№7 дәріс тақырыбы



Дата14.12.2021
өлшемі15,08 Kb.
#126641
Байланысты:
Дәріс 7 (1)


№7 дәріс тақырыбы: Балалар фольклоры

Оқу нәтижелері; Қазақ халық ауыз әдебиеті –халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтитын пән. Халық әдебиетінің ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклор тану ғылымының бұрын соңғы зерттеулерінің аясында теориялық- практикалық тұрғыда жан-жақты талдап түсінеді. Қазақ халық ауыз әдебиеті көркемөнердің салаларымен, тарихымен,этнографиясымен, философиясымен, психологиясымен, педагогикасымен т.б салаларымен байланыста екендігін ұғынады.

Жоспары


  1. Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері.

  2. Балалар фольклорының тектері мен түрлері

Халық фольклоры өмірдің сан-саласына жауап берерлік күш қуатқа ие. Ұлттың өткенін шежірелеп беретін көл-көсір мұраларымыздың арқауы - ұлт мұраты. Міне, соның бір арнасы – ұрпақ тәрбиесі. «Отан - от басынан басталады» деген қағиданың дәлелі ғұрыптық фольклордан танылады. Оның нақ бастауы - балалар фольклоры. Абабаларымыздың баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап, ат жалын тартып мініп, өз алдына жеке шаңырақ көтеріп кеткеніне дейін ырым-кәде, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге берудің жолдарын дәстүрге айналдырғаны ең алдымен фольклордан танылады. Балалар фольклорын зерттеуге арналған бірнеше моногрфиялық еңбектер жазылып, ғылыми диссертациялық еңбектер қорғалды. Соларды түйіндеп, негізгі тұжырымдарына сүйенсек балалар фольклорының тектері мен түрлерін былайша жіктеуге болады.

Балалар фольклоры

Өтірік өлеңдер

Әлпештеу фольклоры

Балалар шығармашылығы

Табиғат өлеңдері

Жанрлық түрлері

Сұрамақ

мазақ

санамақ

Арнау өлеңдері

Дәстүрлік түрлері

Тілек өлеңдері

Бесік жыры

(жанр)

Бесікке

бөлеу

Бесікті аластау

өс – өс

тұсау кесер

Балалар өлеңі түрлері

Балалардың ойын өлеңдер

Ойынға шақыру

жаңылтпаш

жұмбақ

қаламақ

сұрамақ

мақтану

Балалар айтысы

Азалау салты өлеңдері

Ертегі

Миф

Аңыз әңгіме

Әпсана

Хикаят

Жұмбақ

Жаңылтпаш

Төрт-түлік өлеңдері

Өтірік өлеңдер

Балалар фольклорына байланысты ең алдымен бесік жырын, бесікке бөлеу, бесікті аластау, өс-өс, тұсау кесу өлеңдерін білу ұлттың ұлығын түсінумен пара-пар мәселе. Бұлар не себептен айтылған, тақырыптың арқауы нені меңзейді дегенді көбіне логикалық тұрғыдан пайымдау қажет. Бүгінгі бала тілінің шұбарлануы, тілінің кеш шығуы, дене бітіміндегі кемістіктердің дәл осы тәлім-тәрбиенің ұмытылуынан емес пе? - дегенді ойланған ләзім. Ананың балаға деген махаббаты ауыз әдебиетіндегі көрінісі ертеден қалыптасқанын санадан шығармауға тиіспіз. Өйткені барлығымыз ұрпақ алдында борыштымыз. Балалар фольклорының өзіндік стильдік өрнегі бар. Оның ең бастысы баланың жас ерекшклігіне қатысты болып келеді. Балалардың шығармашылығы әсіресе, ойын кезеңінде жан-жақты ашылады. Бірін-бірі мазақтау, мақтану, тәжікелесу т.б. былай қойған да, «Соқыр теке», «Ақ серек, көк серек», «Асық ойындары» арасында айтылатын өлең-жыр, тақпақтар тікелей балалардың өз шығармалары болып табылады. Ол өлеңдер де жинақылық, қарапйымдылық, ойнақылық, дыбыстық үйлесімдер (ассонанс, аллитириция) теңеу, эпитет, балау (метафора) түрлері көптеп кездеседі. Олардың осыдан келіп өзіндік атқаратын қызметін тануға болады.



Балалар фольклорының басты ерекшелігі ересектер мен жеткіншектердің арасындағы шығармашылықты танудан көрінеді. Отбасының балаға деген құрметі, ниет-тілегі, наным-сенімі сандаған дәстүрлі өлеңдер тударған. Бұл поэзияның шынайы өкілдері – ерексектер. Бала өседі, ер жетеді. Жас ерекшелігіне қарай оның сана-сезімі, өмір туралы таным-түсінігі де өзгеріп отырады. Жеткіншектердің өз тарапынан шығармалар тудыратын сәті-ойын өлеңдері. Міне осы кезеңдегі балалардың өзін-өзі мазақтауы, түрлі ойындар кезеңдерінде ұйқаспен өлең тудырулары олардың шығармашылық әлемін таныта түседі. Ал, балалар және үлкендерге ауыз әдебиетіндегі ортақ жанрлар: жұмбақ, жаңылтпаш, төтр-түлік, өтірік өлеңдер мен ертегі, аңыз әңгімелер болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет