінгі кезеңге С.М.Кузьмина былай деп сипаттама берген: "оно расматривалось как средство передачи произношения, описывались отношения между буквами и кратчайшими единицами звучащей речи - звуками" (51. 7-8). Сөйтіп, келе-келе жетілген жазу теориясы екі бөлікке: дұрыс жазу мен тыныс белгілерді дұрыс қолдануға бөлінді. Пунктуация жазудың жетілген кезінде пайда болды (52. 308).
Пиктографиялық жазу әр тілде сөйлейтін халықтар мен ұлыстардың бәріне ортақ тіл болғаны белгілі. Осы жазудан бізге математикалық таңбалар: цифрлар, қосу, алу, көбейту, бөлу, теңдік, үлкен-кішілікті білдіретін таңбалар, сондай-ақ, лексикалық, морфологиялық бірліктерді ажыратып, біріктіріп, дефис арқылы беру, сонымен қатар, нүкте, үтір сияқты пунктуациялық белгілер жетіп отыр. Л.В. Щерба бұларда жартылай дыбыстық, жартылай иероглифтік мағына бар дейді (53. 194).
Сонымен бірге идеограммалық немесе логограммалық жазудан бізге сөздердің, яғни логограммалардың тіркесіп қолданылуы жеткен сияқты. Мысалы, қытай тілінде "от" дегенді білдіретін та деген логограмма "әйел" деген мағынадағы айқындаушымен тіркескенде "ана, шеше" дегенді, "екі ауыз" деген мағынадағы айқындаушымен тіркескенде "ұрсысу" дегенді білдіреді (54. 31-32). Сонда қазіргі қытай тіліндегі көп буынды сөздер бір буынды сөздердің бірігуінен шығады. Ол бірігу процесінің дамуы кіріккен түбірлерге, одан негізі ажырағысыз түбірлерге және аффикстерге апарғанын тіл тарихы көрсетіп отыр. Сондықтан сөздердің бірге тұлғалануының негізі логограммалық жазу типінде, яғни тілдің ұғымдық сипатында жатқаны байқалады. Мысалы,"туу" деген мағынаны құс және жұмыртқа, "жеу" мағынасын нан және ауыз, "жауын" мағынасын жұлдыз және су, "қарау" мағынасын көз және садақ, "ашулы"деген мағынаны көз және ит логограммаларын қатар қою арқылы түсіндірген. Сондықтан, біздің пайымдауымызша, бүгінгі тілімізде нақты атаулардан гөрі дерексіз атаулардың аффиксация және бірігу немесе аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы басымырақ.
Орфографияның иероглиф немесе символдық принципінің жазба тілдің ақпаратты беруші мен қабылдаушы арақатынасын жақындастырудағы ролі күшті. Ол дыбысталуы бірдей мағыналары басқа сөздерді жазуда ажырату үшін қолданылады. Мысалы хал сөзін қал атауымен шатастырмау үшін <х>, <қ> әріптерімен белгілейді. Айжарық жалқы атауын ай жарық предикаттық қатынастағы құрылымнан ажырату үшін, біріншісін бас әріппен және сыңарларын бірге таңбалайды. Сөйтіп, сөздерді бірге, бөлек таңбалауда символдық принцип араласатынын көреміз. Ал символдың таңбалар жүйесімен тікелей қатынасы бар екені белгілі. Ендеше жазу-сызуға таңба теориясы тұрғысынан келу орынды болмақ.
Жалпы, таңба ұғымының ауқымы кең. Ол - әдебиет, тіл, астрономия, архитектура, математика, экономика салаларында еркін қолданылады. Бұған ағылшын ғалымының мына сөзі дәлел: "наука и знаки - неотделимы друг от друга, поскольку наука дает в распоряжение людей все более надежные знаки и представляет свои результаты в форме знаковых систем. Человеческая цивилизация невозможна без знаков и знаковых систем, человеческий разум неотделим от функцирования знаков – а возможно, и вообще интеллект следует отождестовить именно сфункционированием знаков" (55. 38).
Тіл таңба болған соң, оның таңбалаушы және таңбаланушы екі жағы болады. Теориялық әдебиеттерде бұл туралы аз айтылып жүрген жоқ. Тіл өзінің қызметін ауызша және жазба формада атқаратыны белгілі. Біздіңше, таңбаның ассиметриялы екі жағы тілдің тек ауызша формасына ғана қатысты айтылып жүр. Мұнда мазмұн межесінің бірлігі - семема да, тұрпат межесінің бірлігі - лексема. Ал лексеманы одан ары бөлшектесек, фонема – тілдің ауызша формасының тұрпат межесі де, дыбыс - мазмұн межесінің бірлігі. Мұнда алғашқысы белгілі бір ақиқат, ұғымды берсе, соңғысы сол құбылыс, зат туралы ұғымды атайды, яғни тілге таңба салады: тіл парадигмасындағы фонемалар тізбегі арқылы лексема ұйымдасады. Ауызша тіл тілдің өмір сүруінің бір формасы болса, жазба тіл (бүгінде коммуникативтік қызметі қарқындау үстіндегі тіл) екінші формасы ретінде таңбалар жүйесі болып қаралуы керек. Жазуға таңбалар жүйесі ретінде қарау көп мәселенің басын ашатын сияқты. Осы түргыдан зерттеуіміздің нысанасы күрама сөздердің бірге, бөлек таңбалануындағы тірек-таяныш таңбаның жоғарыда аталған асссимметриялы екі жағы болуға тиіс деген тоқтамға келеміз. "Дыбысталған сөзді арнайы таңбалар жүйесімен хатқа түсірудің" (56. 240) негізін Н.Уәлиұлы дыбыс-фонема-графема-әріп қатынасы тұрғысынан түсіндіреді. "Инвариант-вариант теориясы тұрғысынан ауызша тілдің ең шағын дыбыстық тұлғасы фонема-инвариант, ал оның сөздегі репрезентанттары - тілдік дыбыстар - варианттар болып табылса, жазба тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең шағын тұлғасы - графема-инвариант, ал оның репрезентант варианттары әріптер болып табылады. Ауызша тілдің дыбыс құрылымындағы мағынаға әсер ететін ең кішкене тұлға - фонема және осы тұлғаның (единицаның) субстанциясы (материализациялануы), яғни сөз дыбыстары түрінде өмір сүруі, фонемалардың жазба тілде субстанциялануы, яғни таңбалануы (графема), ол таңбалардың билатериалдық сипатта болуы (мазмұн жағынан фонеманы білдіруі, тұрпат жағынан белгілі бір символ (сурет) түрінде болуы) ауызша тіл мен жазба тілдің байланысын анағұрлым теренде, атап айтқанда, құрылымдық элементтердің деңгейінде екендігін байқатады" (5. 14, 15).
Сонымен, тілдің жазба формасының таңбалық сипаты, біздіңше, былай болып келеді. Мұнда мазмұн межесі – фонема ("фонема абстракті единица болғандықтан, табан тірейтін негізгі дерек - дыбыс, дыбысталған сөз болуға тиіс, себебі фонема алдымен сөз дыбыстарында көрінеді, сөйтіп, абстракті единица дыбыс арқылы материалға айналады, олар белгілі бір дыбыстық құндақта өмір сүреді" (5. 15)), екіншіден, морфема және олардың универб, предикаттық қатынас формалары болса, тұрпат межесі - әріп, әріптер, олардың кескінделуі (бас әріп, кіші әріп, сонымен қатар, арнаулы әдебиеттерде берілетін курсив, асты сызылған немесе бояуын түрлендіріп, не қалыңдатып берген әріптер); және әріптердің босаралықпен, қосаралықпен, босаралықсыз таңбалануы болып табылады.
Бір қарағанда, әліпбиді білетін кез келген адам зат пен құбылыс атауын таңбалағанда көп қиындыққа тап бола бермейді. Тілдің ішкі заңдылығы, норма, ереже дегеннен бейхабар адам, мысалы, орындық денотативін тұлғалағанда <орындық», <орұндық>, <орұндұқ> бір инвариант фонеманың тілде көрініс беретін әр түрлі манифестанттарын қолданса немесе ақсақал сигнификативін универб формасында емес, перифраза түрінде таңбаласа да, бұлардың жеткізуші тарапынан мазмұн межесі бір. Бұл арада айта кететін жай - сөзді айтушы мен сөзді естуші арақатынасы сияқты, сөзді жазушы мен сөзді оқушы арақатынасы туралы мәселенің мәні зор екендігі. Осы арақатынастағы өзара тепе-теңдік, өзара келісім сақталмаса тілдің коммуникативтік функциясының бір қыры кемитіні аян.
Сондықтан жазу-сызу өзінің о баста пайда болған күнінен бастап тұрпат межесін оңайлатуға ұмтылып келеді, мазмұн межесінде болып жатқан өзгерістер мен өзгешеліктерді барынша қамтуға ұмтылумен келеді дейміз. Сондықтан норма, емле, орфография, оның принциптері деген мәселелер жазу-сызудың жетілген кезімен қатар шығып, бүгінде маңызын жоғары арттырып отыр.
Дегенмен тілімізден айналу//айлану, ажым//әжім, күнә//күна, күнәкар//күнақар сияқты метатеза, эпентеза құбылыстарына түскен әдеби варианттардың жарыса қолданылып, күрделі атаулардың бірге, бөлек тұлғалануының алуан түрлілігі көптеген жылдар бойы сақталып, тіпті кейде маңызды мәселеге айнала қоймауын көреміз. Бұл орфографиядағы дәстүрлілік принципімен байланысты сияқты. Тілдік таңба қарым-қатынастың бірнеше жолдарына түсіп, денотативтік және сигнификативтік жиілікке (денотативная
частотность) ұшыраса, таңбаның тұрақтылығы артады. Мысалы, кіна сигнификативін орфографиялық нормамыз дәл осы формамен беруді қадағаласа да, тілді тұтынушы кінә, кінәнің, кінәге формасымен таңбалауды "тастамайтыны" тіліміздегі жазу-сызудың жетілуінің бастапқы кезеңдеріндегі дәстүрлілікке байланысты. Сол сияқты қолғап денотативін жазу-сызуда бірден осы формада, яғни морфема жігіндегі дауыссыздардың ассимиляцияға ұшыраған, біріккен формасында көрінуі, осы үлгідегі басқа тіркестердің жазуда бөлек таңбалануына кедергі болмады (киіз қап, кесе қап, аяқ қап, уық қап). Тек орфографиялық сөздіктің соңғы басылымында ғана бұларды универб тұрпатымен беру ұсынылды.
Сонымен, жазу-сызудың зерттеу нысанымызға қатысы тұрғысынан келгенде форма мен мазмұнның маңызы ерекше екенін байқаймыз. Жазудың тұрпат межесі жазудың мазмұн межесін дәл ашып көрсете алмаса, тілдің коммуникативтік қызметі әлсіреп, адамдардың ойлау қабілеті тоқырауға ұшырайды.
XX ғасырдың басында қазақ ғалымдары күрделі сөздер туралы ішінара өз пікірлерін білдіре бастады. Ғалым A. Байтұрсынов сөз тұлғаларын түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар деп бөлді [2, 64]. Ал профессор Қ.Жұбанов түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, киюлы сөз, қосар сөз, қосалқылы сөздердің ішінде күрделі деп арнайы атамағанмен, кіріккен сөздер мен қиюлы сөздерді, қос сөздерді күрделі сөздерге жатқызады [3, 55-56-бб]. Қ. Жұбанов қос терминін қолданбаған, «қосар сөз» деп атаған. «Түбір сөзден туынды сөз жасаудың жалғыз амалы түбірге қосымша жалғау ғана емес, түбір сөздің я туынды сөздің өзді-өзін қосақтапта сөзге үстеме мағына беруге болады. Мысалы, бала-шаға, үлкен-кіші, үлкенді-кішілі, ұзын-қысқа, сатыр-сұтыр, көзбе- көз, …сап-сары. Мұндай қосарынан айтылатын сөздерді қосар сөздер дейміз» деп көрседі [3, 56]. Қосар сөздерді ғалым теңдес қосар, сөздес қосар, матаулы қосар (қолма-қол, жүзбе-жүз, ауызба-ауыз), тіркеулі қосар (жылқы-мылқы, нан-пан) деп топтайды. Теңдес қосарды: мәндес (қатын-қалаш, қыз-қырқыр), қайшы мәнді қосар (үлкен-кіші, аға-іні), көрші мәнді қосар (тау-төбе, қалам-сия) деп, сөздес қосарды үндес қосар (қаңғыр-күңгір, жарқ-жұрқ), өңдес қосар (сатыр-сатыр, калт-қалт) деген жіктеліске салады. Матаулы қосарлар матастырып тұратын дәнекерлер, айталық, көзбе-көз, қолма-қол болатынын айтады. Күрделі сөздерді оқытуда оның орфографиясының маңызды орын алатындығын есте шығармағанымыз жөн. Қазіргі кезде әсіресе бөлек және бірге жазылатын күрделі сөздердің жазылуында әлі де ала-құлалықтар кездесіп жатады. Ал ғалым F. Әбуханов біріккен сөздердін орфографиясына қатысты өз пікірін білдіреді. Жаңа сөз жасаудын бір амалына сөздердің бірігуін жатқызады және бұл құбылыстың тарихи құбылысқа жататынын, олардың компоненттері әр түрлі сөз таптарынан болатынын ескерте
Біріккен создердің сынарлары жазу морфологиялык принцинпси жазылады Жаннейіс (Жампейіс смес), шекара (шсгара корсстеді [5, 42) Ал тіли галым қосар создердің жазылу срскшсліктерніс байнысты мыналарды атайды
косарсоздердиц барінің арасынасызық ерлік койылып жазлады: бала-шага, жыртық-тосік матаулы қосардың матауын алдынгысы слар так- косып, сонгысымен скі арасына сызыкша койын жазамыз: колма-қол, кобс-көз; аппақ, көкцеңбек дегсн скі косақты сты- косарды сызыкша да қоймай, бөлмей ле тұтас теді, жазамыз [4, 94] Тілші галымдардын негізгі тұжырымдары элек бойынша күрделі сөздердін смлесіне бірге, бір бөлек және дефис арқылы жазу жатады, Күрделі сөздерді бірге жазуда тілшілердін пкірінше фонстикалық және мағыналық ұстанымдарды басшылыкқа алған жөн. Бірақ күрделі сөздерді ажыратуда фонетикалық белгі критерий бола алмайтындығы жонінде К. Ахановтын мын пікірін келтіруге болады: «Екпінге қарап тіркес пен күрделі сөзді ажырату мүмкін емес де асык жілік (күрделі сөз) және жуан жілік (ерк3н тіркес) екпіндері бірдей болса, сингармониз заңына бағынбайтын күрделі сөздер болады. Мысалы: күнбатыс, күнбағыс, т.б. Алайда, келін арқылы күрделі сөз бен сөз тіркесін ажыратуға да болады: қарға - қара құс, қаршыга - қарақұс: тұқымдастарынан [6].
Тілші-ғалым Н. Уәлиев күрделі сөздерді күрделі кұрама сөздер деп атай отырып, оларды біріктіріп не бөлек жазу үшін «бір ғана заттың атауы болуы, бір ғана сұраққа жауап беруі, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметің аткаруы таяныш бола бермейтіндігін айта келіп, сыңарларының мағынасы көмескіленіп, контаминацияға үшыраған сөздердін бір типі біріккен сөздерді бірге жазуды ұсынады. Мысалы: сайгүлік, ашудас, белбау, т.т. Осы сөздердің қатарына құрама сөз сыңарларының «бүтіннің бөлшегі» ретінде жұмсала келіп, біртұтас мағынаға ие болгандарын да жатқызуға болады дей келіп, оларға: қосауыз (мылтықтын бір түрі), қосаяқ (тышкан) т.т. мысалдар келтіреді. Яғни құрама сөздерді біріктіріп жазудын қосымша белгілері ретінде мағыналық көмескілеу, контаминацияға ұшырау және бүтіннің бөлшеп ретінде жұмсалып барып, бір бүтінге айналуы жатады», - дейді [7].
Достарыңызбен бөлісу: |