№7 мектеп-лицей ЖҰмыстың тақырыбы



бет8/10
Дата08.02.2022
өлшемі72,41 Kb.
#98636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жобалау

Түркі әлемінің бесігі.Қазақ халқының тарихында Алтай тауының алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы түркі жерінде өнер мен мәдениет,сауда орталығына айналған гүлденген қалалар пайда болды. Сонымен қатар, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі- Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.


Ұлы Жібек жолы.Ұлы Жібек жолы – ежелгі өркениеттердің жеткен тамашажетістіктерінің бірі. Оның тарихы беймәлім елдердің аумағындағы шөл мен тауларды алғаш басып өтушілердің ерлігімен қызықты. Осы жолмен тек әртүрлі тауарлар ғана емес, мәдени құндылықтар да өтті.
Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Жетісу өңірі – Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы – Батысқа шығатын қақпаларының бірі болған. Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді өзара байланыстырушы болды. Бүкіл халыққа осы бағытпен білім мен технологиялар, мәдениет пен дін, тауар тарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет