7 Қолданылған әдебиеттер


«Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» өлеңдері» (1 сағат)



бет10/11
Дата25.12.2016
өлшемі1,38 Mb.
#5243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры, өнер, білімге деген құштарлығы және оның ақын поэзиясында көрінуі. Өлеңге арқау болған ақын арманы, өмірлік мұраты. Оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы. «Алаш» ұранын ту етуі. Әдебиет теориясы: лирикалық қаһарман. Тіл дамыту: өлеңді жатқа оқу,туған жерге деген сезімді шағын ойтолғау арқылы беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

  • «Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» әңгімесі («Қартқожа» романынан үзінді)» (2 сағат). Ж.Аймауытовтың ХХ ғасыр басындағы көрнекті ақын, жазушы, сыншы екендігі. ХХ ғасыр басындағы қала жастары өмірінің көрінісі. Олардың өнерді жоғары бағалауы. Әмірқандай әншінің прототипі қазақтың атақты әншісі, дарынды тұлға Әміре Қашаубаев екендігін түсіндіру. Балаларды әнді, өнерді құрметтеуге үйрету. Әншінің үнтаспаға жазылған әнін тыңдату. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, талқылауға арналған сұрақтар әзірлеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әміре Қашаубаев туралы;

  • «Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Мағжанның өлеңдеріндегі адами биік қасиеттер. Өлеңдегі ақынның ішкі толқыныстары. Отанға, елге, жерге, отбасына деген махаббаттың орны. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі;

  • «Бейімбет Майлин. «Айт күндері» әңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы. Әңгімедегі айт мерекесінің көріністері. Құрбан айттың өзіндік дәстүрлері. Адамдардың көңіл күй сезімдері және ақ тілектер. Айтқа қатысты тұрақты тілдік оралымдар. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Торайғыров. «Қымыз» өлеңі;

  • «Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана тілінің адамның дүниені танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы. Домбыра өлеңінің мазмұны. Күй құдіретінің поэзия тілінде бейнеленуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: ана тілі, домбыра, күй өнері туралы өзіндік пікірлерін білдіру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі;

  • «Мұхтар Әуезов. «Көксерек» әңгімесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы.«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы. Басты кейіпкер Құрмаш пен Көксеректің достығы. Әңгімедегі адам – табиғат арақатынасы. Жазушының басты мақсатының көрінісі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсініктерін кеңейту. Тіл дамыту: жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, пікір алмасу. Пәнаралық байланыс: кино («Көксерек» кинофильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Жетім» әңгімесі;

  • «Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Автобиографиялық әңгіме» - жазушының өз өмірінен алынып жазылған шығарма екендігі. Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық тағлымының жазушыға өмірлік өнеге болуы. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанрлық ерекшелігі. Әңгіменің баяндау тілінің көркемдігі. Әдебиет теориясы: баллада туралы ұғым. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы телесабағы);

  • «Зейін Шашкин.«Доктор Дарханов» романы (үзінді)» (3 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Доктор Дарханов» романы дәрігерлердің өмірі мен қызметі туралы тұңғыш шығарма екендігі. Дәрігер Дарханов образы. Ұлттар арасындағы достық идеясы. Әдебиет теориясы: роман туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқу, мазмұнын баяндау, образдарға мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Х.Досмұхамедовтің еңбектері;

  • «Жұбан Молдағалиев. «Мен – қазақпын» поэмасы (үзінді)» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы. Поэманың айрықша мән-маңызы. Қазақ елінің отаршылдық кезеңіндегі сыңаржақ түсініктер, ана тілін менсінбеу, өзінің қазақ екенін айтуға қорлану, туған халқын сатып жіберуге икемделген мәңгүрттер туралы. Поэманың халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятуға, өзіне деген сенімін арттыруға, өз-өзіне құрметпен қарауға, отаншылдықты нығайтуға қосқан үлесі. Дастандағы халқымыздың жүріп өткен тарихи бел-белестеріне шолу, бүгінгісін бағамдауы. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Тұманбай Молдағалиев. «Ана тілі» өлеңі;

  • «Шерхан Мұртаза. «Жүз жылдық жара» әңгімесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының шығармашылық жолы туралы қысқаша мағлұмат. Әңгіменің тақырыбы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының ауыр тұрмысын суреттеуі. Байшынардың тарихынан әңгімелер. Мыңбұлақ аулының әсем табиғатын, Бақтияр бағының шипалы шөптерін көркем бейнелеуі. Әңгімедегі Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал, Кенжекүл, Ахмет образдары. Халықтың наным-сенім, ырымдары хақында. Жуанқұлдың тағдыры арқылы жазушының айтпақ ойы. Жазушының экология мәселесін көтеруі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: әңгімені бөлімдерге бөліп, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Мұртаза. «41-жылғы келіншек» әңгімесі (үзінді);

  • «Қадыр Мырзалиев. «Жеті» өлеңі» (1 сағат). Ақын шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. Жеті санының мұсылман халықтары үшін, қазақ үшін қасиетті сан екендігін түсіндіру. Жеті ата, жеті қазына, т.б. туралы мысал келтіру. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Мектеп» өлеңі.

  • Қорытындылау (1 сағат).

    Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


    1. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде шығармаларды оқып, талдауға 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

    2. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

      1. «Кіріспе» (1 сағат). Сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастық. Әдебиеттің көркем шындықты жинақтап көрсетудегі өзіндік ерекшелігі. Қазақ әдебиетінің даму тарихы, кезеңдері.

    3. «Халық ауыз әдебиеті» (7 сағат):

      1. Халық ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары (1 сағат). Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшелігі. Әдебиет теориясы: фольклор туралы түсінік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ фольклористикасының тарихы»;

      2. «Тұрмыс-салт жырлары» (1 сағат). Тұрмыс-салт жырларының халық өмірімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысы және ежелгі дәуірлердегі бабалар дүниетанымы. Фольклор жанрларының тұрмыс-тіршілікпен тікелей байланыстылығы. Тұрмыс-салт жырларының түрлері. Тұрмыс-салт жырларының тәлім-тәрбиелік мәні, жанрлық ерекшеліктері. Төрт түлік мал, наурыз жыры, бесік жыры, жар-жар, беташар, т.б. Әдебиет теориясы: лирикалық және эпикалық жанрлар. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Наурызға байланысты өлең-жырлар;

      3. «Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырынан үзінді» (1 сағат). Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының халық тарихымен байланысы. Қамбар батыр жырының көтерген тақырыбы. Жырдағы Қамбар батыр бейнесі. Оның мінезіндегі адамгершілік, қайырымдылық, ерлік, батырлық қасиеттердің көркем бейнеленуі. Батырдың ата-анасына деген қамқорлығы. Жырдағы батырдың тұлпары Қарақасқа аттың образы. Қамбардың Назым сұлумен танысуы, екеуінің арасындағы сүйіспеншілік. Сыртқы жауға қарсы күрес. Жыр тілінің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: шендестіру, баяндау;

      4. «Лиро-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді» (1 сағат). Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі. Қозының өзіне ақылы мен көркі сай жар іздеп шығуы. Сұлулық, адамгершілік қасиеттердің ерлік және батыр намысымен тұтастықта сипатталуы. «Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жырдағы негізгі кейіпкерлердің портреттері. Тіліндегі көркемдік айшықтар. Жырдың көп вариантты болуының мәні. Әдебиет теориясы: композиция, сюжет, монолог, диалог. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Айман-Шолпан» жыры;

      5. «Айтыс. «Біржан мен Сара» айтысы» (1 сағат). Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың шығу тегі, даму ерекшеліктері. Әлем әдебиеті тарихындағы көріністері. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі айтыс туралы деректер. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың драмалық жанрмен ұқсастығы. «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері. Айтысқа тән дәстүрлері, композициясы. Сюжеттік даму желісі. Біржан-Сара айтысындағы тартыстың шарықтау шегі. Логикалық қисын. Сөзге тоқтау. Көркемдік ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: импровизация. Өзіндік ізденіс жұмыстары: қазіргі айтыс үлгілері.

    4. «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1 сағат):

      1. «Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы» (2 сағат). Жазба ескерткіштердің тарихи оқиғалар мен тұлғаларға арнап, тасқа қашалып жазылған жырлар екендігі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы. Орхон жазуларының мазмұны, композициялық құрылымы. Жанрлық сипаты. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: жырдың композициясы туралы. Тіл дамыту: жырдан үзінді жаттау. Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1991.

    5. «XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» (2 сағат):

      1. «Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп?», «Еділ бол да, Жайық бол» жырлары (1 сағат). Жырау өмір сүрген тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» жырының идеялық мәні. Жерұйықты іздеуінің түпкі мақсаты. Асан қайғы жырларының көркемдік-философиялық ерекшелігі. «Естіні көрсең, кем деме», «Еділ бол да, Жайық бол» жырларындағы адамгершілік мәселелерінің көркем жинақталуы. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы;

      2. «Бұқар жырау. «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» толғаулары» (1 сағат). Бұқар жырау Қалқаманұлы ХV ғасырдан бастау алған жыраулық өнерді биік белеске көтерген жырау, көрнекті қайраткер екендігі. Оның өмірі туралы соңғы деректер. Бұқар шығармаларының көркемдік-эстетикалық мәні. Бұқар жырау жырларындағы замана сипаты, тарихи тұлғалар бейнесі. Оның қазақ поэзиясын тақырыптық жағынан байытуы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрлері. Пәнаралық байланыс: тарих, география, электрондық оқулық (Махамбет туралы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. «Ғасырлар бедері». – Алматы: Жазушы, 1991.

    6. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (6 сағат):

      1. «Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай» (1 сағат). ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. М.Өтемісұлы жырларындағы романтикалық сарын. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Әдебиет теориясы: ерікті ұйқас;

      2. «Нысанбай жырау (1822-1883 жж.). «Кенесары-Наурызбай» жыры» (1 сағат). Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары-Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. Көркемдік ерекшелігі. Жанрлық сипаты. Нысанбай жырау шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет теориясы: тарихи жыр;

      3. «Шоқан Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі» (үзінді)» (1 сағат). Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Уәлиханов. «Қашқария саяхаты»;

      4. «Ыбырай Алтынсарин. «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт» (1 сағат). Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, жақсы міне-құлыққа үйретуге мән беруі. Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық жасауға, төзімді болуға, еңбек етуге тәрбиелеу. Әдебиет теориясы: архаизм, историзм. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин әңгімелері;

      5. «Абай Құнанбайұлы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі (2 сағат). «Ескендір» поэмасы. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай поэзиясы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңіндегі адамгершілік жайындағы философиялық ой толғау. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақынның көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалауы. Өлеңнің түрі мен мазмұнына талап қоюы. Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, ой мен сезім иірімдері. «Ескендір» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Поэмаларындағы шығыстық сарын. Әдебиет теориясы: көп мағыналы сөздер. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Құнанбайұлы туралы зерттеу еңбектер.

    7. «ХХ ғасыр әдебиеті» (10 сағат):

      1. «Жамбыл Жабаев. «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері» (1 сағат). «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Жамбыл жырларының қоғамдық мәні. Басқа тілдерге аударылуы. Әдебиет теориясы: дастан жанры;

      2. «Мағжан Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы»(1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Мағжан нәзік лирик, сыршыл ақын. «Түркістан» лирикасы. Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян бейнелерін даралап сомдауы. Баян батырға тән биік рух, отты сезім. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма жанры. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Күншығыс», «Пайғамбар» өлеңдері;

      3. «Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)» (1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік;

      4. «Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді (І томнан)» (3 сағат). М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман-эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Жазушының әлем әдебиетіне қосқан үлесі. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр.Тіл дамыту: поэмаға сюжеттік жоспар құру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Жетісу суреттері» өлеңі (үзінді);

      5. «Ғабит Мүсірепов. «Боранды түнде» (әңгіме)» (1 сағат). Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды түннің сипаты. Әңгіменің сюжеттік желісі. Әңгімедегі негізгі кейіпкер – Қайсар және оған тән қажырлылық, табандылық, биік адамгершілік қасиеттер. Әңгімедегі салт-дәстүр көріністерін, бала мінезін, іс-әрекетін сипаттаудағы жазушы шеберлігі. Шығарманың реалистік сипаты. Жазушының тіл шеберлігі, жеңіл юмор. Әдебиет теориясы: романтикалық образ. Пәнаралық байланыс: «Ғ.Мүсірепов мұражайы» электронды телесабақ;

      6. «Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді» (2 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдары арасындағы ортақ желі. Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары мен би-шешендері және батырлары) бейнесі. Тарихи романға тән ерекшеліктер. Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Әдебиет теориясы: тарихи роман. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сматаев. «Елім-ай» романы;

      7. «Тәкен Әлімқұлов. «Қараой» әңгімесі» (1 сағат). Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы өнер тақырыбы. Эпикалық туындылары. «Қараой» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі. Махамбет образы. Сюжеттік желісі, композициялық құрылымы. Әңгіменің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Махамбет» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі» романы;

      8. «Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы» (2 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»);

    8. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» (2 сағат). Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар.

    9. Қорытынды сабақ (1 сағат).

    10. Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде шығармаларды оқып, талдауға 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

    11. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

    1) «Кіріспе» (1 сағат). Әдебиет және қоғамдық сана. Сөз өнерінің көркем шындықты бейнелеудегі ерекшелігі. Қазақ әдебиетінің даму тарихы мен кезеңдері. Көне бастаулары.

    1. «Ежелгі дәуір әдебиеті. «Күлтегін жыры» (1 сағат). Ежелгі дәуір әдебиеті туралы жалпы түсінік. Түркі халықтарына ортақ құндылықтар. Орхон жазуларының тарихи негіздері, зерттелуі, тақырыбы, мазмұны, композициялық құрылымы. Батырлар жырларына ұқсастығы. Жанрлық сипаты. Түркі тайпаларының өмірі. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: тақырып пен идея, композиция. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: «Ана тілі», 1991.

    2. «Жыраулар поэзиясы» (2 сағат). Жыраулар поэзиясының ерекшелігі. Олардың ел қорғау, ел басқару және ел бірлігін сақтау мәселелерін толғауы. Жыраулық өнер, жырау тұлғасы. Жыраулар поэзиясының жанрлық сипаты, құрылымдық ерекшелігі. Ұйқас, ырғақ мәселесі. Доспамбет, Қазтуған, Шалгез, Ақтанберді, Бұқар және т.б. туралы. Әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанрлар. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы.

    3. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (7 сағат):

      1. «Шоқан Уәлиханов.«Ыстықкөл күнделігі» (үзінді)» (2 сағат). Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ғалымның еңбектері туралы. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. Әдебиет теориясы: эссе, күнделік;

      2. «Ыбырай Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі» (2 сағат). Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің тақырыбы мен идеялық мазмұны, отырықшылық өмірге шақыру идеясы. Көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанрының ерекшелігі;

      3. «Абай Құнанбайұлы. «Ескендір» поэмасы» (3 сағат). Абайдың әдеби мұралары туралы. Абай шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері. Поэманың сюжеттік-композициялық құрылымы, жанрлық ерекшелігі. «Ескендір» поэмасының адамгершілік, рухани мәні. Әдебиет теориясы: поэма туралы.

    4. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (16 сағат):

      1. «Жамбыл Жабаев. Құлмамбетпен айтысы» (1 сағат). Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Айтыстың жанрлық ерекшелігі. Айтысқа тән тапқырлық. Жамбыл – суырыпсалма (импровизатор) ақын. Құлмамбетпен айтысының ерекшелігі, ақынның халық поэзиясына тән сөз қолданыстары, тіл өрнектері. Әдебиет теориясы: айтыс туралы;

      2. «Мағжан Жұмабаев. «Батыр Баян» дастаны (үзінді)» (2 сағат). М.Жұмабаевтың лирикалық шығармалары. «Батыр Баян» дастанының сюжеті, орыс әдебиетінің романтикалық шығармаларымен идеялық үндестігі. Поэмадағы Абылай хан, Баян батыр бейнелері. Метафоралық қолданыстары. Әдебиет теориясы: лирика жанры;

      3. «Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. Поэманың композициялық құрылымы. Қобызшы портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген ақынның көзқарасы. Әдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік;

      4. «Сәбит Мұқанов. «Аққан жұлдыз» романы (үзінді)» (2 сағат). С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы (ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі). «Аққан жұлдыз» романының жанрлық сипаты, сюжеті мен композициясы. Шоқан, Айғаным мен Шыңғыс бейнелері. Жазушының сөз саптау ерекшелігі. Әдебиет теориясы: роман туралы;

      5. «Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы (үзінді)» (3 сағат). М.Әуезовтің қазақ әдебиеті мен дүниежүзі әдебиетіндегі орны. М.Әуезов – жазушы, драматург, ғалым. «Абай жолы» роман-эпопеясының тақырыбы, идеялық мазмұны, сюжеттік құрылымы. Қаламгер қаламынан туған пейзаж бен портрет. Абай, Құнанбай бейнелерінің көркем жинақталуы. Шығарма тілінің көркемдік ерекшеліктері. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. Әдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр;

      6. «Қасым Аманжолов. «Өзім туралы» өлеңі» (1 сағат). Қ.Аманжоловтың шығармашылығы туралы. «Өзім туралы» өлеңінің идеялық мазмұны. Ақынның суреткерлік шеберлігі. Лирикалық шығармадағы ақындық «мен» мәселесі. Әдебиет теориясы: ырғақ, екпін туралы;

      7. «Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясы (үзінді)» (3 сағат). І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. «Көшпенділер» трилогиясы «Жанталас», «Алмас қылыш», «Қаһар» деген үш кітаптан тұратындығы. «Қаһар» романының сюжеті мен композициясы. Тарихи танымдық мәні. Шығарманың негізгі тақырыптары. Шығармадағы тарихи тұлғалар бейнелері (қазақтың хандары, билері мен батырлары). Әдебиет теориясы: тарихи роман туралы;

      8. «Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы» (2 сағат). М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Мұқағалидың қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. Шығарманың тарихи негізі. Оның тарихи поэма екендігі. Поэманың сюжеті мен композициясы. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім. Көркемдігі. Әдебиет теориясы: стиль. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»).

    5. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» (2 сағат). Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да тұрақтап, қалыптасуы. Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. Әдебиет теориясы: әдеби ағымдар.

    6. Қорытындылау (1 сағат).

    36. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде шығармаларды оқып, талдауға 30 сағат,

    шығармашылық жұмыстарға 4 сағат,

    сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.
    . 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

    57. Пәндік нәтижелер бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:

    1) ежелгі дәуір әдебиеті, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэиясы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті, қазіргі кезең әдебиетінің үлгілерін, шетел әдебиетінің жекелеген үздік туындыларын мұғалім басшылығымен зерделеп меңгеруі;

    2) өз бетімен оқыған туындының негізгі, тақырыптық, идеялық мазмұнын, жанрлық сипатын біліп, саралай алуы;

    3) шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, олардың іс-әрекеттерін бағалай алуы;

    4) көркем туындыдағы әсем сөз қолданыстарын есте сақтап, сөздік қорына қосып, сөйлеу барысында қолдана білуі; мәтінге сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін түзе білуі;

    5) бірнеше туындылардың кейіпкерлерін салыстырып, жинақтап, даралап баға бере алуы;

    6) мұғалім ұсынған жағдаятты сұрақтар төңірегінде ауызша, жазбаша пікір алмасу дағдыларын жетілдіруі;

    7) ұсынылған тақырыпқа күрделі жоспармен шығарма жаза алуы;

    8) әдеби сын мақалаларға конспект құра білуі, тақырыпқа лайық реферат жаза білуі;

    9) бағдарламаға сәйкес 12-13 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 8-9 прозалық туындылардан үзінділерді жатқа айта білуі тиіс.

    58. Тұлғалық нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушыларының:

    1) Қазақстан Республикасы Конституциясын осы елдің азамат ретінде құрметтеуінен;

    2) көркем шығармашылықпен жете таныс тәрбиелі азамат ретінде өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;

    3) қазақ әдебиетін оқу нәтижесінде өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

    4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны сақтауда белсенділік танытуынан;

    5) тіл мен әдебиетті меңгергендігін қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

    6) өздігінен білімін арттыруға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз шығармашылық еңбекке қабілеттілігінен;

    7) рухани жетілген тұлға ретінде үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;

    8) әдебиет пен тілді жете меңгергендігін мазмұны жат діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табуы тиіс.

    59. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:

    1) қазақ әдебиетінен алған білімдерін шығармашылық жұмыстарына пайдалана алуы;

    2) қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде қолдана білуі;

    3) әдеби шығармашылық сипатта жазба жұмыстарын (эссе, ойтолғау, репортаж, т.б.) орындай алуы;

    4) өз бетінше сыныптан тыс оқыған әдебиеттерді, БАҚ мәліметтерін, жаңа технологияларды;

    5) әдебиеттану терминдері мен фразеологиялық сөздіктерді, энциклопедияларды;



    6) компьютермен, техникалық құралдармен жұмыс істеп, интернеттен қажетті дүниелерді күнделікті өмірде қолдана білуі тиіс.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет