7 Дәріс жазатайым оқИҒалар мен апаттарды тергеу және есепке алу өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу



бет6/7
Дата11.03.2022
өлшемі31,29 Kb.
#135220
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7 d ris (1)

Экономикалық әдiс жарақттанудан келген залалды анықтау кезінде, еңбектi қорғау бойынша шаралардың шығын анықтау үшiн қажет.
Дегенмен бұл әдiс жарақттанудын себебiн айқындауға мүмкiндiк бермейдi және сондықтан қосымша болып табылады.
Эргономикалық әдіс «адам – машина (техника) - өндірістік орта» кешенді жүйені зерттеуге негізделген, сондықтан толығырақ қарастырылады.Еңбек қызметтерінің әрбір түріне физиологиялық, психофизиологиялық, психологиялық (жеке) адам қызметтері, және оның антропометрлиялық мәліметтері сәйкес болып келеді.
Нақты адам қызметiнiң ерекшелiктерiнде көрcетiлген қасиеттердiң кешендi сәйкестiгiнде ғана тиiмдi және қауiпсiз жұмыс болуы мүмкiн. Сәйкестiктiң бұзылуы жазатайым оқиғаға әкеледі.
Жарақаттанушының талдауында,сонымен бiрге адам денсаулығы және жұмысқа қабiлеттiлiгі оның организмының жұмыс жасауының биологиялық мақамдары (ритмдері) және гелиогеофизикалық құбылыстардан (күннiң белсендiлiгi, айдың гравитациясы, жердi магниттi және гравитациялық өрiстердi) тәуелдi болатыны есепке алынады. Аспан денелерiнiң өзгерiске шақырылған жағдайларының гравитациялық күштерi, жер магнетизмi немесе атмосфераның иондауын оның күйi және мiнез-құлықтарда шағылысу әсерінен адам организмда белгілі-бір жылжулары болады. Жоғары күн белсендiлiк мерзiмдерiнде және ауа-райының қатты өзгерiстер уақытында жазатайым оқиғалар жиiрек пайда болатыны туралы мәлiметтер бар.
Жарақаттама сараптамасының эргономикалық тәсілі мұнай өндіруші өнеркәсіпте қолданылған. Келеңсіз жағдайлардың себептері зақымданушының жеке ерекшеліктеріне байланысты зерттеледі; санитарно-гигиеналық жағдайы; мазмұны және психофизиологиялық құрылымы; ЧМС системасының түрі және онымен орындалатын функциялары; оқыс жағдай болғандағы әрекеттің элементарлы акты және т. б. Әрбір жазатайым оқиға жайлы ақпарат жинау арнайы акт көмегімен орындалады, формасы бойынша Н-1 актқа ұқсайды, бірақ біршама толықтырылған. Акт 250 ден астам әртүрлі эргономикалық нышандарынан тұратын 22 көрсеткіш группаларынан тұрады. Ол зақымданушыға бағытталған, себебі мен келеңсіз оқиғаның жағдайын өзі бағалаған, арнайы анкетамен толықтырылды.
Жарақаттама сараптамасының эргономикалық тәсілі, басқа тәсілдерге қол жетпес мағлұмат алуға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн. Мысалы мұнай өндіруші өндірістегі операторлар арасындағы жазатайым жағдайлардың 80% зақымданушылардың қателігінен болатындығы белгілі болған, (43%) назар аудару, (10,5%) оперативті ойлау, (30%) моторлы координация. Оператордың дайындық деңгейі оған жүктелген өндірістік функцияға сәйкес келмейтіндігі едәуір орын алады (10%). Адам-оператор келесі әрекет түрлерін жүзеге асыруда көптеген қателік жіберетіні анықталды: заттарды көру арқылы қабылдау – 13,7%, сенсомоторлы координация - 46%, кезекті дабылға жауап беру әрекетінің кідіруі - 17%. Жазатайым жағдайлардың 4% астамы моторлы әрекеттің жылдамдығының жеткіліксіздігінен және ортақ қозғалғыштықтың деңгейсіздігінен болады.
Қызықты мәліметтер, жәбірленуші өзі толтырған сауалнаманы сараптамадан өткізгенде алынды. Жәбірленушілердің белгілі бөлігі, жазатайым жағдай болған күні өздерін босаңсыған, алаңғасар және мұқият емес болды деп санаған. Жалпы зақым себептері Н-1 формадағы актқа қарағанда, жәбірленушілердің өздерінен анағұрлым дәл және толық анықталды. Олардың жауаптарында, әдеттегі статистикалық есептер байқалмайтын факторлар көрсетілген.
Өндірістік жарақаттама сараптамасының психофизиологиялық тәсілі, үнемі және уақытша әсер ететін жарақаттаманың физиологиялық, психологиялық және социалды себептерін шығаруға арналған. Тәсіл мақсаты жұмысшылардың жеке және топтық ерекшеліктерінің негізінде, өндіріспен байланысты, жазатайым жағдайлардың сараптамасын және тергеу жүйесін жоғары сатыға көтеру.
Әдістемені тәжірибиелік іске асыру үшін “Жеке тұлғалық факторларды ескере отырып өндірістік жарақатты тергеу және зергттеуге арналған арнайы карта” жасалған. Карта төрт бөлімнен тұрады, олар Н-1 формасы бойынша бір мезгілде жазатайым оқиғаны тергеу, актісімен толтырылады. Бірінші бөлімді еңбекті қоғау инжинері – жәбірленуші, куәгер және басшымен бірлесіп толтырылады. Онда жазатайым оқиғаның орын алған уақыты жарақат алдындағы жұмыс орнының сипаты, оқиғаға себеп болған өндірістік копонент, еңбектің ұйымдастырылуы мен шарттары, жазатайым оқиға алдындағы еңбек қорғау талаптарының бұзылуы, жәбірленуші, куәгер және басшының айтуынша жазатайым оқиғаның орын алу себебі көрстіледі. Екінші бөлімде, жәбірленушінің психологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық мінездемесін қосымша толтыруында физиолог немесе психологпен қатысуымен: жәбірленушінің мінездемесінің ерекшеліктері; жұмысқа деген көңіл-күйі; оның психофизиологиялық ерекшкліктері, тәртіпсіздігі жөнінде жазылады. Үшінші бөлімде жетекшінің басқа ұжым мүшелерінің келісімімен әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынасы (жұмысшының басшымен, жолдастарымен қарым-қатынасы; ұжымның жәбірленушіге көз-қарасы, ұжым қарым-қатысына жалпы бағалау, онда пайда болған түсінішпеушіліктермен оның себебі) белгіленеді.
Төртінші бөлімде жәбірленуші және денсаулық мекемесінің келісімімен құралады, онда жәбірленушінің жарақат алар уақыт алдындағы жұмысқа жарамдылық қабілеті (қайғылы оқиғаға әкелген жұмысшының қажауы ма, егер солай болған жағдайда оның себептері, оның жарақат алар алдындағы денсаулық жағдайы немесе ауруы) белгіленеді.
Карта арқылы алынған мәлімет кодталып және ары қарай қол немесе машина өңделуі үшін К5 форматындағы перфокартаға орналастырылады.
Жұмысшылырдың жеке тұлғалық құндылықтарын ескере отырып жарақат жағдайына тергеу жүргізуі, еңбек қауіпсіздік ережелерін бұзу себептерін қарастыру тәсілдерді, қайғылы оқиғалардың пайда болуының әлеуметтік-психологиялық шарттарын айқындауға және алдын ала кәсіптік іріктеуді дұрыс ұйымдастыруға кәсіпкерлік оқыту және тренинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Жарақат сараптамасының эргономикалық ,статистикалық және психофизиологиялық әдістері көп еңбекті қажет етеді,сондықтан ақпаратты тиімді қолдану , әдеттегі Н-1 акт түріндегілер ,қазіргі заманда есептеуіш техника құралдарын қарастыру керек .Ең аз мерзімде керек хабар алуды автоматтандырылған есеп жүйесі және өңдірістегі жарақат сараптамасын ЭВМ қолданумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет