Халық денсаулығын қорғау – бұл әрбір адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған эконмикалық құқықтық әлеуметтік,ғылыми –медициналық шаралар жиынтығы.
Медициналық сақтандыру – міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру бойынша жүргізіледі.
Медициналық сақтандырудың мақсаты денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық жағдайын нығайту болып табылады.
«Барлық Қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» «Қазақстан - 2030» стратегиясы ұзақ мерзімді 4-ші басымдық «Денсаулық, білім және азаматтардың көркеюі» болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру стратегиясы келесі компоненттерден тұрады:
аурушылдықтың алдын-алу салауатты өмір салтын ынталандыру;
есірткіге құмарлық пен есірткі бизнесімен күрес;
алкоголь және темекі пайдалануды қысқарту;
әйелдер мен балалар денсаулығын жақсарту;
ана мен бала денсаулығын қорғау;
тамақтану сапасын жақсарту;
қоршаған орта және экология тазалығы;
таза ауыз сумен халықты қамтамасыз ету;
гигиена және санитария ережелерін сақтау.
Азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасында олардың сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар заңдар қабылданып, кейін олар 2009 жылдың 18 қыркүйегінде қабылданған. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР Кодексінің негізін қалады. Медицина сферасын регламенттейтін 11 заңды алмастырған Кодексті қабылдау лейтмотиві болып азаматтардың денсаулығын қорғауға құқықтарын максималды бекітуге жағдай жасау, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға келтіру болып табылады.