Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара»



бет1/2
Дата18.03.2017
өлшемі185,92 Kb.
#11837
түріСабақ
  1   2
Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімесі


Пән: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ (L1)

Мектеп: Көкшетау ФМБ. НЗМ.

Күні: ____/02/2013

Мұғалім: Закерия Хайрат

Сынып: 7 Сабақ саны: 2

Оқушылар саны: 22

Келмегендер: ___

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

Бейнекөріністен алған әсері бойынша дәлелдеп, сын - пікір жазады.

Белгілі бір көзқарасты анықтауда мәтіндердегі баяндалған мәліметтерді,

жалпы түрде берілген аргументтер тізбегін анықтап оқиды.

Сұрақтарға жауап беруге дағдыланады.



Сабақ мақсаты:

Мәтінді оқу арқылы білім, түсініктерін қалыптастырып, мазмұнына анализ, синтез жасап, айтылған ойға өз көзқарасын білдіріп, қорытындылап, баға бере алуы;

Тілдік мақсаттар:

Қажет мәліметтерді табу үшін әр түрлі ресурстардан оқып сараптама жасайды (кітаптар, сөздіктер, газеттер, постерлер, ғаламтор, ақпарат құралдары)

Күтілетін нәтижесі:

Оқушы Блум таксономиясы арқылы кез келген тапсырманың мәселесін анықтап, оның шешу жолдарын табуға дағдылана алуы;


Алдыңғы тақырып

«Үйсіз-күйсіздер әлемі» ой қорыту.

Жоспар:

Жоспарлан ған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сыныптан үш оқушыны бағалау үшін нысанаға аламын. 1 оқушы /Ербол/ – өте жақсы оқиды; 2-оқушы /Мадина/ – жақсы оқиды; 3-оқушы /Ділдар/ – орташа оқиды.

ә) Алдағы атқарылатын сабақ барысымен таныстырамын.






30 мин



Негізгі кезең:

Тапсырма: Блум таксономиясы бойынша 6 кезеңнен тұратын тапсырма беріледі. Оқушылар берілген тапсырманы білім, түсінік, қолдану, анализ, синтез, бағалау кезеңдері бойынша тапсырма әзірлеп қорғауы керек.

Тапсырма барысы:

  1. Шерхан Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесінен үзінді оқиды;

  2. Блум таксономиясының 6 кезеңі бойынша сұрақтарға жауап әзірлейді;

  3. Жауап үлгісі оқушының таңдауы бойынша болады. (дәптерге жазбаша, А3 форматына сызба, сурет үлгісінде, презентация, т.б.)

  4. Соңында осы тақырып бойынша эссе жазу;

Тапсырма: Блум таксономиясы бойынша оқушылар жауап беретін сұрақтар.

Білім: 1. Жара дегеніміз не? 2.

Түсінік: 1. Оқиға не туралы? 2. Бақ, саябақдегеніміз не?

Қолдану: Ауыл адамдарының әрекеттері неге ұқсайды?

Анализ: «Бақтияр бағы» мен қазіргі еліміздегі табиғатты салыстыр.

Синтез: 1. Шығарма мазмұнына жоспар құр. 2. Шығармадағы көтерілген мәселелерді маңыздысынан төмен қарай жаз.

Бағалау: 1. Кейіпкерлерге мінездеме бер, іс-әрекеттерін талда және баға бер. 2. Жүз жылдық жараға айналған не нәрсе?

Оқушы жұмысын бағалауға арналған критерийлер мен дескрипторлар:

Критериилер


Дескрипторлар

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Білім, түсінік, қолдану.

Тақырып бойынша нақты мәліметке жауап бере алмаса;

Оқығанын түсініп, бірақ абстрактілі ұғымдарды мысалмен дәлелдей алмаса;

Нақты мәліметтерді атап, оқығанын түсініп, ұғымдарды нақты мысалдарға айналдыра алса;

Анализ және синтез

Оқушы өз тәжірибесімен салыстыра алмаса;

Өз тәжірибесімен салыстырып, бірақ идеяны, мәліметтерді жинақтай алмаса;

Өз тәжірибесімен салыстырып, идеяны, мәліметтерді жинақтай алса;


Коммуникация

Шығарма идеясын түсіне алмаса, кейіпкерлерді, іс-әрекеттерді, нәтижені салыстыра алмаса;

Шығарма идеясын түсініп, кейіпкерлерді анықтап, іс-әрекеттері мен нәтижесін салыстырып бере алмаса;

Шығарма идеясын түсініп, кейіпкерлерді анықтап, іс-әрекеттері мен нәтижесін еркін салыстырып бере алса;


Бағалау шкаласы: 9 - 8 ұпай – «5» 88% – 100%

7 – 6 ұпай – «4» 87% - 67 %

5 – 3 ұпай – «3» 66% - 33%

2 ұпайдан төмен – 2 32% - 0%

Сыныптан Ербол, Мәдина, Ділдар үшеуі ғана жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Қалған жұмыстарды жинап аламын, критерийлер бойынша бағалаймын.




3 мин

2 мин



Сабақтан алған әсерлерің мен пайдасы туралы стикерге жазып, тақтаға қалдырыңдар. (Кері байланыс)
Үйге осы тақырып бойынша эссе жазыңдар;



Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсету. Қабілетті оқушыларды анықтау үлгісі

Оқушылардың жұмыс нәтижесін бағалау үлгісі.

1. Пәнаралық байланысқа сілтеме

2. Денсаулық және қауіпсіздік

3. АКТ сілтемелері

4. Құндылықтар сілтемесі

Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау. Кей жұптар табиғатты қорғау туралы өзгелерден азырақ мәлімет алулары мүмкін. .

Оқушылардың жұмысын арнайы құрастырылған критерийлер мен дескрипторлар арқылы бағалаймын. (жоспарда көрсетілген)

1. Тіл, тарих, экология, қоғамтану

пәндерімен тығыз байланысты.

2. Сыныпты 3 топқа бөлемін.

3. АКТ дағдыларына кейбір оқушылардың өз қалаулары бойынша тапсырманы презентация түрінде орындаулары жатады.

4. Топпен жұмыс істеу дағдылары.

(бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)



Қорытынды бағалау: Мен бүгінгі сабақта оқу нәтижелері 3 түрлі оқушыларды нысанаға алып, жұмыс нәтижесін бағаладым.

Бағалау нәтижесінде Ербол – 5, Мәдина – 4, Ділдар – 3 әрі ынталандыру сыйлығына ие болды.


Ең жақсы өткен екі дүние. (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: 7-сыныпқа бұрын қолданып көрмеген Блум таксономиясымен жұмысты тәуекел етіп, оқытуға енгізгенім;


2: Кейбір оқушылардың «анализ» кезеңіндегі түрлі көзқарастары мен салыстырулары өте қызықты өтті.
Сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізетін бір-екі дүние. (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Оқушыларға жазушының идеясына байланысты «киіз үй» макеті сынды қосымша мәліметтерді тірек сөз ретінде берсем, әңгіме идеясын жан-жақты ашып беруіне септігі тиер ме еді?!


Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болатын екі ақпаратты білдім.

1: Білім дәрежесі 3 түрлі 3 оқушыны бақылауға алу арқылы олардың нені білетінін, нені білмейтінін анықтап, алдағы сабақта олардың нәтижесінің алға басуы үшін қосымша әдіс-тәсілдер ізденемін.


2: Осындай жекелеген оқушыларға арналған бақылауды келесі сабақта қосымша жақсарту тәсілдерін пайдалана отырып, нәтижесіне тағы да сараптама жасаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет