Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек – әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі апаттар медицинасы шұғыл қызметі.
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетілетін едициналық көмек көрсету нысаны.
Медициналық көмектің негізгі түрлері:
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
2.Білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек.
3.Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек мамандандырылған медициналық көмек.
4.Медициналық-әлеуметтік көмек – тiзбесiн уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтiк мәнi бар аурулармен науқастанған азаматтарға көрсетілетiн медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек.
Достарыңызбен бөлісу: |