7 Қолданылған әдебиеттер



бет1/11
Дата25.12.2016
өлшемі1,38 Mb.
#5243
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
МАЗМҰНЫ:
ҚАЗАҚ ТІЛІ




Мазмұны

Сыныбы

Беті

4

Түсінік хат

7,9

5-6

5

Оқу бағдарламасы

7,9

6-13

6

КТЖ

7,9

14-22

7

Қолданылған әдебиеттер

7,9

30


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ:




Мазмұны

Сыныбы

Беті




Түсінік хат

7,9

24-25

1

Оқу бағдарламасы

7,9

25-27

2

КТЖ

7,9

28-30

3

Қолданылған әдебиеттер

7,9

30


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

Қазақ тілі

(негізгі және орта деңгей)

оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін

мектептің 5 -9 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2014


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін
«Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(негізгі және орта деңгей) (оқыту қазақ тілді емес)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

2. Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі.


      3. Бағдарлама өзге тілде білім алатын негізгі мектеп оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді.

4. Бағдарламада тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің негізгі деңгейінде қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.


      5. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде негізгі орта мектеп сыныптарында қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды және оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді:

1) 5-7-сыныптардағы Негізгі деңгей - А2.1.2 3 игерімді қамтиды:

қалыптасу қарсаңындағы орташа игерім А2.1 – 5-сынып;

қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А2.1.1 – 6-сынып;

қалыптасқан бастапқы игерім А2.1.2 – 7-сынып;

2) 8-9-сыныптардағы орта деңгей-А2.+ 2 игерімді қамтиды:

қалыптасқан орташа игерім А2.2 – 8-сынып;

қалыптасқан толық игерім А2.+ – 9-сынып.

6. Бағдарлама қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырады.

7. Пәнді оқыту мақсаты – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

8. Пәнді оқыту міндеттері:

1) оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

2) оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

3) қарым-қатынас әдебі нормаларын меңгерту;

4) күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;

5) оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;

6) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;

7) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

9. Бағдарламаның білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекеттік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі, оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды.

10. «Қазақ тілі» пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары төмендегідей пәндермен тығыз байланыста іске асырылады:

1) «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады. Олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;

2) «Орыс тілімен»: қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді. Орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз әдебіне қатысты ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;

3) «Қазақстан тарихымен»: тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады. Сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

4) «Информатика» пәнімен: оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор. Интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту, алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытуға жол ашады;

5) жаратылыстану циклі пәндерімен: қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі оқушылардың сөздік қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.

11. Оқу жүктемесінің көлемі:

1) оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

6-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

7-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

8-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

9-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

2) оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

6-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

7-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

8-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

9-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.

12. Оқу бағдарламасының білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту тіліне байланысты келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 32/18 сағат: «Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз» – 12/8 сағат. Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр, тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.
4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
38. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген.

39. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады: 40. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 56/44 сағат. «Біз, бәріміз, мемлекеттік тілде сөйлейміз» – 14/12 сағат:

1) тілдік бөлім: сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне және олардың тілдеріне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Отбасы мүшелері және олардың қай тілде қалай сөйлейтіні туралы өз ойын айту;

жазылым: отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты 9-10 сөйлемнен тұратын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау мәтіндерін құрап жазу;

тілдесім: диалог-әңгіме. Диалог-пікірталас. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Отбасында сөйленетін тіл туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақстандық отбасындағы сөйлеу тілі туралы мәтіндер.

41. «Кітап – бағалы сыйлық» – 11/9 сағат:

1) тілдік бөлім: біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі. Лепті сөйлем. Тұйық етістіктің септелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы сыйлықтарға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Сыйлық түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтіні бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарына тілек айту;

жазылым: сыйлық түрлері мен олардың ерекшелігіне қатысты мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап қайтара алу. Сыйлық ұсыну туралы достарымен пікір алмасу. Диалог-талқылау. Полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен өз ұлтының сыйлық беру дәстүрі туралы сұхбаттасу.

42. «Жазғы демалыста не істейсің?» – 11/8 сағат:

1) тілдік бөлім: туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер. Тәуелдік жалғау. Етістіктің өткен шағы. Туынды сөздердегі түбір мен қосымшаның үндесімі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы жазғы демалысқа қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырата алу. Жазғы демалысқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен жазғы демалыс әсерлері туралы ой бөлісу;

жазылым: өзінің жазғы демалысын қалай және қайда өткізгені туралы баяндамалық сипаттағы мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Жазда қайда демалуға болатыны туралы достарымен пікір алмасу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен ауыл балаларының жазғы демалысы туралы сұхбаттасу.

43. «Ас – адамның арқауы» – 11/8 сағат:

1) тілдік бөлім: күрделі сөздер. Септеулік шылаулар. Этнолингвистика-лық атаулардың емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы ас пен адам денсаулығының байланысына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Ас ішуге, тамақтану әдебіне қатысты оқыған мәтіндерінің мазмұнын айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тамақтану әдебі туралы ой бөлісу;

жазылым: ас түрі мен ас ішуге байланысты өз ойын баяндап, сипаттап жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша диалог-сұхбат, диалог-пікірталас. Ас ішуге байланысты өз пікірін айту. Тамақтану мен денсаулықтың байланысы туралы достарымен пікір алмасу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалылығы туралы пікірлесу.

44. «Маған спорт киімі керек» – 9/7 сағат:

1) тілдік бөлім: шартты рай. Ашық рай. Рай жұрнақтарының жазылуы. Тұйық етістік. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы киімге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Киім түрлеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту, достарына киім түрлері, киіну әдебі туралы өз ойын айту;

жазылым: өзінің жазғы, қысқы киімдері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Киімге қатысты өз ой-пікірін білдіру. Полилог-пікірталас;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық киімдердің ерекшелігі туралы пікірлесу.

45. Әлеуметтік-мәдени ая – 48/36 сағат. «Мен әуен тыңдаймын» – 13 /11 сағат:

1) тілдік бөлім: кірме сөздер. Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы музыкаға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі музыка жанрлары мен сазгерлерге, қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Музыка жанрлары мен сүйікті сазгерлері туралы айту;

жазылым: өзінің ұнататын музыкасы, топтары, сазгерлері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу. Сұрақтарға жауап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Музыкаға қатысты пікірлесу. Достарымен музыка, сазгерлер туралы ой бөлісу. Полилог;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық музыка жанрларының, сазгерлердің ерекшелігі туралы пікірлесу.

46. «Менің әуес ісім» – 9/7 сағат:

1) тілдік бөлім: термин сөздер. Ырықсыз етіс. Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы әуес іске қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: адамдардың әуес ісіне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен өзінің әуес, сүйікті істері туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің ұнататын айналысатын ісі туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің әуес ісіне қатысты полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен өзінің, достарының әуес істері туралы пікірлесу.

47. «Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары» – 13/9 сағат:

1) тілдік бөлім: тіркесті сөздер. Реттік сан есім. Ортақ етіс. Спорт терминдерінің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Спорт түрлері мен белгілі спортшыларға қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің ұнататын спорт ойындары, спортшылары туралы хабарлау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша спортқа қатысты пікірлесу. Достарымен өзінің ұнататын спортшыларының жеңістері туралы ой бөлісу. Достарымен спорт түрлері мен сүйікті спортшылары туралы сөйлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық спорт түрлері туралы пікірлесу.

48. «Денсаулық – зор байлық» – 13/9 сағат:

1) тілдік бөлім: қос сөздер. Топтау сан есімдер. Демеулік шылаулар. Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы денсаулықты сақтауға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі денсаулыққа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен денсаулықты сақтау туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің денсаулықты сақтауға қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-ойкөкпар;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: денсаулық сақтауға байланысты құрдастарымен сұхбаттасады.

49. Оқу-еңбек аясы – 32/22 сағат. «Интернет. Интернет маған не үшін керек?» – 11/8 сағат:

1) тілдік бөлім: интернационалдық терминдер. Интернационалдық терминдердің орфографиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы интернетке қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Интернетке қатысты терминдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Интернетте жасайтын жұмыстары туралы полилог-ойталқы;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу.

50. «Интернеттен қазақша ақпарат іздеймін?» – 21/14 сағат:

1) тілдік бөлім: қимыл есімдері. Ауыспалы осы шақ. Сан есім түрлері. Тұйық етістіктің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу;

жазылым: өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері білетін тілдері туралы пікірлесу.


6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

61. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.



62. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

63. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 44/22 сағат. «Біз тату тұрамыз» – 22/11 сағат:

1) тілдік бөлім: тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мәні. Кейінгі ықпалды қайталау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: қазақ отбасы туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: қазақ отбасы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту.

Жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу;

тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Қазақ отбасы туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет; 3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тәрбиесі туралы қысқа мәтіндер, өлеңдер.

64. «Қазақ отбасында тұрғым келеді» – 22/11 сағат:

1) тілдік бөлім: этнолингвистикалық атаулар. Көмекші есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: қазақ отбасының ерекшелігі туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;

оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық туралы пікір білдіру;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұсынылған қазақ отбасылары туралы мәтіндерді оқу.

65. Әлеуметтік-мәдени ая –64/32 сағат. «Сурет галлереясына барамыз» –19/11 сағат:

1) тілдік бөлім: қалау рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Суретшілер туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: суретшілер, сурет көрмесі, картиналар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: белгілі бір сурет туралы өз пікірін білдіру. Сурет галлереясындағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Суретші мен суреттер туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: сурет, суретшілер жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ә.Қастеевтің туындылары туралы пікір алмасу.

66. «Мұражайға саяхат» – 20/11 сағат:

1) тілдік бөлім: неологизмдер. Қос сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Мұражай туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: мұражай, мұражайдағы экспонаттар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;

айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы айту. Мұражайдағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мұражай туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде білдіру;

тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Диалогке қатысу; 3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұлттық аспаптар мұражайы туралы әңгімелесу.

67. «Мен ұнататын теле/радио хабар» – 20/10 сағат:

1) тілдік бөлім: өздік етіс. Лепті сөйлемдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Радио, теледидардан естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;

айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Теледидардан көрген бағдарлама туралы жазу;

тілдесім: теледидардан көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген жаңалықтар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелесу.

68. Оқу-еңбек аясы – 28/14 сағат. «Біздің елде орта мектепте білім алу. Қандай емтихандар тапсырамын?» – 18/7 сағат:

1) тілдік бөлім: зат есім. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну, қолдана алу;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;

тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: орыс тілді, қазақ тілді мектептерде оқылатын тілдер туралы әңгімелесу.

69. «Менің арман мектебім» – 15/7 сағат:

1) тілдік бөлім: мақсатты келер шақ. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;

оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;

айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу.

Жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру.

Тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар өз арман мектебі туралы ой алмасады.


Каталог: uploads -> doc -> 12b2
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12b2 -> Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету
12b2 -> Сабақтың тақырыбы: ж ж дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты
12b2 -> Баяндама. Тақырыбы: «Оқушылардың география сабағында қызығушылығын арттыру»
12b2 -> «Ұстазым – ұлағатым, қарттарым қазынам!» (Ертеңгілік) Ересек «Ақкөгершін»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет