Сыныбы: 8
|
Күні:
|
Пәні: Алгебра
|
Мұғалімі: Суттибаева Гульзира Джадрасыновна
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Квадраттық функция және оның графигі
|
Сілтеме:
|
1. Күнтізбелік жоспар, 2. Алгебра 8 сынып оқулығы
|
Жалпы мақсаттары:
|
Танымдық: Квадраттық функция және оның графигіне берілген материалды талдау, ережелерді еске түсіру арқылы тақырыптың идеялық мәнін аша білуге, күрделі есептерді оңай тәсілмен шеше алатындай танымдық, логикалық қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасау. Өзара қарым-қатынастарын шынайы дамытуға ықпал ету.
Эмоциялық: оқушылардың зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Әлеуметтік: өзара әрекеттесу арқылы оқушыларды жүйелі сөйлеу білуге, ойларын еркін жеткізе білуге жағдай жасау.
|
Ресурстар:
|
Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.
|
Әдіс – тәсілдер:
|
Тәсілі : жеке, жұппен, топпен
|
Әдісі: АКТ, СТО, диалог
|
Оқу нәтижесі:
|
1. Топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру. Балалармен бірге топ ережесі құрылады. Тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар жекелеме, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.
2. Сыни ойлауы дамып, өз ойларын еркін айтуға үйренеді. Өзара әрекеттесу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі артады
|
Негізгі идеялар:
|
Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады, танымдық қабілеттері дамиды
|
Тапсырма көздері:
|
1. Кеңейтілген тапсырмалар
2. Ізденіс жұмыстары. Жұптық, жеке жұмыстар
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер
|
Мотивациялық кезең:
|
Оқушылардың қабілеттеріне қарай, ерекшелігіне қарай жұптарға бөлу
|
Сабақтың барысы:
|
Мұғалімнің іс - әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Мұғалім оқушылармен амандасады, түгендейді, «Сен қайдасың?» тренингін өткізіп, оқушыларды ашық қарым-қатынасқа ыңғайлау.
Сыныпты топқа бөлу. Топ басшысы сайланады. Бағалау парағы таратылып беріледі.
|
«Сен қайдасың ?» - тренингін жасайды.
Сәлем достым (қол беріп амандасу)
Сен қалайсың? (иықтарын қағады)
Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)
Сен келдің (қолдарын жаяды)
Жақсы болды (қатты құшақтайды)
|
Үй тапсырмасын сұрау (қызығушылығын ояту):
|
1. Оқушылардан үйге берілген тапсырмалар мен есептерді тексеріп, талдау.
|
Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
|
Жаңа сабақ (мағынаны ажырату):
|
Мұғалім бағыт береді
1 топ. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады ?
2 топ. y= (x+1)2-4 және y= x2+2х-3 функцияларының графигін салу жолдарының екі тәсілін салыстырып, Венн диаграммасына толтырыңдар.
3 топ. y= аx2+вх +с функциясының графигін салу алгоритмін қолданып y= x2 - 4х +3 функциясының графигін салыңдар
|
1. 1-топ, 2-топ, 3-топ оқушылары түсіндіреді және өзгелерді тыңдай отырып, өздерін толықтырып отырады;
|
(мұндағы ) квадраттық функцияның графигін алгоритм бойынша салу.
1. Парабола тармақтарының қалай орналасатынын анықтаймыз.
2. m=-b/2a және n=am2+bm+c формулаларын пайдаланып, парабола төбесінің (m;n) координаттарын анықтаймыз.
3. Парабола төбесі арқылы ордината осіне параллель түзу –симметрия осін жүргіземіз (х=т түзуі).
4. Функция графигінің координаталық осьтермен қиылысу нүктелерін тауып, координаталық жазықтықта белгілейміз.
5. Оське қарағанда симметриялы қандай да бір екі нүктені белгілейміз.
6. Белгіленген нүктелер арқылы парабола саламыз.
|
2. Оқулықпен жұмыс
№264, 265
|
Оқулықпен жұмыс
|
3. Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтап, кері байланысқа шығады.
|
3. Оқулықта берілген есептерді жеке, топпен талдап, шығару
|
Сергіту сәті:
|
Сергіту жаттығуларын жасау
|
Ой – толғаныс:
|
«Өз біліміңді сына». Квадраттық функцияның ассоциациасын құру.
Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі.
|
Оқушылар тапсырмаларды орындап, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.
|
Бағалау:
|
1. Ізденіс жұмыстары
2. Ереже
3. Есептер
4. Тест тапсырмалары
|
топтар ақылдасып, басқа топтарды бағалады. Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.
|
Рефлексия
|
Стикер таратып, оқушылар пікірін білдіреді. Екі жұлдыз, бір тілек.
|
Кейінгі тапсырмалар:
Үйге тапсырма:
|
Барлық ережелерді жаттау, оқулықтан есеп беріледі
№ 266
|