7 Мемлекеттік бюджет



бет4/4
Дата13.03.2023
өлшемі27,11 Kb.
#172169
1   2   3   4
Байланысты:
7 Дәріс

Бюджетаралық реттеу — теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден түратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады.
Бюджеттік алынымдар — заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферттері.
Субвенциялар - төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актілермен және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде алатын ресми транферттері.
Рыноктың қалыптасуы кезеңіндегі бюджеттердің негізгі проблемалары мыналар:
1 Төленбеген төлемдер
2 Жалақы бойынша берешек
3 Заң бойынша тиісті міндетті төлемдсрі жүмылдыруға бейімсіз
салық жүйесінің кемшіліктері.
4 Орталық пен жергілікті жерлердің арасында айқын
өкілеттіктің жоғы
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің қурылымы мына бөлімдерден түрады:
1) кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
- операциялық сальдо;
-таза бюджеттік кредит беру:
-бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кредиттерді өтеу;
3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша
сальдо:
- қаржы активтерін сатып алу;
- мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
- бюджет тапшылығы (профициті);
4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджет тапшылыгы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру— қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету.
Бюджет профицитін пайдалану— қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.
сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
"Қазақстан Решубликасының Бюджет кодексіне" сәйкес республикалық бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер;
2) салықтық емес;
3) негізгі капиталды сатудан түсетін тусімдер;
4) ресми трансферттердің тусімдері;
Бюджеттің шығыстары — бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) жалпы сипаттагы мемлекеттік қызметтер көрсету; .
2)қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
3) сот, қылмыстық-атқару қызметі;
4) білім беру;
5) денсаулық сақтау;
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
7) ауыл, су, орман, балық шаруашылыгы және қоршаган ортны қорғау, жер қатынастары:
8) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы
және қызметі
9) көлік жоне коммуникациялар:
10) экономикалық қызметті
Бюджеттік процесс — бюджетті жоспарлау, өзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет.
Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Республикалык бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған түзетілген республикалық бюджетті және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет