7 «Ә» сынып оқушыларының 15 сәуір – Ғашықтар күніне арналған ӨЛЕҢдер галереясы махабат диалогы



Дата15.04.2022
өлшемі14,82 Kb.
#139462
Байланысты:
Махаббат хикаясы


7 «Ә» сынып оқушыларының
15 сәуір – Ғашықтар күніне арналған
ӨЛЕҢДЕР ГАЛЕРЕЯСЫ


МАХАБАТ ДИАЛОГЫ
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.
МАХАББАТ ХИКАЯСЫ


Сен менің (Мұқағали Мақатаев)
-Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта мені,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін!


Сен менің жанарыма жас тұндырып (Фариза Оңғарсынова)
-Сен менің жанарыма жас тұндырып,
өзгеге көңіл кілтін аштың күлігі.
Ошаққа отырғызып кетті мені
әне бір ұзын бойлы ақсұр жігіт.


Сен менің (Мұқағали Мақатаев)
-Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе-зынданыңа салып сақта,
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!


Сен қайда жүрсің (Фариза Оңғарсынова)
-Сен қайда жүрсің,
мені осыншама сағындырып,
жүрегімді лаулатып жалын қылып?
Мен сені іздеп жүрмін
шығар-ау деп жарқ етіп түзден бір күн,
мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.


Сен менің (Мұқағали Мақатаев)
-Сен - менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын. .
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!..


Сен туралы (Фариза Оңғарсынова)
-Сен мұңайсаң, сан ойлар қоршап мені,
деп қаламын: “Жүр екен аңсап нені...”
Жалт етіп бір қараған жанарыңнан
жан-күйіңді ұғамын сол сәттегі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет